Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам ата (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)

10 қыркүйек 2016, Сенбі
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып.
Тақырыптар:
21. Адам ата
22. Сымайыл, Зәмзәм
23. Әдеби ертегілер
24. Әдеби ертегілер. Ә Тәжібаев «Толағай». Толағайдың ерекше сипаты, ерен ерлігі.
25. Мысал. А. Байтұрсынов «Егіннің бастары»


№5 Сабақ үлгісі:
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы: 28 қараша
4. Тоқсан: ІІ
5. Мұғалім: Р. Қалматаева
Сабақтың тақырыбы: Адам ата
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға адам ата туралы мәлімет беру,
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ұлтжандылыққа баулу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пікірлесу, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Қасиетті Құран Кәрім жайында оқу, мазмұндау.

ІІІ. Білім тексеру:
Сұрақ жауап
1. Құран Кәрім жайында не білесіңдер?
2. Құранда неше сүре бар?
3. Құран Кәрім адамды қандай болуға тәрбиелейді?

ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Алла тағала күллі әлемді бір күнде жаратты. Адам баласы мен жан - жануарлар және бүкіл тіршілік өмір сүруі үшін бар қажетті нәрселерді пайда қылды.
Оннан әрі Алла тағала байтақ Жерді мекен тұтуға Адам атаны және оның ұрпақтарын жаратуды ойлады.
Алла тағала балшықтан Адам атаны – Сапиолланы жасады. Оған Алла тағала өзінің демінен дем үрледі, яғни жан берді. Сонымен ол тіршілік тынысына ие кәдімгі адам болды.
Адам атаға жүгіну жайлы Алла тағала періштелерге әмір берді. Олар Алланың әмірі бойынша іззетпен келіп, Адам атаға бас иді. Бірақ ібіліс Алланың әміріне бағынбады. Адам атаға бас иуден бас тартты. Бұл қылық Аллаға шек келтіру еді.
Алла тағала ібілістің азғыруына орай, оған жаза берді.
- Бұл арадан қараңды батыр, - деді. – Сендей қуаландыға қарғыс, нәлет қамыты қиямет – қайымға дейін сенен алынбасын!
Ібіліс Алладан кеңшілік тілеп: «Адамзатқа қиямет – қайым болғанша тірі жүрсем» деп Аллаға жалбарынды.
- Сол күнге жетуіңе кеңшілік еттім,- деді оған Алла тағала.
Алла тағала Адам атамен Хауа ана жұмақтағы жемістерді қалағанынша үзуге жеуге рұқсат етті. Десе де оның ішіндегі бір ағашқа жуымау жөнінде тыйым салды.
Ібіліс Адам атамен Хауа ананы әлгі ағаштың жемісін жеуге азғырда. Адам атамен Хауа ана ібілістің сөздеріне сеніп, тыйым салынған ағаштың алмасынан үзіп жеді.
Адам атамен Хауа ана Алланың әміріне қиғаштық істегендіктен, жұмақта тұрудан шектелініп, пәни дүниеге жөнелтіліп, жерді мекен тұтатын болды. Кім Алла меңзеген дұрыс жолмен жүрсе, Алланың әміріне құлақ асса, сол адам сайтанның азғыруынан қорықпайтындығын, кім Алланың әмірін қабыл алмай дұрыс жолдан тайса, сол тұрмыста таршылық тартып, теріс жолға түсетіндігін айтты.

VІ. Түсінік тексеру:
Сөздік жұмысы:
Алла – Ислам діні ұғымында күллі әлемді жаратушы.
Уаһи – хабар( Тек Жәбірейіл періште арқылы Мұхаммедке аян беріп, құлағына сыбырлап айтуы нәтижесінде ғана түсірілді).
Сахаба – пайғамбарымыздың әрдайым қасында жүріп, уағыздары мен соғыс жорықтарына қатысып, ислам дініне үлес қосқан серіктері.
Хафиз – құранды жаттап, үнемі есінде сақтаған адам.
Қари – құрашды жаттап, оны жеті түрлі қырағатқа салып оқушы адам.
Ғайып – көзбен крмесек те жүрекпен, иманмен сезінетін әлем, яғни ғайып әлемі. бұл жерде: періштелерге Алла тағала Адам атаны жаратпай тұрғанда, ол ғайп болып саналатын еді.
Сапиолла – Адам атаның шын аты.
Уасуаса – азғыру.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
• Адам атаны жаратудағы Алланың ойы қандай?
• Періштелер неге уайымдады?
• Адамда Алла қалай жаратты, оның тұңғыш есімі кім?
• Адам ата мен Хауа ананы кім азғырды?
• Алланың ібліске берген жазасын айт.

VІІІ. Сабақты қорыту:
1. Бағалау
2. Үй тапсырмасын беру.
1. Адам ата туралы түсінік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
3 025
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Сөз және мағына атты тарауды қайталау (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 26. «Сөз және мағына» атты тарауды қайталау 27. Жазбаша жұмыс 28. Сөздік қор туралы түсінік 29. Сөздік қордың өзіндік ерекшелігі 30. Қазақ тілінің сөздік құрамы
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 5 сынып. Тақырыптар: 6. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып 7. Сөз бен мағына 8. Сөз мағыналарының сипаты 9. Сөз мағынасының өзгеруі 10. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Күнделікті сабақ жоспарлары. Ана тілінің қызметі
Күнделікті сабақ жоспарлары. Ана тілінің қызметі
Қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспарлар (5 сынып) Тақырыптар: 1. Ана тілінің қызметі 2. Әдеби тіл туралы түсінік. 3. Әдеби тілдің ерекшеліктері. 4. Мәтін 5. Мәтіннің тақырыбы, құрылымы.
Күнделікті сабақ жоспары топтамасы. Ахмет Байтұрсынов Өгіз бен бақа
Күнделікті сабақ жоспары топтамасы. Ахмет Байтұрсынов Өгіз бен бақа
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып. Тақырыптар: 26. А. Байтұрсынов «Өгіз бен бақа» 27. М. Өтемісұлы Соғыс 28. М. Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлең тілі туралы мәлімет. 29. Ы. Алтынсарин «Өзен» 30. Ы. Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» атты
Қырық өтірік ертегісі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Қырық өтірік ертегісі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Күнделікті сабақ жоспары, әдебиет 5 сынып. Тақырыптар: 11. «Қырық өтірік» ертегісі 12. Аңыз – әңгімелер, Асан Қайғы 13. Ақсақ құлан, Жошы хан 14. Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу 15. Жиреншенің хан сынағына түскені
Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі
Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ – нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Борина Аккенже
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×