Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дарындылар додасы

07 желтоқсан 2016, Сәрсенбі
Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: Дарындылар додасы
Өткізілетін орны: АКТ залы
Мақсаты: Оқушылардың Қазақстандағы тіл саясаты туралы түсініктерін тереңдету, қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша функционалдық сауаттылығын тексеру, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, интеллектуалдық қабілетін дамыту.
Міндеттері: қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын ояту, Қазақстан жерінде тұратын халықтардың салт - дәстүрлері туралы айту, тілге құрмет көрсетуге, оны ықыласпен үйренуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, презентация «Халықтар достығы», киімдер, интерактивті құрылғылар;
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Оқыту формасы: топтық
Оқыту технологиясы: сын тұрғысынан ойлау
Әдіс - тәсілдері: постер қорғау, проблемалық ізденіс, ойын

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
Оқушыларды топтастыру. Сайыс шарттарымен таныстыру.
2. Негізгі бөлім.

Жүргізуші:
Қайырлы күн, бүгінгі мерекенің қадірлі қонақтары! Тәуелсіздігіміз бен бірлігімізді сақтап келе жатқан - ұлтаралық келісім мен рух беретін қасиетті тіліміз.
Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс - тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, келешек ұрпаққа жеткізу - әрбір қазақстандықтың парызы.
Все мы родились в этой прекрасной земле, а говорим на разных языках. И все потом, что Казахстан – многонациональное государство. Сегодня мы празднуем День языков.
Бүгінгі өткізілгелі отырған 9 - 11 - сынып оқушылары арасындағы «Дарындылар додасы» - Қазақстандағы тұғырлы тіл саясатының жарқын бір көрінісі болсын деген ниетпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысқа 9 - 11 - сынып оқушыларынан құралған 2 топ қатысады. Олар: «Абайдың дарабоздары» және «Абайдың көшбасшылары»

Тіл білгірлері сайысының кезеңдері:
1 - кезең. Топтық жұмыс. “Постер қорғау”
“Абайдың дарабоздары” тобы: Үш тұғырлы тіл саясаты.
“Абайдың көшбасшылары” тобы: Қазақ тілі: кеше, бүгін, ертең.

2 - кезең. “Маржан сөз”
Берілген жұмбақтың шешуін үш тілде айтып, сол сөз қатысқан мақал - мәтел ұсыну.
3 - кезең. “Дода” Ағылшын, орыс тілдеріндегі сұрақтарға жауап беру.
Сайыскерлердің білімін, дарынын бағалайтын әділқазылармен таныстырып өтейін.
_____________________________________________________________________________________

Сайысымыздың 1 - кезеңін бастайық. Мұнда алдарыңыздағы постерге берілген тақырып бойынша өз ойларыңызды түсіріп, ортада қорғайсыздар. Бұған 15 минут беріледі. Ендеше, баршаңызға сәттілік тілеймін!

Жүргізуші:
Народ, кто твердо понимает,
Что мир к содружеству рука,
Где человек, бесспорно уважает
Обычаи других и выбор языка
На основе многонационального праздника языков лежит такая идея: каждый язык – это часть духовного наследия всего человечества, а каждая культура – это бесценный вклад в мировую цивилизацию.

Сайыстың келесі бөлімі «Маржан сөз» деп аталады. Бұл бөлімде топ мүшелері жұмбақтың шешуін үш тілде айтады. Жұмбақтың шешуіндегі сөзге байланысты мақал - мәтел табады. Әр топқа кезекпен 2 жұмбақ жасырылады.

Жұмбақтар
1) Өртесең де ерімейді,
Не тот басып шірімейді.
Өн бойына су сіңбейді
Ылғал тартып шірімейді.

2) Көкте туып,
Жерде өледі.

3) Ұзын - ұзын ұз келер,
Ұзын бойлы қыз келер.

4) Бағалайсың еңбегін,
Байытатын сананы.
Көрмесең де бергені,
Бар асылдан бағалы.

Жұмбақтың шешуі: 1) тас - камень - stone. 2) жаңбыр - дождь - rain. 3) жол - дорога -
4) ұстаз - учитель - teacher

Жүргізуші:
В нашей стране большое внимание уделяется английскому языку. Знание английского языка помогает стать грамотным, эрудированным специалистом во всех отраслях науки и техники. Сейчас наши учащиеся покажут свое мастерство владения английским языком.
Сайысымыздың 3 - бөлімі «Дода» деп аталады. Мұнда ұяшықтарға жасырынған сұрақтарға жауап беру арқылы соған сәйкес ұпай жиналады. Таңдаған ұящықтағы сұрақ қай тілде берілсе, сол тілде жауап беру шарт. Ұяшық пен тақырып таңдау топтың өз еркінде. Ендеше, іске сәт!

10: Where is the U. K. situated?
20: Who is the head of the country?
30: What is the capital of the U. K?
40: Where is the Kazakhstan situated?
10: Сколько букв в русском алфавите?
20: Кому пренадлежит данное высказывание: “Русский язык откроет нам глаза на мир”?
30: Стихи каких русских поэтов перевел Абай на казахский язык?
40: Какие языки считаются мировыми или международными? Назовите.
10: Сколько языков существует на земле по сведениям лингвистов?
20: Как можно общаться, не используя слова?
30: How many medals has Kazakhstan won in the Rio?
40: When is the Independence day in Kazakhstan?

Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, сайыскерлер, көрермендер! Бүгінгі сайыс та өз мәресіне жетті. Терең білімін, интеллектуалдық қабілетін көрсетіп, белсене қатысқан топ мүшелеріне алғыс білдіреміз. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі. Үштілділік - заман талабы. Осыған әр кез лайық болайық! Жеңімпаз топты анықтау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,
Абай ауылы, №138 Абай атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әйгерім Қойшыбаева
2 186
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Физика пәнінен 7 - сынып бойынша ағылшын тілінде тақырыптық тапсырмалар жинағы
Физика пәнінен 7 - сынып бойынша ағылшын тілінде тақырыптық тапсырмалар жинағы
21 ғасырда басқа мемлекеттерден оқшауланып өмір сүруге мүмкін емес. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болып тарихи қалыптасқан. Сондықтан әр қазақстандық ең кемінде екі: қазақ және орыс тілдерін білу керек.
Дарындылар додасы
Дарындылар додасы
Математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру. Оқушылардың есеп шығаруға ынтасын арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Дарындылар додасы
Дарындылар додасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пшанова Аманкул Абубакировна
Озық ойлы дарындылар
Озық ойлы дарындылар
Атырау қаласы, №6 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Динара Тастемірова Ерболқызы
Тілдер күніне арналған фестиваль
Тілдер күніне арналған фестиваль
Тіл мерекесі – ел мерекесі ҚР халықтарының тілдері күніне арналған фестивальдің жоспары. Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, бойларына патриоттық сезімді халықтың мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру.
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×