Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біздің Отанымыз - Қазақстан

16 қазан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
3 сынып
Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз - Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Оқытудағы жаңа әдістерді пайдалану арқылы «Біздің Отанымыз - Қазақстан» тарауы бойынша оқушылармен топпен жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық, еркін жеткізуге машықтандыру.
Б. Қазақстан аумағының кеңдігі және табиғат жағдайлары алуан түрлілігіне түсінік беру, мәтін мазмұнын түсініп оқуға, талдай білуге үйрету.
Д. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау арқылы, байланыстырып сөйлеуге баули отырып, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
Т. Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, туған жерінің байтақ екенін ескере отырып, сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Оқытудың нәтижелері:
1. Ұсынылған тақырып бойынша өз білімдерін актуальдандыра алады;
2. Бұрынғы білімді жаңа біліммен ұштастыра алады;
3. Сыныпта диалогтік әңгіме өрбиді.
4. Ақпаратты өз бетінше ұғынады және меңгере алады;
5. Шыдамдылықпен тыңдай алады.
Қамтылатын модульдер:
1 - модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс),
2 - модуль. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Ассоциация (INSERT түртіп алу стратегиясы)
3 - модуль. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау (өзін - өзі бағалау)
4 - модуль. АКТ пайдалану (бейнебаян, слайд)
7 - модуль. Көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)

Қадамдар:
1. Үй тапсырмасын тексеру
2. Интерактивті тақтамен жұмыс
3. Топпен жұмыс
4. Рефлексия
5. Бағалау

Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс - әрекеті:
1. Ұйымдастыру. Оқушының зейінін сабаққа аудару.
2. Жалаушалар арқылы топқа бөлу. Топтық ережені қалыптастыру.
3. Бағалау бетшесін тарату.
4. Мәтінді тарату.

Оқушының іс - әрекеті:
І. Үй тапсырмасын тексеру
1 - тапсырма. Тест тапсырмалары Слайдта көрсетіледі. Өз - өзін тексереді.
1. Асар жасау:
а) той
ә) туыс - туған жиналып бір іске көмектесу
б) түрлі жарыс ұйымдастыру
в) елді жинап ас беру

2. Білім ошағы:
а) сынып бөлмелері
ә) географиялық алаң
б) спорт залы
в) компьютер, теледидар

3. Шаруа қожалығы:
а) салық төлейтін ұйым
ә) ұжымшар
б) шаруашылық жүргізу жүйесі
в) шаруашылық ұжымы

4. Мақал - мәтелді жалғастыр. «Әдептінің белгісі -...»
а) отбасының берекесі
ә) отбасының татулығы
б) сыйлы болғаны
в) иіліп сәлем бергені

5. Наурыз, Тәуелсіздік күні, 8 наурыз:
а) кәсіптік мереке
ә) отбасылық мереке
б) жалпыхалықтық мереке
в) ауыл шаруашылық мерекесі

6. Еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күні:
а) 1 мамыр
ә) 9 мамыр
б) 7 мамыр
в) 22 наурыз

7. Мемлекетке тапқан табысына қарай не төлейді?
а) қарыз
ә) тиын
б) салық
в) ақша

8. Үндістер көлік ретінде нені пайдаланған?
а) атты
ә) қодасты
б) түйені
в) пілді

9. Күнделікті тіршіліктегі жұмыстарды атқару үшін көліктің маңызы қандай?
а) өте жоғары
ә) төмен
б) қанағаттанарлық
в) жоғары

10. Егін әбден жиналып, қырмандағы астық қамбаларға құйылып біткенде барып тойланатын той.
а) «Ұлттық той»
ә) «Наурыз тойы»
б) «Сабан той»
в) «Егін той»

Тест кілті. 1Ә. 2А. 3В. 4В. 5Б. 6А. 7Б. 8В. 9А. 10Б

2 - тапсырма. Модуль АКТ. Видео көрсету. Талқылау.

3 - тапсырма. Жаңа сабақтың мазмұнын ашу.
Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету модулінің әдісі INSERT.

Қазақстан туралы не білеміз? INSERT (түртіп алу стратегиясы)
Білемін
Мен үшін жаңалық
Білгім келеді

4 - тапсырма. Модуль СТО. Мәтінмен жұмыс. Диалогтік оқыту. «Оқы - айт» стратегиясы.
1 - топ Қазақстан жер көлемі
2 - топ Қазақстан табиғаты
3 - топ Пайдалы қазбалар
4 - топ Қазақстан астықты өлке
5 - топ Көп ұлтты мемлекет. Достық қарым - қатынас

Сергіту сәті. «Жұмыр қылыш»

5 - тапсырма бойынша жаңа сабақты пысықтау. Куббизм стратегиясы.
Кубиктің алты жағына жазылған сұрақтар бойынша жұмыс жасайды. Сұрақты талдайды, талқылайды.
1 - сұрақ
1. Қазақ жері батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай қанша километр созылып жатыр?
(Қазақ жері батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай 3000 километр созылып жатыр.)
2 - сұрақ
Елімізде қандай пайдалы қазбалар түрлері кездеседі?
(Елімізде металл кендері, көмір, мұнай, газ, фосфорит, түрлі тұздар кездеседі)
3 - сұрақ
Еліміздің табиғаты неліктен алуан түрлі деп ойлайсың?
(Жеріміздің кең байтақ болуына байланысты табиғаты алуан түрлі болады)
4 - сұрақ
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
(Республикамызда жүзден артық ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады.)
5 - сұрақ
Қазақстан неше елмен шектеседі?
(Қазақстан бес елмен шектеседі.)

Рефлексия. «Табыс баспалдағы» арқылы өз деңгейін көрсету.
Бағалау. 1 - 3 балдық жүйемен.
Критерилері: 8 - 12 балл «5», 6 - 8 балл «4», 4 - 6 балл «3»
Үйге тапсырма. Мәтінді түсініп оқу. «Болашақ Қазақстан» туралы эссе жазу.
5 177
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Ақселеу Сейдімбек «Бетпақдала»
Ақселеу Сейдімбек «Бетпақдала»
Шығарманың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын меңгерту. Олардың білім деңгейлеріне қарай тапсырмалар бере отырып, оларды шығармашылық ізденіске баулу.
Ш. Мұртаза Интернат қоймасы. Қысқа мерзімді жоспар
Ш. Мұртаза Интернат қоймасы. Қысқа мерзімді жоспар
Т. Рысқұлов өмірі жайлы 2 - сыныпта оқығанды еске түсіре отырып, Ш. Мұртазаның Интернат қоймасы әңгімесін түсініп оқуға, жеткізе білуге үйрету.
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Қола дәуірінің қоныстары
Қола дәуірінің қоныстары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нурсолтанова Ақмарал Алыбайқызы
Біздің Отанымыз
Біздің Отанымыз
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы, «Амангелді орта мектебі»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гульфаира Токтаргазиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×