Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қос сөздер. Денсаулық

23 қыркүйек 2017, Сенбі
Қазақ тілі 7 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Денсаулық. Қос сөздер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Денсаулық тақырыбына жинақтаған білімдерін толықтыру, пысықтау, жүйелеу.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

IІI. Жаңа түсінікті қалыптастыру: А). Кіріспе сөз
Ә) Сөздікпен танысу
Асыл - драгоценный
Тіпті - даже
Көңіл бөлу - обращать внимание
Қор - запас
Салауатты өмір салты - здоровый образ жизни
Қалыптастыру - формировать
Айналысу - заниматься
Зиянды әрекет - вредные привычки
Шара - мероприятие
Б) Оқылым - «Денсаулық» мәтінімен танысу, аудару, түсіну.
В) Жазылым - 1 - тапсырмадағы сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру.
Сізге спорт ұнай ма?
Спорттың қай түрімен шұғылданасыз?
Қандай ұлттық спорт түрлерін білесіз?
Қандай қысқы спорт түрлерін білесіз?
Спортшылардан чемпион болғандар көп пе?

Қайталама қос сөздер мынадай жолдармен жасалады:
1. Қосымшасыз және қосымшалы түбірдің қайталануы: көре - көре, үлкен - үлкен, үйдей - үйдей
2. Барлық сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз бір түбірдің қайталануы: ауызба - ауыз, сөзбе - сөз
3. Бір түбірдің әр түрлі қосымшада тұрып қайталануы: өзді - өзіне, орынды - орынсыз
4. Екінші сыңарға м, п дыбыстары қосылып жазылады: ет - мет, Шай - пай
5. Еліктеуіш сөздің екінші сыңарында кейбір өзгерістерге ұшырап қайталануы: тарс - тұрс, жалт - жұлт, сатыр - сұтыр

V. Сабақты қорыту: А) Пысықтау сұрақтары:
- Денсаулық деген не?
- Денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек?
- Әр адам нені қалыптастыру керек?
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру дегенді қалай түсінесіңдер?
- Денсаулыққа байланысты қандай мақал - мәтелдерді білесіңдер?

Ә) Жазылым. 3 - тапсырма сөйлемдерді толықтырып жазу
Денсаулық жақсы болу үшін адам....
Адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние -....
Денсаулықтың қорын үнемі....
Адам салауатты өмір салтын....

Керекті сөздер мен сөз тіркестері: денсаулық, көбейтіп отыру керек, қалыптастыру керек, күш - жігерді, еңбекті, барлық дүниені аямай жұмсау керек.
VI. Үй тапсырмасын беру: 182 - бет 2 - тапсырма мәтінді мазмұндау
VII. Бағалау

Сабақ жоспарының толық нұсқасын қарау
2 165
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Сырт киімдер
Сырт киімдер
Сырт киімдер туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Қазақстандық спорт
Қазақстандық спорт
Спорт тақырыбына жинақтаған білімдерін толықтыру, пысықтау, жүйелеу.
Судың пайдасы. Тіл дамыту. Топтау сан есімдері
Судың пайдасы. Тіл дамыту. Топтау сан есімдері
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Денсаулыққа зиянды әдеттер. Жинақтық сан есім
Денсаулыққа зиянды әдеттер. Жинақтық сан есім
Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×