Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы» өлеңі

24 сәуір 2018, Сейсенбі
Қазақ әдебиеті 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы» өлеңі
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Жұбан Молдағалиевтің өмірі туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, бұрынғы білімдерін тереңдету. Өлеңнің идеясымен таныстырып, ақын мұратын ұғындыру.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар істей алады:
Халық жүрегінен орын алған ақын Ж. Молдағалиев өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, «Ар - ұят туралы» өлеңіне талдау жасап, әдеби - теориялық білімдерін кеңейтіп, мазмұнымен танысады.
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.
Кейбір оқушылар істей алады:
Оқушылар өз беттерімен ой түйеді, ізденеді, ойын ашық айтады. Әр түрлі әдістер арқылы белсенділік, көшбасшылық қабілеттері айқындалады. Сыни ойлау дағдылары дамиды.
Тілдік мақсаттар: Негізгі сөздер мен тіркестер: ұят, ар, ождан, зор парыз, зор сүндет, адамдық, ғұмырлы болу, құлаққа құю, тулау т. б
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:
- Балалар, бұл өлеңнің авторы кім, жазушының айтпақ ойы не?
- Жұбан ақынның басқа қандай өлеңін білесіңдер?
- Шығармада не туралы айтылған?
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сіз неліктен.... екенін айта аласыз ба?
Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:
Менің ойымша,.....
Мен былай толықтырар едім........
Маған қиын болды.........
Мен орындай алдым.......

Алдыңғы меңгерілген білім
Ақынның өмірі мен шығармашылығын біледі. Өлеңдерін талдай алады.

І. Ұйымдастыру кезеңі
3 мин Топқа біріктіру
Сәлемдесу. Сынып ішінде түстер үйлесімділігіне байланысты
жағымды атмосфера қалыптастыру. Түстер таңдау арқылы топқа біріктіру.
Сыныпты 3 топқа біріктіру. 1 - топ қызыл түс «Әдеп» тобы, 2 - топ жасыл түс «Ақыл» тобы, 3 - топ жасыл түс «Адамгершілік» тобы.
Сабақ мақсатын анықтау жетістік критерийімен таныстыру.
1. Ақын Жұбан Молдағалиев туралы білетін боламын.
2. «Ар – ұят туралы» өлеңінің мағынасын түсіне аламын.
3. Өлеңді құрылысына қарай талдай аламын.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 1 мин
- Балалар өткен сабақта қай ақынның өмірімен таныстық?

ІІІ. «Ойлы сұрақ - ұтымды жауап» әдісі
Оқушылардың үйге берілген тапсырма бойынша білімдерін жинақтау мақсатында әр топқа 3 – 4 сұрақтан қойылады, сұраққа ойланбастан жауап беру керек.
І топ: «Әдеп» тобына
1. Қасым Аманжолов қай жылы қай жерде дүниеге келген?
2. Ол жайлы не білесің?
3. Өлеңді жатқа айтып бере аласың ба?
4. Қасым ақын қандай шығармалардың авторы?
ІІ топ: «Ақыл» тобына
1. Ақынның «Жамырап күнде жас өмір» өлеңі не туралы?
2. Теңеу дегеніміз не? Өлеңде теңеу сөздер бар ма?
3. Өлеңді кім жатқа айтып береді?
4. «Марқа» деп нені айтамыз?
ІІІ топ: «Адамгершілік» тобына
1. «Жамырап» деген сөзді қалай түсінесің?
2. Ақынның туған жерге деген сезімі өлеңнің қандай жолдарынан байқалады?
3 Өлеңде «Құтты» деп ақын нені айтып отыр?
4 Өлеңді жатқа кім айтып бере алады?
Сұрақтарға ұтымды жауап берген оқушылар мадақтау арқылы бағаланады.

Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы № 158 орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Кетепова Жаухар

Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы» өлеңі. жүктеу
Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы» өлеңі. слайдты жүктеу
2 896
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Қазақтың ұлы ғалым - зерттеуші, этнограф, жазушы Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, бұрынғы білімдерін тереңдету.
Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын» поэмасы
Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын» поэмасы
Ж. Молдағалиев өмірі, шығармашылығымен танысу. Ақиық ақынның «Мен – қазақпын» поэмасына талдау жасау. Ж. Молдағалиевтың қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылардың поэзия туралы
Күрделі сөздерден өткенді қайталау
Күрделі сөздерден өткенді қайталау
Оқушыларға күрделі сөздер жайлы ұғындыру. Күрделі сөздің мағынасына қарай төртке бөлінетінін, жасалу жолын түсіндіру.
Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы»
Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы»
Ж. Молдағалиев туралы мағлұмат алады. Ар – ұят туралы өлеңнің негізгі идеясын түсінеді. Балалардың ой - өрісінің, сана - сезімдерінің қалыптасуына ықпал етіп, дүниетанымы кеңейеді, білім дәрежесі көтеріледі. Оқушылар адамгершілікке, абыройлы болуға
Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы
Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы
ШҚО, Көкпекті тауданы, Тассай ауылы, «М. Әуезов атындағы орта мектебі»КММ Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Бибаракова Маруаш Шарипхановна
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Атырау қаласы №35 мектеп-гимназиясының мұғалімі Құбиева Нұргүл Паңгерейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×