Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәбит Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы

14 желтоқсан 2018, Жұма
Қазақ әдебиеті Сәбит Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы 11 сынып

Сабақтың мақсаты:
1) С. Мұқанов поэмалары туралы түсінік беріп, мазмұнын меңгерту.
2) Ой - өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамыту, есте сақтау қабілетін, тіл байлығын дамыту, өзіндік жұмысқа дағдыландыру.
3) Поэма мазмұнын меңгерте отырып адамгершілікке, адалдыққа, шынайылық. рухани тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сынақ хат, оқулықпен жұмыс, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта.

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру.
2. «Әдеби сынақ хат» (үй тапсырмасын сұрау) (интерактивті тақтада)
1. С. Мұқанов... жылдары өмір сүрді.(1900 - 1973)
2. 1922 ж. Орынбор қаласында... оқиды.(жұмысшы факультетінде )
3. 1926 - 1928 ж. С. Мұқанов республикалық... газетінде жұмыс істейді.(«Еңбекші қазақ»)
4. Мұнан кейінгі жылдарда... университетінде, кейін... қызыл профессура институтында оқиды. (Ленинград, Мәскеудегі)
5. 1937ж.... қызметін атқарды.(Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы)
6. Бұл кездегі С. Мұқанов қаламынан шыққан ірі туындылар...,...,.... ( «Ботагөз», «Менің мектептерім» романдары, «Колхозды ауыл осындай»)
7. 1950ж. С. Мұқанов... романын,... пьесасын жазды.( «Сырдария», «Ш. Уалиханов» )

3. Жаңа білім беру
С. Мұқанов лирикалық өлеңдермен қатар көптеген поэмалар жазды. Поэмада ақын сан алуан өмір құбылысын кең алып, белгілі кейіпкерлердің іс - әрекетін көрсету арқылы дәуірге сай негізгі айтпақ идеямен баяндайды.

С. Мұқановтың поэмалары 1925 - 28 ж. жарық көре бастады. 1928ж. жазылған поэмасы «Сұлушашта» ескі қазақ ауылындағы әлдінің озбырлығы мен әлсіздің көрген қорлығы, әсіресе адамның бас бостандығының жоқтығы бейнеленген. Поэмада Алтай мен Сұлушаштың сүйіспеншілігі, бір - біріне махаббаты жырланады. Ақырында екі жастың сезімін феодалдық қара күш аяққа таптап жаныштайды. Қуғын - сүргінге ұшырап екі жас азапта өледі.

«Сұлушаш» - реалистік және сюжеттік шығарма.

4. «Негізгісін түйіп ал» оқулықпен жұмыс.
Әр топқа бөлім бойынша мәтінді оқып, негізгісін дәптерге түсіріп, топ бойынша мазмұнын айту тапсырылады.

5. "Талдау - табыс кілті» (Ұжымдық жұмыс)
Әр топқа тапсырма беріледі.
1) Тілеуберді байдың қызын Алтайға беруге қарсы болуына көзқарастарыңыз.
2) Қызды үлкендердің атастыруы

6. «Қазымыр топ» Әр топ бүгінгі тақырып бойынша сұрақтар дайындап, келесі топқа қояды.
7. «Жасырын сан» (жеке жұмыс)(интерактивті тақтада)

Әр сан артында сұрақ жасырылған. Оқушылар сандарды таңдау бойынша сұраққа жауап береді. Жауап берген сан ұпай болып есептелінеді.
1. С. Мұқанов Қай жерде туған?
2. С. Мұқановтың өлеңдерін ата.
3. С. Мұқанов қандай қызметтер атқарды?
4. С. Мұқановтың прозалық туындыларын ата.
5. «Сұлушаш» поэмасының тақырыбы, идеясы не?
6. Сұлушаш пен Алтайдың трагедиялық жағдайының басты себебі не?
7. «Сұлушаштың» реалистік шығарма екенін дәлелде.
8. «Сұлушаш» поэмасының маңызы неде?
8. Қорыту Кейіпкерлерге мінездеме береді.
9. Үйге тапсырма. «Сұлушаш образы» шығарма жазу.

Ақмола облысы, Зеренді ауданы,
Айдабол орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Махатова Зарина Дулатовна
2 928
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Мұқанов «Сұлушаш»
Сәбит Мұқанов «Сұлушаш»
Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру. «Сұлушаш» поэмасын талдау жасау арқылы меңгерту. Жазушының биік тұлғасы, туған халқына, оның әдебиетіне сіңірген еңбегін танып білу.
Сәбит Мұқанов “Сұлушаша” поэмасы (Қорытынды сабақ)
Сәбит Мұқанов “Сұлушаша” поэмасы (Қорытынды сабақ)
Поэма мазмұнын меңгерте отырып адамгершілікке, адалдыққа, шынайылық, рухани тазалыққа тәрбиелеу.
С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы (әдеби талдау)
С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы (әдеби талдау)
Сәбит Мұқановтың өмірі туралы мағлұмат бере отырып, жазушының шығармашылық зертханасына үңілу, талдау, «Сұлушаш» поэмасының мазмұнымен танысу, кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау, тақырыбы мен идеясын ашу;
Сәбит Мұқанов"Сұлушаш" романы
Сәбит Мұқанов"Сұлушаш" романы
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Көшенова Шара Шаймұханбетқызы
Cәбит Мұқановтың "Сұлушаш" поэмасы
Cәбит Мұқановтың "Сұлушаш" поэмасы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Ә. Жангелдин атындағы орта мектеп мұғалімі Насамбаева Жанар Темірханқызы
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×