Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Азық-түлік дүкеніне жол

10 наурыз 2013, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Азық - түлік дүкеніне жол
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Азық - түліктер тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау, алдыңғы сабақтарда меңгерген сөздерді әр түрлі жағдайда қолдана білуге үйрету. Ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Топтық түрде білім алуға баулу, жазбаша тапсырмаларды дұрыс, сауатты орындау дағдыларын, оқушылардың дүниетанымын, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру, бір - біріне қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: оқушылардың білімдерін ойын элементтері арқылы қорыту, жүйелеу сабағы.
Сабақ типі: ойын сабақ (саяхатқа шығу)
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, дидактикалық ойындар, жазбаша, ауызша, жеке, топтық, жұптық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, тапсырмалар, жауапшалар, топ аты, алдар көсе суреттері, бейджик, үлестірме қағаздар.
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, орыс тілі, математика.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу;
ә) Сыныпты түгендеу;
б) қонақтармен амандасу
Тіл дамыту сұрақтары:
- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
- Қыс айлары қандай?
- Қазір қай ай?
- Аптаның қай күні?
- Ауа райы қандай?
- Далада не жауып тұр?
Мақсатын, сабақта өткізілетін жұмыс барысын түсіндіру.
- Ал енді сабақтың тақырыбымен танысайық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Азық - түлік дүкеніне жол» деп аталады. Біз топтық жұмыс жасаймыз.
1 - топ -«Қыран»
2 - топ «Ұлан»
3 - топ -«Тұлпар»
- Балалар, сабағымызды бастамас бұрын тағы бір қонақпен танысайық.
Алдар көсе:- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар:- Сәлеметсіз бе!
Алдар көсе: - Менің атым - Алдар көсе. Дети, я сегодня пришел к вам с просьбой. Я заблудился. Помогите мне, дойди до продуктового магазина. Поможете?
Мұғалім:- Балалар, көмектесеміз бе?
Балалар:- иә.
Мұғалім: - Ол үшін біз әр түрлі аялдамада тапсырмаларды орындаймыз. Қай топ жылдам, қатесіз орындаса, сол топ Алдар көсеге тезірек көмектеседі.
Ал енді тақтаға қараймыз. Біз мына аялдамаларға тоқталамыз.
1. Дыбыстар әлемінде.
2. Қатесін тап.
3. Демалайық
4. Түймедақ
5. Сұрақ - жауап.
6. Сөйлесу.
1 - аялдама фонетикалық талдау жасаймыз. Ол үшін бірінші қайталайық.
- Дыбыстар қандай топқа бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар қандай топқа бөлінеді?
- Фонетикалық талдауды қалай жасаймыз?
Мына сөздерге фонетикалық талдау жасайды: шай, май, қант,
2 - аялдама –«Қатесін тап». Әр топқа қатесі бар сөздер беріледі. Оқушылар қатесін тауып, әріптерімен түзету керек.
1 - топ ---------2 - топ --------3 - топ
дүкен ---------кант -----------мәй
нән ------------сут -------------жумсак
суык ----------шужық -------айраң
кампит ------каймак-------катты
жузім --------туз ---------------ыстык
Ал, енді біраз демалайық. Ол үшін келесі 3 - аялдама «Демалайық та» Ангелинамен бірге жаттығу жасаймыз.
4 - аялдама –«Түймедақ». Үстелде жатқан сызба бойынша Алдар көсеге азық - түлік атауларын жазып беріп, есіне түсіреміз.
Сөре ----------- нан, сүт, балық, қант, шұжық, жұмыртқа, айран, қияр, ірімшік, ұн, қаймақ
Мәре.
5 - аялдама –«Сұрақ-жауап.»
- Балалар, біз сендердің көмектеріңмен дүкеннің алдына да келіп жеттік, есігін ашу үшін кілтте жазылған сұрақтарға жауап берейік.
Сұратар:
*Дүкенде не бар?
*Не қанша тұрады?
*кім не сатып алады?
6 - аялдама –«Сөйлесу». Балалар, біз дүкенге келдік. Енді Алдар көсеге керек азық - түліктерді алып беру үшін сатушымен сөйлесейік.(Әр топтан бір жұп шығып, сатушы мен сатып алушы болып рөлдік ойын көрсетеді.)
- Сәлеметсіз бе?
- Сәлеметсіз бе!
- Мынау қандай дүкен?
- Бұл азық - түлік дүкені. Не сатып аласыз?
- Мен ірімшік, шай, сүт аламын.
- Сүт қанша тұрады?
- Бір литр сүт жүз теңге тұрады. Міне, алыңыз.
- Рахмет, сау болыңыз.
Қорыту. Балалар, бүгін сендер жақсы жұмыс істедіңдер, қонағымызға көмектесе білдік. Қане, менің сұрақтарыма жауап беріңдерші:
- Сабақтың тақырыбы қандай?
- Сабаққа кім қонаққа келді?
- Қандай азық - түліктерді білесіңдер?
- Біз қайда бардық?
- Дүкенде кіммен сөйлестік?
- Өте жақсы, ал, енді біздің әділқазымыз сабақта қай топ қалай жұмыс істегені туралы бағалап айтып береді(топтардағы бағалау).

Бағалау, мадақтау.- Балалар, жарайсыңдар! Сендерге Алдар көсе көп рақметін айтты. Сау болыңдар.
11 342
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азық – түлік – Продукты
Азық – түлік – Продукты
Жаңа сөздерді білу, ол сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра алу, сурет бойынша әңгіме құрастыра алу, мәтінді түсініп оқи алу, сұрақтарға жауап бере алу
Азық - түлік
Азық - түлік
Азық – түлік аттарын қазақша атай алуға, естеріне сақтауға жаттықтыру; қандай?. Сұрағына жауап беру дағдысын жетілдіру. Тағамды қадірлеуге тәрбиелеу.
Азық - түліктер
Азық - түліктер
Астана қаласы №3 мектеп-гимназиясы Қазақ тілі мұғалімі Асанова Назира Куанышовна
Сусындар. Қандай?
Сусындар. Қандай?
БҚО, Орал қаласы, А. С. Макаренко атындағы № 6 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ракишева Миргуль Ерболатовна
Сүт тағамдары
Сүт тағамдары
«КММ №26 орта мектеп» Тогузова Динара Даулетканкызы
Дүкендер
Дүкендер
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Асаново ауылы, Асанов орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Желенко Римма
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×