Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мысалдар (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)

15 қыркүйек 2016, Бейсенбі
Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 7 сынып
Тақырыптар:
16 - сабақ. Мысалдар
17 - сабақ. Шығарма
18 - сабақ. Тоқсандық қайталау
19 - сабақ. С. Торайғыров (1893 - 1920)
20 - сабақ. С. Торайғыров «Бір адамға»


Күні:
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Мысалдар
Сабақтың мақсаты:
а) Мысал өлеңдердің адамға сабақ болатын тағлымдық шығарма екенін түсіндіру;
ә) оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып, шешендік өнерге баулу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау т. б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, суреттер т. б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Мысалда аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер, іс - әрекеті мінезі арқылы адам бойындағы мінді кемшілікті тұспалдап, әжуа - күлкі етеді. Мысалдар өлеңмен де, қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағлымдық шығарманы мысал дейді. Мысалдар еңбексүйгіштік, әділдік, адалдық, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды, жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады.
Мысалдарда жануарлар мен жәндіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды. Бұлай көрсетуді аллегория дейді.
Қазақ әдебиетінде мысал жанры ұлы Абайдан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы, Сәбит Дөнентаев секілді ақындар Абай дәстүрін ілгері оздырды. Бұлар орыстың ұлы мысалшысы И. А. Крыловтың туындыларына қазақтың шапанын жауып, қалпағын кигізді. Сондықтан Абай мен Ахмет мысалдары аудармадан гөрі қазақтың өз топырағында жаратылған шығарма кейпінде көрінеді.

Кітаппен жұмыс: А. Байтұрсынов және Абай Құнанбайұлының мысал өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Мысал дегеніміз не?
2. Кімдердің мысал өлеңдерін білесіңдер?
Білімді бағалау:
Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Мысал өлеңдер оқып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
4 729
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (күнделікті сабақ жоспары)
Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары тағлымдық шығарма екенін түсіндіру; оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып, шешендік өнерге баулу
Бұйрықты сөйлем (күнделікті сабақ жоспары)
Бұйрықты сөйлем (күнделікті сабақ жоспары)
Біреуге бұйыру не бірдеңені талап ету мақсатымен айтылатын сөйлемдерді бұйрықты сөйлем дейміз. Бұйрықты сөйлемдер бұйыруды, іске қосуды, кеңес беруді, жалынуды, тілек - өтінішті білдіреді.
ХІХ ғасыр әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
ХІХ ғасыр әдебиеті (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақ әдебиетінің аса бір сүбелі кезеңі ХІХ ғасыр – ХХ ғасыр бас екені анық. Бұл қазақ елінің бостандыққа ұмтылған, өзін - өзі іздеген, өткен күндерін аңсай еске алып, бүгінінен түңіліп, бірақ болашағына үмітпен қараған шағы еді.
А. Пушкин «Ескерткіш» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
А. Пушкин «Ескерткіш» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Әлем әдебиеті туралы түсінік беру, А. Пушкиннің шығармаларын қазақ тілінде сөйлеткен ақын - жазушыларымыз туралы мағлұмат беру;
Тоқсандық қайталау (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Тоқсандық қайталау (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Оқушылардың әдебиет пәнінен алған білімдерін тиянақтау; Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×