Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Орфографиялық жұмбақтар

25 маусым 2013, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Орфографиялық жұмбақтар
Сабақтың мақсаты: 1. Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер туралы айтып,
білімдерін жүйелеу.
2. Топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
3. Тілдерін, сөздік қорларын дамыту
Сабақтың түрі: өтілгенді пысықтау сабағы
Сабақтың типі: дәстүрдентыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: қызықты грамматикалық сұрақтар сызбасы, үлестірмелер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өтілгенді пысықтау
1. Сөз деген не?
2. Оның негізін не құрайды?
3. Сөздің құрылымындағы дыбыс пен әріп саны үнемі бірдей бола бере ме?
4. Мысал келтіріп, дәлелдеңдер

ІІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, бүгін біз жоғарыда айтылған мәселелер бойынша қайталау, пысықтау жұмыстарын жүргіземіз. Ол үшін сіздер екі топқа бөлініңдер. Сосын менің берген тапсырмаларымды орындаңдар. Ал, кәне, дайынсыңдар ма?

І. Кім сөз жасай алады?
(төмендегі дыбыстарды тиісінше тіркестіріп, сөз құраңдар
І топқа:
таа ашағ тсыу млбаа зық

ІІ топқа:
ққаза ітл аадм іжітг наа

Жауаптары: (ата, ағаш, туыс, балам, қыз, қазақ, тіл, адам, жігіт, ана)

ІІ. Бұл қай сөз?
( төмендегі торкөздерге жазылмай қалған әріптерді жазып, сөз құраңдар)
І топқа:
_а_а_ _ _а_
(Қазақстан)
_а_а_а_ _а_ _а_
(Қарақалпақтар)

ІІ топқа:
_ы_ _ы_ы_ _ы
(қызғылықты)
т_т_ _ _т_ _
(Татарстан)

ІІІ. Кім айтып жіберер екен?
(қойылған сұрақтарға қай топ бірінші жауап береді, сол топқа ұпай алады)
1. «Ш»- дан басталып, «ш» - ға аяқталатын қай малдың аты? (шыбыш)
2. «Ж»- дан басталса, жыл мезгілі, «қ»- дан басталса, ол - құс белгілі. (Жаз, қаз)
3. Фонетикалық екі ұғым,
Бірімен бірі сыбайлас.
Бірі айтылады да, естіледі,
Екіншісі жазылады да, көрінеді.

4. Бір ағашта отыз жеті алма бар.
Оны жемек болсақ,
Он екісі тамағыңнан еркін өтеді,
Қалғандары қақтығып барып өтеді.

ІY. Әріптерді қосып оқыңдар
(жауап жазбаша түрде беріледі)
Ж п н д б р н р с б р у з ж б қ ш л р
м з г л н д б у р н ж з п ш н д т л п
ж т қ н қ з н с б р қ р к қ п п й д

А а а і е е а а ы а ы а ы а е і і е а
ы а ы і і е о ы а а а ы а а ы а о е
ы а а

(Дауыстыны дауыссызға қосып оқыңдар. Сонда бір жұмбақ шығады. Ол не деген жұмбақ? Шешуі не?
Жауабы: Жапанда бір нәрсе бар ауызы жабық,
Ашылар мезгілінде бауырын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайдаланар тамам халық. (кітап)
Y. Орнына қой...
(Көрсетілген әріптердің тиістісін орнына қойып, жазыңдар)
І топқа:
Ше(г, к) ара, ба(ш, с) шы, Жа(м, н) пейіс
ІІ топқа:
Сө(з, с) сіз, сә(н, ң) қой, Қорға(н, м) бек
YІ. Бұл қандай ықпал?
(Алдыңғы сөздерді соңғыларына тіркеп айтып көріңдер)

І топқа:
Боз, қоңыр, қызыл, ту + қой
ІІ топқа:
Ала, торы, сары, көк + ат

YІІ. Неше әріп, неше дыбыс?
(Сөздердегі дыбыс пен әріп сандарын айтыңыз)
І топқа:
Ноян, таяқ, аялда, тоғай.
ІІ топқа:
Қоян, аяқ, жаяу, мая

YІІІ. Кім шапшаң?
(Ішінде «һ) дыбысы бар бірнеше сөз ойлап, жазыңдар)
Қорыту: Сонымен, балалар, дыбыс пен әріптің айырмашылығы мен жазылуындағы ерекшелігін еске түсірдік, олай болса, төмендегі диктант арқылы есте сақтауға тырысайық, оны өздерің толықтырыңдар:
Қазақ тілінде... әріп бар. Оның... дыбыс. Дыбыс... бөлінеді. Дауысты дыбыс..., ал дауыссыз дыбыс.... Дыбысқа...,...,...,...,... әріптері кірмейді. Оның ішінде...,... таңба, ал...,...,... дыбыстары қосарлы дауыстылар қатарына жатады. «Ю»дыбысы... +... дыбыстарының қосын - дысы, «Я» дыбысы... +... дыбыстарының қосындысы, ал «Ё»дыбысы... +... дыбыстарының қосындысы.
(Соңында топтардың жинаған ұпайларын есептеп, жеңімпаз топты анықтап, марапаттаулар жасау)
7 961
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз құрамы
Сөз құрамы
2 - сыныпта өткенді қайталау, жүйелеу; сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөз және оның мағынасы туралы түсініктерін пысықтау; сөзді талдау қабілеттерін дамыту; сөз мағынасын ұғыну қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін дамыту;
Негізгі және туынды етістік
Негізгі және туынды етістік
мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Бәрін білгім келеді, Қортынды сабақ
Бәрін білгім келеді, Қортынды сабақ
Балалардың алған білімдерін пысықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тілдерін жетілдіру, біліп – үйренуге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Петропавл қаласы, «№ 42 орта мектеп» КММ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманжолова Т. Т.
И, й, у әріптерінің жазылуы
И, й, у әріптерінің жазылуы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Матаева Жанар Махамбетиярқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×