Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денсаулыққа зиянды әдеттер. Жинақтық сан есім

22 қыркүйек 2017, Жұма
Қазақ тілі 7 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Денсаулыққа зиянды әдеттер. Жинақтық сан есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
1. «Салауатты өмір салты» мәтіні бойынша түсінгендерін сұрау, пысықтау
2. Аударма диктант: здоровый образ жизни, прогулка, чистый воздух, отпуск, вредные привычки

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз
2. Жинақтық сан есімдердің жасалуын мысалдар арқылы дәлелдеу
3. «Дәрумендер – денсаулығымыздың дәнекері» тақырыбына берілген кестені оқу, жазып алу.
Дәрумен аты Кездесетін жері
А Бауырда, етте, балықтың уылдырығында, жұмыртқада, қызыл сары жемістерде
В Күріште, ашытқыда, бидай, картоп, бауырда, сүтте, етте, жұмыртқа мен салаттарда
С Көкөністер, жемістерде, сүтте, бүйректе
Д Балық майы, бауыр, бүйрек, жұмыртқа сарысы, сары майда
Е Көкөніс, астық дәндерінде, сүтте, өсімдік майында, жұмыртқада

4. Жазылым – Сөздерді тәуелдеңдер
Менің дәрігерім, денсаулығым
Сенің....
Сіздің....
Оның...
Біздің...
Сендердің...
Сіздердің...
Олардың...

IV. Жаңа сабақты бекіту: А) Жазылым - 4 - тапсырмадағы сөйлемдерді толықтырып жазу
Жүрегің ауырса,... көрін.
Тісің ауырса,... бару керек.
Тұмауың болса,... бару керек.
Көзің ауырса,... бар.
Құлағың ауырса,... бару керек.
Дәрі керек болса,... бар.
Емделсең,... жазыласың.
Жазылсаң,... шығасың, сабаққа барасың.

Ә) Төмендегі сандарды топтарға біріктір.

Денсаулыққа зиянды әдеттер. Жинақтық сан есім. жүктеу
3 339
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Сырт киімдер
Сырт киімдер
Сырт киімдер туралы мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Мектепке немен барасың?
Мектепке немен барасың?
Мектеп туралы алған білімдерін толықтыра түсу. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Жинақтық сан есім. Алматыға барғанда.
Жинақтық сан есім. Алматыға барғанда.
- Сан есім дегеніміз не? - Сан есімдер қалай топтарға бөлінеді? - Есептік сан есімдерге мысал келтіріңдер. - Реттік сан есім қалай жасалады? - Жинақтық сан есімнің жұрнақтарын ата.
Болжалдық сан есім. Саяхаттан келгенде
Болжалдық сан есім. Саяхаттан келгенде
Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×