Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейімбет Майлин «Түйебай» әңгімесі

18 ақпан 2015, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин «Түйебай» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік – Бейімбет кейіпкер характерін сомдайтын жазушы екендігін ұғындыру.«Түйебай» әңгімесі арқылы сол кездегі молдадағы оқу және оның шынайы көрінісімен танысу, мәтіннің мазмұнын меңгерту.
ә) дамытушылық - жазушы тілін зерттеу, тіл көркемдігін таныту, оқушыларды өз бетінше іздену жұмысын жасауға жетелеу.
б) тәрбиелік – білімге, мейірімділікке, еңбекке, намысқойлыққа баулу. Қатігездікке, зорлық – зомбылыққа төзбеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, СТО әдістері проблемалық әдіс.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, өзін - өзі тану.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу;
ә) Кезекшімен сұхбат.
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
в) Топқа бөлу.

ІІ. Қызығушылықты ояту.
Үш бәйтерек
Үш бәйтерек.... Үшеуінің туысы қандай бірдей болса, тұрысы қандай әр бөлек. Біреуі – дәйім биікке талпынып, алға ұмтылған өр халықтың асыл арманындай асқақ, біреуі – талайды бастан кешіп, тауқыметке төзіп өскен қауымның сарқылмас сабырынан жаратылғандай сом, мығым. Біреуі – көпті көріп, көпті сүйген халықтың парасат – парқын, арман – аңсарын, мұқалмас жігерін кең қамтып, кемел сіңіргендей қуатты да нәрлі. Үшеуі де – халқы мен заманның ауыздарынан түсе қалғандай адал ұл. Үш бәйтерегіміз биыл 120 жасқа толып отыр.
Оқушылардың Б. Майлин шығармаларымен қаншалықты таныстығын анықтау.
( Б. Майлин - көркем прозаның зергері, сыршыл да сыншыл лирик, әрі суреткер ақын, драматург, публицист).

Сенің зарың - зарлайтыным өмірде
Сенің арың - арлайтыным өмірде,
Сен не көрсең, мен де соны көремін,
Белді буғам ауырға да, жеңілге.
Сен жыласаң - көзден жасым тамшылар,
Сен қуансаң - қайғы - шерім ашылар.
Айт өлеңді ен даланы жаңғыртып,
Қойшы - қолаң, кеше жүрген малшылар.
Үй тапсырмасын жаңа тақырыппен байланыстыра отырып талдау.

ІІІ. Жаңа сабақ
а) Мұғалім сөзі:
Бейімбет – қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының шебері. «Жырлағаным - кедейдің жыры» деп өзі айтқандай, Б. Майлин шығармашылығы - өзі өмір сүрген уақытпен, сол уақыттағы қалың көпшілікпен біртұтас. Сонау 30 жылдары жазылған әңгімелері күні бүгінге дейін кез - келген қазақтың аузынан түспейтін көркем шығармасына айналды.
Сөз зергері қай шығармаларын болса да өмірден алып, қоғамдық жағдайды, мезгіл ажарын дәл бейнелеп отырған.
- Үйден сендерге «Түйебай» әңгімесін оқып, әр топқа зерттеу жұмыстарын жүргізіп келу тапсырылған.
І топ
1. Бейімбет Майлиннің әңгімесі неге «Түйебай» деп аталған?
2. Түйебайдың молда оқуындағы жағдайы қандай еді?
3. «Сен бақыттысың ғой» деген сөзді аузымен айтпаса да, көзқарасы еріксіз білдірерлік еді дегенге қандай пікір айтасың?
ІІ топ
1. Әңгіменің бас кейіпкері кім?
2. Түйебайдың ата - анасының тұрмысы қандай?
3. «Шоқынып кетсем де, енді молданын алдын көрмеймін» деген қорытындыға неге келді?
ІІІ топ
1 Молданын алдынан кеткен Түйебайдың өмірі қалай жалғасты?
2. Молда неге Түйебайға өшікті?
3. «Аштан өлсем де, байдың қойын бақпаймын» деп, сол сағатында Түйебай неге айта алмады?

І топ
1. «Түйебай» әңгімесін композициялық құрылысына талдау
ІІ топ
1. Мәтіннен портрет пен пейзажды табу
ІІІ топ
1. Автор болсаң, «Түйебай» әңгімесін қалай аяқтар едің?

І топ
1. «Түйебай» әңгімесін сурет арқылы жеткізу
ІІ топ
1. Кластер «Түйебай қандай бала?»
ІІІ топ
1. Эссе «Біз бақытты баламыз...»

Тұжырым жаса:
Не себепті Түйебай өз заманында құқығын қорғай алмады?
Егер де Түйебай бүгінгі заманда өмір сүрсе, өмірі қалай болар еді?
Молда алдындағы оқу мен қазіргі оқудың қандай айырмашылығы бар?

Бағалау. Оқушылардың еңбектерін бағалау
Үй тапсырмасы:
Әңгімеден күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді жазып келу,
«Адам болатын бала алысқа қарайды» ойтолғау
11 260
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б. Майлин «Түйебай»
Б. Майлин «Түйебай»
Әңгіме мазмұнын оқи отырып, салыстыра талдау арқылы өзіндік анализ жасай білуге, кейіпкер бейнесін ашуға мүмкіндік алады
Бейімбет Майлин. «Айранбай» әңгімесі
Бейімбет Майлин. «Айранбай» әңгімесі
«Айранбай» әңгімесі арқылы сол кездегі қазақ тұрмысы және оның шынайы көрінісімен танысу; дамытушылық - жазушы тілін зерттеу; тәрбиелік – еңбекке, намысшылдыққа баулу.
Б. Майлинннің «Түйебай» әңгімесіндегі кейіпкерлерге мінездеме
Б. Майлинннің «Түйебай» әңгімесіндегі кейіпкерлерге мінездеме
Тақырыбы: Б. Майлинннің «Түйебай» әңгімесіндегі кейіпкерлерге мінездеме
Бейімбет Майлиннің «Түйебай» әңгімесін оқыту
Бейімбет Майлиннің «Түйебай» әңгімесін оқыту
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» КММ бастаушы ауылы Байкубинова Роза Картаевна
Елім деп жырлаған үш бәйтерек
Елім деп жырлаған үш бәйтерек
Тақырыбы: «Елім деп жырлаған үш бәйтерек» (мәнерлеп оқу сайысы) Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды Бейімбет, Ілияс, Сәкен жайлы тың деректермен таныстыру, талдау, қолдану, жүйелеу, салыстыру.
Бейімбет Майлин «Айранбай» әңгімесі
Бейімбет Майлин «Айранбай» әңгімесі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×