Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

19 ақпан 2014, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев: «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: - оқушылардың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жайында игерген материалдарын нақтылау, шығармашылықпен жұмысқа үйрету;
2. Дамытушылығы: - шығармаға жан - жақты талдау жасау арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту, дамыту, дүниетанымдарын кеңейту;
3. Тәрбиелігі: - оқушыларға поэзияны сүйе отырып сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттеріне, қоршаған ортаны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, ақынның суреті, үлестірмелі перфокарталар, ақынның өлеңдер жинағы, үнтаспа.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, БиС технологиясының элементтері, салыстыру, ой жинақтау, пікір талас.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқушылармен амандасып, жоқ баланы белгілеу, сабаққа дайындықтарын шолып шығу.
В) Оқушыларды үш топқа бөлу, атын тағайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. /ОММ/ арқылы лездік сұрақтар жүргізу.
1. Ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығы
І. Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевты кім деп танимыз? /сыршыл, лирик, патриот ақын, сазгер/
2. Қандай поэмалары бар? / «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек, Райымбек», «Мұзбалақ», «Қош бол қырандар»/
3. Ақын сөзіне жазылған қандай әндерді білеміз? / «Үш бақытым», «Есіне мені алғайсың», «Бақыт деген», «Сәби болғым келеді» /
4. Алғашқы өлеңін неше жасында кімге арнады? /9 жасында «Әкеме»/.
5. Ақынның үш бақыты. /Халқым, тілім, Отаным Туған халқы, Ана тілі, Атамекені. /
6. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы қай жылы жазылды және неше жолдан тұрады? /1973ж, 1721/ 7. Ақынның анасы, әжесі және сүген жары? /Нағима, Тиын, Лашын/
8. Мұқағали Мақатаев қай пәннің мұғалімі болған? /орыс тілі пәнінің/
9. Ақын достары. /Фариза Оңғарсынова, Әбдіке Асанов, Ғабит Мүсірепов/
10. Өз қалауларыңыз бойынша ақын өлеңдерінен үзінді оқып көрейік.

ІІ. Проблемаға шығу. - Ақынның поэмасына арқау болған тақырып?
Тақырып: Сұлулық, Махаббат, Зұлымдық.
Тақырыпты ашу мақсатында зерттеу жұмысын жүргізейік. Енді балалар Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының басты кейіпкерлерін атайық /Ана, Аққу, Бала/ Олай болса бүгінгі сабағымызды үш топқа білініп өткізейік.

«Ана» тобына
1. Ана аққуды неге атпақ болды?
2. Аққуды ату кезіндегі ана әрекетіне баға беріңдер.
3. Құсты құлатқаннан кейінгі ана өкініші.
4. Бала өлімін көрген ана қасіреті қалай көрсетілген?
5. Аққуды атқан ана кінәлі ме?

«Бала» тобына
1. Ауру бала?
2. Жалғыз ұл.
3. Тәуіп айтқан ем.
4. Жолында анасын құрбан еткен бала
5. Өліп жатқан бала

«Аққу» тобына
1. Беу, дүние – ай, Жетімкөл қандай еді?!
2. Жетімкөлдің аққулары.
3. Аққу киелі құс.
4. Ақын және аққу. /ана мен бала арасындағы махаббат/
5. Жетімкөлден сән кетті.

ІІІ. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру. /жазбаша/

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 352
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Поэмаға талдау жасай отырып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жайында игерген білімдерін тереңдету, поэманың идеясын, мақсатын ұғындыру.
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы әйел - ана мен көл еркесі – аққу бейнесі
М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы әйел - ана мен көл еркесі – аққу бейнесі
Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұрындыру себебін таныту, қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін мәтінге сүйене отырып, нақты дәлелдер арқылы түсіндіру.
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Ана мен бала, адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынастың жырдағы көркемдік шешімін таба білуге үйрету.
Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Астана қаласы, Басқару колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы, филология магистрі Алиева Салтанат Бердуақасқызы
Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×