Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай Құнанбайұлы «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі

15 қаңтар 2019, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі
Білімділік мақсаты: Абай ұлылығын терең сезіндіру, оқушыларға Абайдың махаббат лирикасына жататын өлеңдері тақырыбы жағынан, көркемдік сипат - өзгешелігін терең меңгерту, жатқа айту, өлеңді талдау машығын жетілдіру;
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық, олардың поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақ түрі: Жаңа бағдарлама бойынша топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс: ән – күй, бейнелеу.
Құрал – жабдықтар: Стикер, А3, смайликтер, интербелсенді тақта, слайдтар, буклет, кітаптар көрмесі.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Қызығушылықты ояту.
- Ережемен таныстыру.
- Оқушыларды ғашықтардың атымен топқа бөлу.
1 - топ. Еңлік - Кебек
2 - топ. Қыз Жібек – Төлеген
Абай шығармаларында отбасын құру, жар таңдау, әйел теңдігі, адал махаббат мәселесі ерекше сөз болған.
(экранға назар аударайық - Ғашықтық, құмарлық пен — ол екі жол )
«Ғашықтық, құмарлықпен — ол екі жол» таза махаббат сезімдерін қастерлейтін өлеңдер болса, «Мен сәлем жазамын»— ғашығына деген сағыныш сезіміне толы мұңды елең. Ал «Қор болды жаным» тіпті сағынышты, зарлы өлең деуге де лайық, бірақ қайғы мен үміт аралас келеді.

2. Ұй тапсырмасын сұрау. Күн бетінен бұлтты сейілту.
Бірінші анықтап алайық: Лирика дегеніміз не?
- Лирика - адамның көңіл - күйін, қуаныш - реніш сезімін білдіретін поэзия.
- Лириканың неше түрі бар, қане, бірге кім атап көрейікші.

Лирика бес түрге бөлінеді.
1. Табиғат лирикасы
2. Махаббат лирикасы
3. Философиялық лирика
4. Саяси лирика
5. Көңіл – күй лирикасы
Енді оқушылар сонымен бүгінгі тақырып лириканың қай түріне жатады екен? - Махаббат лирикасына жатады.

Дәптермен жұмыс.
Махаббат лирикасына жататын өлеңдері тақырыбы жағынан, көркемдік сипат - өзгешелігі жағынан да сан алуан.
Абай «Ғашықтық, құмарлық пен — ол екі жол» деген өлеңінде:
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол,— десе,
«Сен мені не етесің» өлеңінде:
Серт бұзғаның, біл, орны — шоқ,— дейді.
Алдыңғы өлеңінде мейірімділік, кешірімділік сарыны басым келсе, екінші өлеңінде сөзінде тұрмаған жар жазалы болады, о дүниеде қасірет шегеді дейді. Мұны ақынның екі өлеңіндегі екі түрлі көркемдік шешім тапқаны деуге лайық. Біріншісінде ақын (айтушы) адал сезімін білдіргендей болса, екінші өлеңінде ғашық жігіттің (өлеңдегі жинақталған лирикалық кейіпкердің) ғашығына, сүйгеніне мені тастап басқамен мүлде кетер болсаң, кейін осындайға душар боласың деп қимастықпен айтқаны байқалады. «Сен мені не етесің?» өлеңіндегі әр шумағы ұзынды - қысқалы он төрт тармақтан құралатын бұл өлшемді Абай өзі де басқа өлеңдерінде қолданбайды. Жастардың, көпшіліктің айтуына лайықтап жазған өлеңдерін ақын кең тараған жеті - сегіз буынды, алты буынды өлшеммен шығарған.

3. Суреттерді сөйлетіп көрейік. Өлең жолдарындағы сөздерге сәйкес суреттерді орнату.

«Миға шабуыл» әдісі
Абай шығарған әсем әндері мен аудармалары өзі шығарған әуендерімен халыққа кеңінен тарағандығын білеміз. Абайдың ғашықтық, махаббат туралы қандай әндерін білесіңдер?
- «Көзімнің қарасы», « Қор болды жаным», «Айтым сәлем, Қаламқас», «Татьянаның хаты» т. б.

Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Смайликтер арқылы өз ойын білдіреді.

Үйге тапсырма: - «Ғашықтың тілі - тілісіз тіл...» ойтолғау жазу.

«Рухани құндылық» сабақты қорыту
Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз;
Өмір мен өлім, адам жанының қалтарыстарымен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз;
Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп, он сегіз мың ғаламның құпиясы туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз;
Адамгершілік пен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
Абай Құнанбайұлы «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі жүктеу
3 439
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай Құнанбайұлы. «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі
Абай Құнанбайұлы. «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі
Абай Құнанбайұлы. «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі. Абай ұлылығын терең сезіндіру,
А. Құнанбаевтың өлеңдері (күнделікті сабақ жоспары)
А. Құнанбаевтың өлеңдері (күнделікті сабақ жоспары)
Абай Құнанбайұлының алдына қойған мақсаты қараңғы қазақтың көзін ашу, көңілін ояту оларды мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Осы мақсатпен ол оқушыларды оқу - білімге шақырған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі еді.
Абай Құнанбайұлы «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі
Абай Құнанбайұлы «Ғашықтық құмарлықпен – ол екі жол...» өлеңі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Күйкен орта мектебі» ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Икенова Тілектес
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасы
Түркістан қаласы, № 15 М. Жұмабаев атындағы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Өмірәлиева Майя Жетыбайқызы
Абайдың табиғат лирикасы
Абайдың табиғат лирикасы
РФ Алтай Республикасы, Қосағаш ауданы қазақ тіл мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Актанова Токжан Мудиновна
Абай өлеңдері
Абай өлеңдері
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×