Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сусындар. Қандай?

10 мам 2014, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: "Сусындар. Қандай?" (слайд)

Орыс мектебінің 2 - сынып оқушыларына арналған сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы: Сусындар. Қандай?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: азық – түліктер тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау, алдыңғы сабақтарда меңгерген сөздерді әр түрлі жағдайда қолдана білуге үйрету, мәнерлеп оқу, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру, қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылып – жазылуына назар аударту;
Дамытушылық: жаңа сөздермен оқушылардың сөздік қорын молайту, өз беттерімен сөйлем құрауға үйрету, жазбаша тапсырмаларды дұрыс, сауатты орындау дағдыларын, оқушылардың дүниетанымын, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Нанның қасиеті туралы тәрбиелік мәні зор әңгіме ұйымдастыру.
Сабақтың түрі: оқушылардың білімдерін ойын элементтері арқылы қорыту, жүйелеу сабағы.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, дидактикалық ойындар, диалог, жазбаша, ауызша, жеке, жұптық жұмыстар, суретпен жұмыс
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, тапсырмалар, слайдтар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Тіл дамыту сұрақтары: Айтылым.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың қыс мезгілі.
- Қыс айларын ата.
- Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Қазір қай ай?
- Қазір қаңтар айы.
- Қыста ауа райы қандай болады?
- Қыста ауа райы суық болады, қар жауады, аяз болады...
- Қыста адамдар қалай киінеді?
- Қыста адамдар жылы киінеді.

3. Суретпен жұмыс: Тақтада қыс тақырыбына плакат ілінген. « Қыс» тақырыбын 1 оқушыға әңгімелету. Тыңдалым. Айтылым.
- Қыста қандай мейрамдар бар?
- Дұрыс. Тәуелсіздік күні мен жаңа жыл мейрамы бар.
- Жаңа жылда адамдар қайда барады, не алады?
- Дұрыс. Дүкенге барады, азық – түлік алады.

II. Үй тапсырмасын тексеру: Тыңдалым. Айтылым.
1. Жаңа сөздер: азық – түліктерге қатысты сөздерді « Мұғалім мен оқушы» ойынын ойнату арқылы тексеру. Яғни, тақтаға мұғалім рөлінде оқушы шығып, оқушылармен диалог жүргізеді:
- Мынау не?
- Мынау - шұжық.
- Мынау нан ба?
- Жоқ, бұл - ірімшік.
- Нан қандай?
- Нан - жұмсақ.
- Кәмпит қандай?
- Кәмпит - тәтті.
2. Мақал - мәтел, тақпақ айту: Айтылым.
- Балалар, ең басты тағам қандай?
- Дұрыс, ең басты тағам – нан.
- Қандай өлең, мақалдар білеміз?
« Ас атасы – нан», « Дастарқанда нан болмаса, Тамақта мән болмас»
,, Нан иісі’’ - тақпақты жатқа айту.
Сергіту сәті: Нанды шашпа,
Аяғыңмен баспа.
Жерде жатса көтеріп,
Торғайларға таста.
- Нанды шашуға бола ма?
- Аяқпен басуға бола ма?

3. «Азық – түлік»дүкенінде – диалог. Тыңдалым. Айтылым.
Екі – үш оқушыдан шығарып, «Дүкенде» ойынын ойнату. Сатушы мен сатып алушы болып рөлдік ойын көрсету.
- Қыз өз кезегін әжеге берді, ол дұрыс істеді ме?
- Ондай оқушыны қалай атаймыз?
- Азық – түліктер біздің организмге қаншалықты қажет болса, біз тағы несіз өмір сүре алмаймыз?
- Дұрыс. Сусыз.
- Суды ішеміз, тамақ пісіреміз, жуынамыз...

III. Жаңа сабақ: Сусындар. Қандай? ( Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту)
1. Жаңа сөздер: Тыңдалым. Айтылым. Жазылым.
Сусындар – Напитки
Шырын – Сок
Жылы – Теплый
Суық – Холодный
Ыстық – Горячий
Тәтті – Сладкий
Жұмсақ – Мягкий
Дәмді – Вкусный
Тоңазытқыш – Холодильник
1. Сөздерді оқу, оқушыларға оқыту
2. Сөздерді буынға бөлу
Су - сын - дар, шы - рын, жы - лы, су - ық, ыс - тық, тәт - ті, жұм - сақ, дәм - ді, то - ңа - зыт - қыш ( қандай?
3. Сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату
Жылы сүт, суық су, ыстық шай...
Бүгін күн суық. Мен шырын сатып алдым.
2. Мәтінмен жұмыс: Тыңдалым. Оқылым.
Мынау – азық - түлік дүкені. Дүкен кең, таза, жарық. Дүкенде нан, май, қант, шұжық, ірімшік сатылады. Сусындар бөлімінде шырын, су, сүт, айран сатылады. Салқын сусындар тоңазытқышта тұр.

3. Суретпен жұмыс: Сұрақ – жауап:
- Бұл не?
- Бұл - дүкен.
- Бұл қандай дүкен?
- Бұл - азық - түлік дүкені.
- Дүкен қандай?
- Дүкен - үлкен, жарық.
- Дүкенде нелер сатылады?
- Дүкенде азық - түліктер, сусындар сатылады.
- Қандай сусындар сатылады?
Дүкенде су, шырын, айран сатылады.
- Сусындар қайда тұр?
- Сусындар тоңазытқышта тұр.
Сергіту сәті:
Дүкенге біз барамыз,
Қолға сөмке аламыз.
Кәмпит, айран, шырынды
Алып үйге қайтамыз.

4. Тапсырма: Суретте берілгендерді топтап айтыңдар. Айтылым.
5. Дәптермен жұмыс: 137 – бет, 4 – тапсырма. Жазылым.
6. Тірек кесте: Қандай? сұрағына сөздерді атап, тірек кестені толтыру.

7. Сабақты «Пальма» ойынын ойнату арқылы бекіту:
- Мынау не?
- Мынау маймыл.
- Маймыл қайда отыр?
- Маймыл нені жақсы көреді?
- Маймылдың қолында не бар?
- Қолында неше банан бар?
- Маймылға көмектесеміз бе?
Мына банандарда тапсырма жазылған. Сол тапсырмаларды орындасақ, банандарды пальмаға ілеміз.
- Сусындар қайда сатылады?
- Шай қандай болады?
- Сладкий сөзінің аудармасы?
- Жұмсақ сөзінің аудармасы қалай болады?
- Сүттің түсі қандай?
- Кәмпиттің дәмі қандай болады?

8. Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау, мәтіннің мазмұнын айту.
Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 496
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты грамматика (оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету жұмыстарына арналған)
Қызықты грамматика (оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету жұмыстарына арналған)
«Қызықты грамматика» таңдау курсының бағдарламасы - оқу қабілеті төмен балалар үшін түзету жұмыстарына арналып жазылған. Бағдарлама құру барысында даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ерекшеліктерін (танымдық, психикалық және тұлғалық) ескере отырып
Адамға пайдалы сусындар
Адамға пайдалы сусындар
Сусындардың түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мағлұмат беру, жаңа сөздерді меңгерту, жалғау түрлерін қайталап, деңгейлік тапсырмалар орындату.
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
Оқушылардың сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеуге, сөйлем құрастыруға, тән дыбыстарды дұрыс айтуға, өзара сұхбаттасу дағдыларын дамыту
Сүт тағамдары
Сүт тағамдары
«КММ №26 орта мектеп» Тогузова Динара Даулетканкызы
Азық-түлік дүкеніне жол
Азық-түлік дүкеніне жол
Тогузова Динара Даулетканкызы «КММ №26 орта мектеп»
Кітапхана тарихынан
Кітапхана тарихынан
Ақтөбе қаласы № 53 орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Изтлеуова Айнур Жаксыбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×