Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күнделікті сабақ жоспары топтамасы. Ахмет Байтұрсынов Өгіз бен бақа

10 қыркүйек 2016, Сенбі
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып.
Тақырыптар:
26. А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа»
27. М. Өтемісұлы Соғыс
28. М. Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлең тілі туралы мәлімет.
29. Ы. Алтынсарин «Өзен»
30. Ы. Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» атты әңгімесі


№6 Сабақ үлгісі:
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы: 7 желтоқсан
4. Тоқсан: ІІ
5. Мұғалім: Р. Қалматаева
Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынов
«Өгіз бен бақа»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға «Өгіз бен бақа» атты мысал өлеңі туралы түсінік беру.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушыларды ұстаз ұлағатымен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, ақын портреті
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. А. Байтұрсынов өмірі туралы мәлімет жинау, мазмұндау.
2. «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысал өлеңдерін салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы айту.

ІІІ. Білім тексеру:
Сұрақ жауап
1. Мысал өлеңдер деген не?
2. Мысал өлеңдердің басқа өлеңдерден қандай айырмашылығы бар?
3. Қандай мысал өлеңдерді білесіңдер?

ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Суретпен жұмыс:
Өгіз бен бақаның суретін көрсету.
• Суретке қарап өгіз бен бақаға сипаттама беру.
• Мысалды мәнерлеп оқу.
• Мысалдың композициялық құрылымына талдау жасау.
1. Өгіздің шөлдеп келіп, су ішуі.
2. Көрсеқызар бақа.
3. Бақаның қарнын керуі.
4. Бақаның жарылып өлуі.
5. Әлін білмеген әлек.

VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
• Бұл мысалдағы кейіпкерлер кімдер?
• Мысалдағы негізгі ойды беру үшін ақын қандай әдіс – тәсілдерді пайдаланған? Мысалдан үзінді ала отырып дәлелдеу.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
• Мысалдың тұспалдап айту, астарлап білдіру арқылы адам мінездеріне меңзейтінін дәлелдеңдер.
• Көрсеқызырлық, мақтаншақтық, әлі келмейтінін істеуге ұрыну жағымсыз мінездерді талқылау.

VІІІ. Сабақты қорыту:
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасын беру.
1. А. Байтұрсыновтың «Өгіз бен бақа»мысал өлеңін мазмұндау. Қалаған жерін жаттау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
3 214
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлының өмірімен, шығармашылығымен танысады. Мысалдардың мазмұнымен танысады, талдау жасайды, тәрбиелік мәнін анықтайды.
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Күнделікті сабақ жоспары Қ. Аманжолов «Дауыл»
Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай жасау, «Дауыл» өлеңі жайлы түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 6. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып 7. Сөз бен мағына 8. Сөз мағыналарының сипаты 9. Сөз мағынасының өзгеруі 10. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Ахмет Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа» мысалы
Ахмет Байтұрсынұлының «Өгіз бен бақа» мысалы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Абай қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлегенова Алтын Хадимқызы
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Трусбаева Енлик Сакеновна
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Ахмет Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары»
Құбиева Нұргүл Паңгерейқызы Атырау қаласы, №35 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×