Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сүт тағамдары

31 наурыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Cүт тағамдары.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға сүт тағамдарын түсіндіре отырып, ненің қайдан алатындығын пайдасын, технологиясын, сүт атауларын үйрету.
2. Дамытушылық: Топтық түрде білім алуға баулу, жазбаша тапсырмаларды дұрыс, сауатты орындау дағдыларын, оқушылардың дүниетанымын, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру, бір - біріне қамқор болуға тәрбиелеу. Сүттің пайдасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: оқушылардың білімдерін ойын элементтері арқылы жетілдіру, сөйлесім сабақ.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, дидактикалық ойындар, жазбаша, ауызша, жеке, топтық, жұптық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, тапсырмалар, жауапшалар, көрнекілік тағамдар суреттері
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, орыс тілі, математика.
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс - әрекеті. Оқушының іс - әрекеті:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
Сәлеметсіз бе, мұғалім.
1. Тілдік орта қалыптастыру:
Халдерің қалай?
Сабаққа әзірміз бе?
1. 2Сұрақ - жауап:

1. 3Сабақ мақсатымен таныстыру.
- Балалар бүгін біз сабағымызды жаңа модульдің тақырыбы - «Сүт тағамдары.» атты қызықты тақырыппен танысамыз. Бұл сабақта біз сендермен өз ойымызды айтып, сүт тақырыбына қатысты қызықты суреттермен, жаңаша жаңалықтармен танысамыз. Модуль бойынша сүт технологиясының ерекшеліктерін айқындаймыз. Грамматика бойынша сөз тіркесі, сөйлем түрлеріне тоқталамыз.
2. Фонетикалық жаттығу: Есіңде болсын, балам
Нан - қастерлі тағам.
Қоқымын оның шашпа
Жерге түссе баспа
Дейді атам маған.
1. Мұғалім оқиды.
2. Оқушылар хормен қайталайды. М/Ы: әр оқушы бір сөзден алып, буын бөліп, дауысты - дауыссызын ажыратады.
2. 1 Лексикалық жаттығу:
Мынау нелер, балалар? Бұл заттар қай дүкенде сатылады? Мынау - азық - түліктер. Ол азық - түлік дүкенінде сатылады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 3мин Суретті диктант
Нан
Ет
Жұмыртқа
Шұжық
Май
Ірімшік
Сүт
Тоқаш
Тосап
Ботқа
Балмұздақ
балық

ІV. Жаңа сабақ:

Сын - тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша сүт тағамдарын еске түсіреді.(тақтаға орындалады.)
- Осы балалар, сүтті қайдан аламыз?

Сөздік (тақырып бойынша)
Балмұздақ - морожное
Қымыз - кумыс
Шұбат - верблюжонное молоко
Суық - холодный
Ыстық - гоячий
Жаңа - свежый
Қаймақ - сметана
4. 2Жазбаша жұмыс: Өздік жұмыс: 3 - тапсырма. Мәтінді оқы, жаз.
Мынау –«Эмиль» фирмасы. Мұнда сүт тағамдары әзірленеді. Ол сүт тағамдары азық - түлік дүкендеріне сатылады. Сүт тағамдары өте пайдалы, кальцийге бай. Сүт тағамдарына: май, айран, ірімшік, балмұздақ, қаймақ, құрт, сүзбе жатады. «Эмиль» фирмасының тағамдары үнемі жаңа, жұмсақ, таза, пастерленген болады. Маған сүт тағамдары қатты ұнайды.

Сергіту сәті: Мульти кейіпкер арқылы жаттығу жасау.
4. 3. Ауызша жұмыс: 3 - тапсырманы топпен мәтінді оқимыз. аударамыз. сұраққа жауап береміз.

V Сабақты бекіту:
Ойын әдісі: Азық - түліктер атауымен сөз моншақ дайындау.
Сергіту сәті:
Алма кетті домалап
Көше бойы жағалап,
Кім алманы табады,
Сол ойыннан шығады.
Сабақты қорытындылау:
Сонымен, қандай сүт тағамдарын білесің?
Үй тапсырмасын беру: Жаңа сөздерді жаттау. Мәтінді мазмұндау.
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.
Бүгін барлығын тиісінше өз бағаларыңды алдыңдар.
Рахмет!
18 111
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық тағамдар. Сөз тіркестері
Ұлттық тағамдар. Сөз тіркестері
Қазақтың ұлттық тағамдары тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, оқушылардың тілін дамыту, тыңдай білуді және оймен бөлісуді үйрету, грамматиканы қайталау.
Қызықты грамматика (оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету жұмыстарына арналған)
Қызықты грамматика (оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету жұмыстарына арналған)
«Қызықты грамматика» таңдау курсының бағдарламасы - оқу қабілеті төмен балалар үшін түзету жұмыстарына арналып жазылған. Бағдарлама құру барысында даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ерекшеліктерін (танымдық, психикалық және тұлғалық) ескере отырып
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Оқушылардың сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеуге, сөйлем құрастыруға, тән дыбыстарды дұрыс айтуға, өзара сұхбаттасу дағдыларын дамыту
Зат есім
Зат есім
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сарсенова Сәуле
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, КМҚК «Ақерке» бөбек -жайы қазақ тілі маманы Шакенова Мерей Төлеубайқызы
Азық-түлік дүкеніне жол
Азық-түлік дүкеніне жол
Тогузова Динара Даулетканкызы «КММ №26 орта мектеп»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×