Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақселеу Сейдімбек «Бетпақдала»

31 қазан 2017, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Ақселеу Сейдімбек «Бетпақдала»
Сабақтың мақсаты: Шығарманың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын меңгерту.
Білімділігі: Олардың білім деңгейлеріне қарай тапсырмалар бере отырып, оларды шығармашылық ізденіске баулу.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын молайтып, ауыз екі сөйлеуі дағдылары мен жазба тілдерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды жақсы - жаман қасиеттерді ажырата білуге, үлкендердің ақылын тыңдауға үйрету. Туған жерін, табиғатты сүюге, оны қорғай білуге үйрету. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Оқытудың нәтижелері:
1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптастыру.
2. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсіндіру.
3. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алдырту.
4. Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.
Қамтылатын модульдер:
1 - модуль Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс)
2 - модуль Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Ассоциация(INSERT түртіп алу)
3 - модуль - Бағалау,
4 - модуль - АКТ пайдалану,
7 - модуль - көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)
Қадамдар:
1. Үй тапсырмасын тексеру
2. интерактивті тақтамен жұмыс
3. Топпен жұмыс
4. Кері байланыс
5. бағалау

Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті:
I. Ұйымдастыру
1. Психологиялық икем
2. Топқа бөлу
3. Оқушының зейінін сабаққа аудару
4. Мәтінді тарату
5. Деңгейлік тапсырма

Оқушының іс - әрекеті: 1. Ережеге бағыну 2. тапсырмалар орындау 3. бағалау
II. Үй тапсырмасын тексеру
1 - тапсырма. Модуль Диалогтық оқыту

1 - топ Құстар туралы мақал - мәтел жазу
2 - топ Құстар туралы жұмбақ жасыру
3 - топ Құстардың дыбыстауы, үні
2 - тапсырма Модуль АКТ
- Балалар, бұрын өткен сабақтарымызда «Бетпақдала» деген сөзді естігендеріңіз бар ма?
«Ақсақ киік» өлеңінен үзінді айтқызу.
3 - тапсырма Жаңа сабақтың мазмұнын ашу. Аңыз - ертегінің авторымен таныстыру.
Ақселеу Сейдімбек Сланұлы (1942 - 2009) Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу ауылында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы. Алғашқы әңгімелер жинағы - «Ақиық.»ҚРМ - тік сыйлығының иегері.
Ой қозғау. СТО әдісі INSERТ Мәтінмен жұмыс.
«v»- білемін, «+»- жаңалық, «?»- түсіндіріңіз. Мәтінді оқып болған соң оқушылардың түртіп алу жүйесі бойынша жұмыстарын ортаға салу. Сөздік жұмысын жүргізу.
Нәубәт - апат
Бөрі – қасқыр
Бөлтірік - қасқырдың баласы
Шым - шөп
Құрық - мал қайыратын құрал
Рөлге бөліп оқыту, сахналық көрініс

4 - тапсырма
Топпен жұмыс. Мәтінмен өз беттерінше жұмыс істеу
1 - топ құстардың аттарын, түрлерін жазу.
2 - топ тышқандардың түрлерін жазу.
3 - топ мақал - мәтелдерді жазу.
Ой толғаныс
1. Топтастыру
Хан

Кек тұтқыш
кінәмшіл
ашушаң
ақылсыз
қарияны тыңдамайды
мазасыз

2. Синкуэйн (5 жолды өлең) құрастыру
1. Не -? Бетпаақдала
2. Қандай -? Жері күйгін, шөбі қалаң, малы семіз.
3. Не істеді -? Шөбін, жусанын жұлды, өртеді
4. Не үшін -? Аяғына кірген үшін, тышқандар маза бермегендері үшін көбейді.
5. Жалпы ойды түйіндеу. Бетпақдала туралы өлең мықты.
3. Венн диаграммасы
1 - топ Бұрынғы бетпақдала
2 - топ Қазіргі бетпақдала
3 - топ Ортақ белгілері

Шөбі қалың, малы семіз дала аттары бірдей шөп, дала
Жері күйігін, ауасы таза табиғат Қ - да орналасқан тақыр, жарылған

Үй тапсырмасын беру. Туған жер туралы шығарма жазу
Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақта не өттік? Не үйрендік? Не білдік?
Табиғаттағы тіршілік әлемі бір - бірімен байланысты сондықтан табиғатты қорғау керек.
«Табиғат - менің өз үйім»деп бекер айтылмаған.

Ақселеу Сейдімбек «Бетпақдала» жүктеу
3 731
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру
«Сәкен Сейфуллин» Ақсақ киік
«Сәкен Сейфуллин» Ақсақ киік
Отанын, халқын сүюге, табиғатты қызықтап оны қорғауға әрі әдемілікті, әсемдікті сезіне білуге үйрете отырып, олардың эстетикалық талғамын арттыру.
Егінші мен қасқыр (Литва ертегісі)
Егінші мен қасқыр (Литва ертегісі)
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Бостан ауылы, Қарақұдық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байдуллаева Маусим Хамзеевна
"Төрт ана" Мұхтар Шаханов
"Төрт ана" Мұхтар Шаханов
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, "М. Ломоносов атындағы орта мектеп" КММ бастауыш сынып мұғалімі Абраимова Н.С.
Біздің Отанымыз - Қазақстан
Біздің Отанымыз - Қазақстан
Қарақұдық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Түлікбайқызы Жанаргүл
Қола дәуірінің қоныстары
Қола дәуірінің қоныстары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нурсолтанова Ақмарал Алыбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×