Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі

24 сәуір 2018, Сейсенбі
Қазақ әдебиеті 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлы ғалым - зерттеуші, этнограф, жазушы Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, бұрынғы білімдерін тереңдету.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар істей алады:
Балалар жазушысы С. Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, «Бала Шоқан» шығармасына талдау жасайды, мазмұнымен танысады.
Оқушылардың көпшілігі істей алады:
Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.
Кейбір оқушылар істей алады:
Оқушылар өз беттерімен ой түйеді, ізденеді, ойын ашық айтады. Белсенділік, көшбасшылық қабілеттері айқындалады.

Тілдік мақсат: Оқушылар:
Негізгі сөздер мен тіркестер: күзек, аға сұлтан, қаршығаның аяқбауы, арлан, пәуеске арба, мүсін, кездеме, әбдіре, қотан, тұғыр т. б

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:
- Балалар, бұл шығарманың авторы кім, жазушының айтпақ ойы не?
- Шығарма қай тұлғаның балалық шағына арналған?
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сіз неліктен.... екенін айта аласыз ба?
Сіз неліктен Мұхаммедханфия Уалихановтың Шоқан атанғанын айта аласыз ба?
Шоқан қай ханның ұрпағынан тарағанын айта аласыз ба?
Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:

І. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин
Топқа біріктіру
Сәлемдесу. Сынып ішінде түстер үйлесімділігіне байланысты
жағымды атмосфера қалыптастыру.
Сыныпты 3 топқа біріктіру. «Әдебиетшілер», «Зерттеушілер», «Шоқантанушылар»

ІІ. Ой қозғау 2 мин
- Балалар сендер бастауыш сыныпта Шоқан туралы қандай шығарма оқыдыңдар?

ІІІ. «Зымыран сұрақтар» әдісі
Оқушылардың Шоқан туралы білімдерін жинақтау мақсатында әр топқа 4 сұрақтан қойылады, сұраққа ойланбастан жауап беру керек.
І топ: «Әдебиетшілер» тобына
1. С. Бегалин қай жылы қай жерде дүниеге келген?
2. Шоқан кім ол жайлы не білесің?
3. Шоқан Мысықпен қай жерде кездесті?
4. Шоқанның досы Мысықтың негізгі ермегі не?
ІІ топ: «Зерттеушілер» тобына
1. Мысықтың жасаған мүсіндерін Шоқан қалай бағалады?
2. Мүсін дегеніміз не?
3. Мысық жасаған мүсіндерін неге Шоқанға бергісі келмеді?
4. Шығармадағы Жақып кім? Мінездеме бер?
ІІІ топ: «Шоқантанушылар» тобына
1. Мысық не үшін бақырып жылап жіберді?
2. Әкесімен қабаттаса шыққан Шоқан неге бөлініп кетті?
3. Шоқанның Мысықты үйіне ертіп келуіндегі екі түрлі себеп?
4. Шоқан Мысықпен қалай қоштасты?

ІV. Мағынаны тану 10 мин
«Еркін жауап» әдісі
Оқушылар топтаса отырып, түрлі әдістер арқылы С. Бегалиннің «Бала Шоқан» шығармасын талдайды.
І топ: «РАФТ» стратегиясы
Р - Рөл (Шығармадағы кейіпкерлер)
А - Аудитория (Шығарма кімге арналған және қандай оқиғалар суреттелген?)
Ф - Форма (Шығарма формасы қалай берілген және (өлең түрінде ма?) неше бөлімнен тұрады?)
Т - Тақырып ( Шығарма тақырыбы не? Шығармада жазушы кім туралы айтқысы келді?)
ІІ топ: Шығарманы құрылысына қарай талдау
Шығарманың аты -----
Авторы ----------------------
Шығарманың басталуы ---------
Шығарманың дамуы -----------------
Шығарманың байланысуы ---------------
Шиеленісуі ------------------------------------------
Шарықтау шегі -----------------------------------------
Шешімі ------------------------------------------------------
ІІІ топ: Шоқан Уәлиханов жайлы «Тұжырымдамалық» карта (Ұлы тұлғаның өмірі шығармашылығына тоқталады)

Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы, № 158 орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Кетепова Жаухар

Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі. жүктеу
6 049
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы» өлеңі
Жұбан Молдағалиев «Ар - ұят туралы» өлеңі
Қазақтың ұлы ақыны Жұбан Молдағалиевтің өмірі туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, бұрынғы білімдерін тереңдету. Өлеңнің идеясымен таныстырып, ақын мұратын ұғындыру.
Күрделі сөздерден өткенді қайталау
Күрделі сөздерден өткенді қайталау
Оқушыларға күрделі сөздер жайлы ұғындыру. Күрделі сөздің мағынасына қарай төртке бөлінетінін, жасалу жолын түсіндіру.
С. Бегалин. Әңгімедегі бала Шоқан
С. Бегалин. Әңгімедегі бала Шоқан
Поэмадағы Шоқан бейнесін жан – жақты талдау, сыни тұрғыдан баға беру. Оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау.
"Қырдың жас түлегі" Сапарғали Бегалин
"Қырдың жас түлегі" Сапарғали Бегалин
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы №5 ОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жаркинбаева А. Г.
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Ақтөбе қаласы, №26 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Асқарова Гүлмира Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×