Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз тіркесі туралы түсінік (күнделікті сабақ жоспары)

22 қыркүйек 2016, Бейсенбі
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық күнтізбелік жоспар, 7 сынып
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ тілі 7 сынып.
Тақырыптар:
71. Сөз тіркесі туралы түсінік
72. Сөз тіркесі және күрделі сөздер мен тұрақты тіркестер
73. Сөз тіркесінің түрлері
74. Қабысу
75. Меңгеру


Қазақ тілі 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі туралы түсінік
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік беру, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, оқушы білімін есепке алу.
2. Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы әдебиетке деген қызығушылығын дамыту, ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, тіл байлығын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке. ізеттілікке, әдептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу, ұлттық салт - дәстүрді қадірлеуге баулу, өз елін, тілін сүюді үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, СТО стратегиялары,
Сабақтың көрнекілігі: кубик, қима қағаз, перфокарта, сызба таблицалары, көркем әдебиет.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Сөйлемде кем дегенде екі толық мағыналы мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса байланысқан сөздер тізбегін сөз тіркесі дейміз.
Сөз тіркесінің айрықша белгілері

Сөйлем ішінде танылады, өйткені сөздердің байланысы сөйлем ішінде анықталады.
Кем дегенде толық мағыналы екі сөзден тұрады.
Сөз тіркесін құрайтын сөздер бір - бірімен белгілі грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына байланысады.
Сөз тіркесі белгілі синтаксистік қатынасты білдіреді.

Жаттығумен жұмыс: 224 - жаттығу. Сөздердің байланысын тауып, басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге сұрақ қойыңдар.
Бағыныңқы сөз ----------------------------------- Басыңқы сөз
1. Асқардың ----------------- кімнің? ----------- тірі қалғанын
2. Тірі қалғанына ----------- неге? ------------- қуанған
3. Қуанған -------------------- қай? --------------- Ботагөз
4. Баланың ------------------- кімнің? ----------- атын
5. Атын ------------------------- нені? ------------- Амантай қойды

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Сөз тіркесі дегеніміз не?
2. Сөз тіркесінің тіркесті сөзден айырмашылығы қандай?
3. Есімді сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?
4. Етістікті сөз тіркесіне қандай сөз тіркестері жатады?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: 226 жаттығу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын жүктеу
4 956
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік жоспар 2 - сынып қазақ тілі Модуль «Қыс»
Күнтізбелік жоспар 2 - сынып қазақ тілі Модуль «Қыс»
▪ Сөз тіркесі, сөйлем құру. Қыс - зима Қар - снег Аяз - мороз Жел - ветер
Синтаксис Сөз тіркесі
Синтаксис Сөз тіркесі
Толық мағыналы кемінде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атаймыз.
Төл сөздің тыныс белгілері
Төл сөздің тыныс белгілері
Жазуда төл сөз автор сөзінен арнаулы белгілер арқылы бөлінеді. Төл сөздің тыныс белгілері автор сөзі мен төл сөздің орын тәртібіне және төл сөзді сөйлемнің хабарлы, сұраулы және лепті болуына қарай әр түрлі қойылады.
Сөз тіркесі туралы түсінік
Сөз тіркесі туралы түсінік
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, «Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Кутпаева Раушан Рамазановна
Сөз тіркесі
Сөз тіркесі
Байқоңыр қаласы № 14 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі Балжанова Салтанат Ерназаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×