Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

22 наурыз 2013, Жұма
Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев. «Аққулар ұйықтағанда».
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Сезіммен өлең өрген жыр пырағы Мұқағали туралы дерек беру, поэманың тақырыбы, тілі, идеясы туралы кеңінен түсініктер беру.
ә) дамытушылығы: Ақын тілімен салынған табиғат суреті арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын, жасөспірімдердің табиғатқа деген адами қарым - қатынасын шыңдау.
б) тәрбиелілігі: Қоршаған ортаны аялай білуге баулу, мәнерлеп және шығармашылық оқу дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: Пәнаралық байланыс деңгейіндегі жаңа сабақ
Көрнекі құрал: Мұқағали суреттері, кітаптары, «Жетімкөл»суреті бейнеленген шыршалы тоғайдың, аққудың суреті, бейнежазба.
Пәнаралық байланыс: Биология, музыка, бейнелеу өнері.
Сабақтың құрылымы:
1. Жаңа материалға тірек болатын білім мен іскерлікті жаңғырту.
2. Жаңа сабақ «Поэма осылай туған еді».
3. Мәтінмен жұмыс.
4. Сурет, бояу құдіреті.
5. Ой толғау. Қасиет, қасірет туралы поэма.
6. Рольдерге бөліп оқу.
7. Үйге тапсырма.

Тақтада ілінген тақырыпқа сай жазулар мәтіні:
«Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,
Мен - дағы өлең жазбаймын ермек үшін,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.»

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушыларды 3 топқа бөлу, дөңгеленте отырғызу.
- Топқа бөлу, ат қою.

II. Үй тапсырмасын пысықтау.
- Өткен сабақтағы Мұқағали Мақатаев өмірі, шығармашылығына тоқталдық, Жаңа сабағымыз да М. Мақатаев шығармашылығына байланысты болғандықтан үй тапсырмасына шолу жасайық. Сендерге берілген үй тапсырмасы:
«Ақынның өмірін, өзіңе ұнаған өлеңдерін жатқа оқу, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқып келу.
а) Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім.
Қарауытқан таңдардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан...
ә) Арпалысып ақылмен, төзімменен,
Бір сәт те дем алмайды сезім деген.
Шыр етіп жерге түскен шілдехана
Келеді дүниені кезуменен. ( «Сезім» өлеңі толық оқылады)
- Осылайша оқушылар ақын шығармаларының өздеріне ұнаған жолдарын жатқа оқиды.
Мұғалім:- Жақсы, балалар, енді Мұқағали өміріне шегініс жасайық. Қане, кім айтады?
- Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Энгельс атындағы колхоздың Қарасаз деген жерінде дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен қария сол өңірде тұңғыш колхоз ұйымдастырушы. Сұрапыл соғысқа өз тілегімен аттанады. Калининград майданында ерлікпен қаза табады.
- Балалық шағынан ерте есейді. Үш ұлымен қалған анасы Нағимаға ұлдарын өсіру оңайға түскен жоқ. 10 - сыныпты бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласты. Алдымен ауыл советтің хатшысы, комсомол қызметкері, жеті жылуың мектеп мұғалімі болып кызмет істеді.
- 1960 жылы басында Нарынқол аудандық «Советтік шекара»
газетінде қызметін бастағаннан кейін ол кейін «Жұлдыз» журналында жалғастырады. 1962 жылы ақынның поэзияға келу жолы басталады.
Тақтамен жұмыс. Мұғалім сөзі: - Ал, енді, тақтамен жұмыс жасалық. Ақынның қандай шығармалары бар екен, схема түрінде жазып көрелік.

Мұқағали туындылары
Дариға жүрек
Армысың, адамдар
Аққулар ұйықтағанда
Өмір – дастан Райымбек, Райымбек

Атамекен

Ал, енді сұлу сөзінің синонимін табайық.(сұлу, ажарлы, келбетті, әсем...)
Ізденушілік./Әр топқа жеке - жеке сұрақтар беру/
I - топ. 1) Аққудың рең әсемдігін айқындарлық сөздерді табу.
II - топ. 1) Табиғаттың ерекшелігін білдіретін жолдарды тап.
2) Теріс ниетпен көлге барған ана толғанысы қалай суреттеледі?
( Әр топ жауап береді)

Суретте, бейнеле.
- Туған жер, Жетімкөл сұлулығы, аққу үні, ақын сезімі шығармада қалай бейнеленген? (Әр топ сурет салады, кейін талдайды.)

Оқулықпен жұмыс.
- Ананың психологиялық жай – күйін ақын қалай берген? Тауып оқы. Қандай бейнелі, көркем тіркестерді көріп тұрмыз?
/Жылқышы – ана – автор./

Мәнерлеп жатқа оқу. (206 – бет. Соңғы абзац.)
- Ананы қасиетке оқ атуға мәжбүрлеген не?
- Баласының өлімінен кейінгі ананың күйін ақын қалай жырлайды?
(Әр топтан оқушылар мәнерлеп жатқа оқиды.)
(Әр топ берілген сурет тапсырмасын тақтаға шығып, жауап береді)

Сөздіктер елінде. / Таны, есте сақта /
(Оқушы поэмадағы өзі түсінбеген сөздерге белгі қойып отырады)
- Интерактивті тақтада қиын сөздердің баламасы жазылған. Қосымша
ауызша да жауап беріледі.

Еркін жауап.
- Ақын туралы, поэма туралы тағы не айтуға болады? / Оқушы ізденісі,
жергілікті жер материалымен таныстыру./

Ақынға хат жазу.
- Алдын - ала берілген тапсырма. Оқушылар баяндайды.

Болжау.
- Сен оқиғаны қалай аяқтаған болар едің?
(Әр топтан 1 - 2 оқушы өз ойларын айтады.)

Үкім.
- Аққуды атуға бола ма?(Әр топ дәлелдемесі, ойы.)

Қорытындылау, бекіту.
- Құрметті оқушыларым, жерлес ақын апамыз Фариза Оңғарсынова
«Мұқағалидай ақыны бар халық - бақытты халық» деген екен. Олай болса, ақынның өміршең шығармасымен танысқан сендер сол бақытты халықтың бақытты ұрпағысыңдар. Ендеше, сұлулықты жанымен сүйген ақынның аса құрметтеген адамның бірі, сазгер Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдайық.

Үйге тапсырма, бағалау.
- «Ақын және аққу» тақырыбына шығарма жазып келу.
- Оқушыларды мадақтау.
16 562
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Поэмаға талдау жасай отырып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жайында игерген білімдерін тереңдету, поэманың идеясын, мақсатын ұғындыру.
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы әйел - ана мен көл еркесі – аққу бейнесі
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы әйел - ана мен көл еркесі – аққу бейнесі
Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұрындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін мәтінге сүйене отырып, нақты дәлелдер арқылы түсіндіру.
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Ана мен бала, адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынастың жырдағы көркемдік шешімін таба білуге үйрету.
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нұрғалиева Марзия Мубаракқызы
Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×