Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


І. Есенберлин шығармашылығы жөнінде мәлімет. «Көшпенділер» трилогиясы

23 сәуір 2018, Дүйсенбі
Мұғалімі: Капанова Ж. Н
Сабақтың тақырыбы: І. Есенберлин шығармашылығы жөнінде мәлімет.
«Көшпенділер» трилогиясы (9 сынып)

Сабақтың мақсаты:
А/ Білімділік: І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру, трилогияның мазмұны мен кейіпкерлерімен таныстыру. ХУ - ХІХ ғасырлардағы қазақ халқының тарихи шежіресін түсіндіру.
Б/ Дамытушылық: Әдеби теориялық білімдерін арттыру, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру. Ойлау, жүйелі салыстыру қабілеттерін жетілдіру.
Ә/Тәрбиелік: тарихи көркем шығармадағы ұлттық рухты негіздеп, ұлттық сананы қалыптастыру, адамгершілікке. адамдық сүйіспеншілік өсиеттерге. баулу, азаматтық, гуманистік қасиеттерді дарыту, еліне, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: І. Есенберлин шығармалары, электронды оқулық, слайд, кестелер, кинодискет, телевизор
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап, венн диаграммасы
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа білім беру.

Сабақтың барысы: А/ Ұйымдастыру.
Ә/Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу - құралдарын түгендеу.
Б/ Үй тапсырмасын сұрау
Хамза Есенжанов «Ақ Жайық» романы
В/ Жаңа сабақ
1. Өмір жолына шолу жасау
1915 жылы - Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған.
1940 жылы - Тау - кен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1947 - 67 жылдары - Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, «Қазақфильм» киностудиясында сценарий редколлегиясының мүшесі.
1967 - 71 жылдары -“Жазушы” баспасының директоры
1971 жылдан бастап - Қазақстан Жазушылар одағының екінші секретары
1983 жылы - Алматыда 68 жасында қайтыс болды.

І. Есенберлиннің қалам тартқан жанрлары: поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия
Шығармаларының жарық көруі
1940 жыл - Алғашқы өлеңдері жарық көрді. Алғашқы он бес жыл ішінде поэма” сынды шығармалары жарық көрді.
1945 жылы -“Айша”, “Сұлтан” поэмалары жарық көрді.
1949 жылы -“Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы жарық көрді.
1959 жылы -«Біржан сал трагедиясы» дастаны жазды
“Адам туралы жыр” повесі жарық көрді.
1960 жылы -«Өзен жағасында» повесі жарық көрді.
1965 жылы -“Толқиды Есіл” повесі жарық көрді.

І. Есенберлиннің1956 жылы орыс тілінде жазылған «Песня о человеке» романы1958 жылы қытай тілінеғ «Ғашықтар романы өзбек тіліне аударылды. Көптеген шығармалры орыс тіліне аударылды.

«Көшпенділер» тарихи роман

1. Тарихи роман дегеніміз не?
Тарихи романдар деп - өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады

І. Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХУ - ХІХ ғғ. Тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдардағы қиындықтарды ішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез - құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт - сананы көрсетеді. Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.
«Көшпенділер» трилогиясы үш романнан тұрады.

І. Есенберлин шығармашылығы жөнінде мәлімет. «Көшпенділер» трилогиясы. жүктеу
3 501
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар»
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар»
Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
11 сынып әдебиет пәнінен емтихан билеттері
11 сынып әдебиет пәнінен емтихан билеттері
БҚО, Тасқала ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Султангереева Гулайым Орынгалиевна
Ілияс Есенберлин - 105 жыл
Ілияс Есенберлин - 105 жыл
1. Білімділік: Оқушыларды қазақ халқының дара тұлғасы, ұлы жазушы Ілияс Есенберлиннің бай шығармашылығымен таныстыру.
Ілияс Есенберлин
Ілияс Есенберлин
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, №42 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оразалина Әсия Қабиденқызы
Ілияс Есенберлин шығармашылығы «Көшпенділер» трилогиясы
Ілияс Есенберлин шығармашылығы «Көшпенділер» трилогиясы
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж» қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Искакова Асем Айдарбекқызы
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы фразеологизмдер
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы фразеологизмдер
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «№5 жалпы орта білім беру мектебі» Жоба авторы: 10 - сынып оқушысы b]Жұбатханова Камшат[/b]
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×