Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қадыр Мырза Әли "Кәрі қыран"өлеңі

Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әли «Кәрі қыран» өлеңі

А) Білімділігі:
Ақын өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет бере отырып, өлеңнің идеясын, мақсатын ұғындыру.
ә) Дамытушылығы: Оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өзіндік пікір айта білуге дағдыландыру. Іскерлік қабілетін шыңдау.
б) Тәрбиелілігі: Отансүйгіштікке, ерлікке, қайсарлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Интерактивті әдіс - тәсілдер: Сөздік әдіс. Сұрақ - жауап әдісі, Модульдік оқыту технологиясының оқыта – үйрету ойындары: «Мені түсін», «Ең бастысы», Жылдар сөйлейді», «өз жартыңды тап», «Шеңбер бойымен әңгімелеу» «Аквариум тәсілі»
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, шығармашылығына арналған бетшелер, қанатты сөздер, слайдқа жазылған тақырыпқа сай суреттер
Пәнаралық байланыс: Ән, биология, халықтық педагогика.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты екі топқа бөлу

Сабақ Қадыр Мырза Әлидің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңіне жазылған әнді үнтаспадан тыңдаудан басталады. Әні: Телғозиевтікі.
Ән тыңдалғаннан кейін сыныпқа сұрақ қойылады:
- Ән ұнады ма?
- Әннің өн бойындағы мазмұнын айқындап тұрған қандай сөз деп ойлайсыңдар?

(Дәптерлеріне жазу тапсырылады)
Қазақ халқының шежіресін айта отырып, ұлттық болмысты суреттеген кімнің өлеңін білесіңдер?
(Жауап қайтарылады)
Сабақтың басында тыңдаған ән ақын Қадыр Мырза Әлидің сөзіне жазылған ән екені айтылып, ақынның естелігінен үзінді оқылады.
«Жұбағаң аға буынның соңы, жаңа буынның басы іспетті өте парасатты және алғыр азамат болатын. Ол үлкендердің аса қымбат қасиеттерін өз бойына барынша сіңірген редактор. Жақын - жуық, дос - жолдастарына деген өкпе - назы болса да, көңілінде ұзақ сақтамай, реті келгенде айта білетін. Сөйтіп, іштей тазарып отыратын да ғажап қасиеті бар еді. Мен сол “Жұлдыз” журналына жаңа - жаңа орналасып, редакцияның ішкі дәстүрлеріне енді - енді етене бола бастаған кезде, аяқасты сырқаттанып ауруханаға түсіп қалды. Менің қайда жүргенім есімде жоқ. Редакция қызметкерлері Жұбағаңа барып көңілін сұрап шығыпты. Солардың арасында менің бармай қалғаныма таң қалған болуы керек…

Әбділда Тәжібаев ағамыз маған телефон соғып:
– Қадыр, сен Жұбан ағаңа барып шықпадың ба, мен бардым, ол маған “Алып бара жатқан науқасым жоқ… Бірақ, бірақ мен осы жерден қайтып шықпайтын шығармын, сірә”, – деді. Сұм жүрек бір нәрсені сезіп жатыр - ау деймін.

Содан бірер күн өтер - өтпестен қайран ақын қайтыс болды. Осы кездері менің “Қорамсақ” атты жаңа кітабым жарық көрген еді. Сонда “Кәрі қыран” деген өлең бар.
Бұл – ақын ағама арнауым еді»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 346
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қадыр Мырза Әли «Ана» өлеңі
Қадыр Мырза Әли «Ана» өлеңі
Қадыр Мырза Әли өмірі мен «Ана»өлеңінің мазмұнын оқушыларға меңгерту.
Қадыр Мырза Әлі «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі
Қадыр Мырза Әлі «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі
Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы алыптарының бірі – Қ. Мырза Әлінің өмірімен және шығармашылығымен таныстыру, ақын туралы оқушы білімдерін толықтыру.
Қадыр Мырза Әлі
Қадыр Мырза Әлі
Сабақтың мақсаты: Қадыр Мырза Әлі ақынмен, шығармашылығымен таныстыру.
Қадыр Мырза Әлі «Кәрі Қыран»
Қадыр Мырза Әлі «Кәрі Қыран»
Сам орта мектебі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күзекбаев Жеңісбек Дүзелбайұлы
Қадыр Мырза Әлидің «Кәрі қыран» өлеңі
Қадыр Мырза Әлидің «Кәрі қыран» өлеңі
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы
Қадыр Мырзалиев "Кәрі Қыран"
Қадыр Мырзалиев "Кәрі Қыран"
№4 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Спанова Ақгүл Спанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×