Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қадыр Мырзалиев "Кәрі Қыран"

04 ақпан 2012, Сенбі
Қазақ әдебиеті 7 - класс

Сабақтың тақырыбы: Кәрі қыран
Сабақтың мақсаты:
Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы жан - жақты түсінік беру.
Міндеті:
1. Баллада туралы білім беру, Өлең мазмұнын игеру.
2. Биіктік, адалдық, ұлт туралы түсініктерін кеңейту. оқушының көзқарасын қалыптастыру, пікірін туғызу, ойын анық жеткізуге жетелеу.
3. Өрлікке, ерлікке, қайсарлыққа, арлылыққа тәрбиелеу. Халқымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңіруге жағдай туғызу.
Сабақтың типі: Интеграл сабақ.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, Венн диаграммасы, Инсерт кестесі.
Сабақтың көрнекілігі: Географиялық карта, плакаттар, суреттер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Биология, География, музыка, бейнелеу өнері, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.

ІІ. Жаңа сабақ.
1. Ақын өмірі.
2. Шығармашылығы.
3. Ақын туралы пікірді аудио таспадан тыңдау.
4. Ой шақыру.
а) Қыран қандай құс?
- Жыртқыш құс, тыныс алу мүшесі жақсы дамығандықтан биікте ұша алады, көзі өткір.
ә) Қазақстанның қай жерлерін мекен етеді.
- Таулы аймақта, таудың ұшар биігіне ұя салады.
б) Халқымыз не себепті қыранды қасиетті құс санаған?
- Жеті қазынаның бірі, Ерлерді қыранға теңеген, себебі тек биікте ұшады, өлексе жемейді, адамға жаманшылығы жоқ.
в) Мемлекеттік рәмізіміз - туда қыран не себепті бейнеленген?
- Еліміз әрқашан тек биіктен көрінсін, Қырандай тәуелсіз, намысшыл, адал болайық деген ұғым бар.
Мәтінді мұғалім мәнерлеп жатқа оқиды.
Сонан соң бірнеше оқушы оқиды.

Ой талқы.
- Не түсіндік?
- Қыран қандай?
- Өзін - өзі өлімге итерген қандай күш?
-"Қыранша өмір сүргенің қандай бақыт, қандай бақыт қыранша өле білген" деген жолдарды қалай түсінесің?
Мәтінмен жұмыс.
1. Мағынасы қиын сөздермен түсіндірме сөздік жүргізу.
2. Баллада туралы мәлімет.
Топтық жұмыс.
1 - топ - Өлеңнің шумағына талдау.
2 - топ - Ұйқас түрін табу.
3 - топ - буын, бунақ санын анықтау.
Сергіту сәті.
Ақынның өлеңіне жазылған "Атамекен" әнін қосылып айту.
Ой түйін.
Венн диаграммасы.
Қазақ халқы мен Қыран құсты салыстыру.
Инсерт кестесі.

Бес жолды өлең.
Қадыр ақынға немесе Қыранға шығаруға болады.
Бағалау.
Үйге тапсырма:
1. Ұнаған шумақты жаттау.
2. "Қадыр - Қыран - Қазақ" ой - толғау
3. Ақын туралы ізденіп келу.
14 206
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
С. Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі
С. Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі
Оқушыларға С. Мұқановтың шығармашылығы мен өмірінен мәлімет бере отырып, «Саятшы Ораз» әңгімесінің мазмұнын меңгерту. Әңгімедегі Ораз бейнесін ашу, халқымыздың саятшылық өнері туралы мағлұмат беру;
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығының қыр - сырларын меңгеруге, мазмұнына тереңдей бойлай отырып, шығармаларына жан - жақты талдау жасауға ықпал ету.
Қадыр Мырза Әлі «Кәрі Қыран»
Қадыр Мырза Әлі «Кәрі Қыран»
Сам орта мектебі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күзекбаев Жеңісбек Дүзелбайұлы
Қадыр Мырза Әли "Кәрі қыран"өлеңі
Қадыр Мырза Әли "Кәрі қыран"өлеңі
Атырау облысы, Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагулова Гүлжан Жәрдемқызы
Жыр алыбы - Жамбыл
Жыр алыбы - Жамбыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі. Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Мұқағали Мақатаев “Фантазия"
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×