Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романы

13 қазан 2018, Сенбі
Сабақ жоспары
Қазақ әдебиеті
Тақырыбы: С. Торайғыров «Қамар сұлу» романы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: С. Торайғыров өмірі мен шығармашылығы, «Қамар сұлу» романының идеялық мазмұнын меңгерту, романдағы әлеуметтік мәселелерге талдау жасау арқылы көркем шығарманы саралай білуге жетелеу.
Тәрбиелілік: Кейіпкерлер іс - әрекетін талдай отырып, жаманнан жиреніп, жақсыдан үлгі алуға, адамгешілік қасиеттерін бағалауға, алдына қойған мақсаты үшін күресе білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Студенттердің шығарманы талдап, кейіпкер іс - әрекетіне баға бере білуін, ойын жүйелі баяндай білуге дағыдыландыру, қоғамдық - әлеуметтік жағдайларды саралай отырып, өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, топтастыру, проблемалық сұрақтар, композициялық талдау,, тұжырымдық кесте, Венн диаграммасы.
Көрнекілігі: С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы, слайд, интерактивті тақта, сөзжұмбақ.

І. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі, сәлемдесу, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. М. Жұмабаев өлеңдері.
Сұрақ - жауап арқылы жүргізу
1Міржақып өскен, тәрбие алған ортасы, туып - өскен жері.
2. Міржақыптың білім алған жылдары, қоғамдық істерге араласуы.
3. М. Дулатовтың шығармашылығы, поэмалары мен әңгімелері.
.
ІІІ. Уй тапсырмасын бекіту.
ІҮ. Жаңа дәрісті меңгерту.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – екі дәуір тоғысында, аса күрделі кезеңде тіршілік кешті. Ол Россия тарихының, Россияға біріккен қазақ халқы тарихының аса бір өрлеу кезеңінде – тарихи дамулар, күрес - көтерілістер, қиян - кескі соғыстар, дүрбелеңді революциялар дәуірінде жасады.
Сұлтанмахмұт 1893 жылы, 29октябрь күні қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып, төрт - бес жасынан Павлодар облысының Баянауыл ауданында өседі. Ақынның арғы атасы – Торайғыр би, ел аузында аты аңызға айналған көптеген шешендік, билік, сөздері халық жадында сақталған адам. Ақынның өз әкесі, Әубәкір аты ұмытылып, Шоқпыт, Шоқа атанған момын кедей шаруа екен.
Болашақ от ауыз, орақ тілді ақын алты жасында әкесінен оқып, хат таниды. Қара таныған баланы осыдан кейін кейде Шоқпыт өзі оқытып, кейде ауыл арасындағы молдаға беріп оқытып,
баласын оқудан үзбейді. Молдалардың ішінде Мұқан біраз оқыған, әдебиеттен хабардар, өзі де жадынан өлең шығаратын көңілінің желі бар жан екен. Ол араб, парсы ертегілерінен қазақша өлең етіп жазады; біреуді мақтап, біреуді мазақтап өлең шығарады

Ү. Проблемалық сұрақтар.
1. Романдағы салт - дәстүр қазіргі таңда сақталған ба?
2. Романдағы қарама - қайшылықтар осы өмірде кездесе ме?
3. Қамардың орнында сендер болсаңдар сол қиындықты қалай жеңген болар едіңдер?
4. Қазіргі әйел бейнесі суретте.

ҮІ. Венн диаграммасы бойынша М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» мен «Қамар сұлу» романдарын салыстыру
Жаңа сабақты бекіту
Романның композициялық құрылысына талдау жасау
Басталуы - Қамарды суреттеуі, Қамар мен Ахметтің бір - біріне хат жазысуы.
Дамуы - Нұрымның әйелінің қайтыс болуы, Қамарды айттыруы.
Шиеленісуі - Қамардың ұзатылуы
Шарықтау шегі - Қамардың науқастануы
Шешімі - Қос ғашықтың ажалы

ҮІІ. Қорыту. Сөзжұмбақ. Деңгейлеріне қарай бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма
Романнан үзінді жаттау
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романы. жүктеу
3 386
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы
Оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету;
С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер келбеті
С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер келбеті
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығының идеялық - эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу. Романның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкерлер бейнелерін сомдау
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы
Қамар сұлу романы. романдағы негізгі әлеуметтік ой түйіндерін ашу; 2) оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар арқылы азаматтық түсініктерін тереңдету; 3) тақырыптас шығармаларды салыстыра оқуды дамыту, өздерінше ой
С. Торайғыров «Қамар сұлу» романы
С. Торайғыров «Қамар сұлу» романы
Шығарманы талдау арқылы әдет - ғұрыптарды білуге, бас бостандық үшін күресуге, жаманнан жиреніп, жақсыдан үлгі алуға, ұлттық әдебиетімізді сүйіп оқуға, қайырымдылыққа, алдына қойған мақсаты үшін күресе білуге тәрбиелеу.
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер бейнесі мен романның тілі
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романындағы кейіпкерлер бейнесі мен романның тілі
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Н.Бозжанов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абылхапова Баян Тұрсынбайқызы
"Қамар сұлу" романына талдау
"Қамар сұлу" романына талдау
Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна 9-сынып әдебиет С. Торайғыров "ҚАМАР СҰЛУ" романына талдау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×