Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыр алыбы, Жамбыл ата!

26 қаңтар 2014, Жексенбі
«Жыр алыбы, Жамбыл ата!» (7 - сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік – Жамбылдың шығармашылығынан тереңірек меңгерту, өлеңдерінің мағынасын аша отырып түсіндіру, мәнерлеп оқу, өлеңді талдауға бейімдеу;
тәрбиелік – оқушылардың өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіре білуге баулу, Отанды сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру; дамытушылық - оқушылардың өз бетінше ойланып қорытынды жасай білуге төселдіру, шығармашылық жұмыс арқылы тілдік қорын молайту, ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру,
Сабақ түрі: жаңа білім беру, топтық жұмыс, жарыс сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, талдау, шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сурет, үлестірмелі кәртішкелер.
Пәнаралық байланыс: тарих, сурет.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын ретке келтіру, оқушы назарын сабаққа аудару.
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын жинақтау мақсатында «Ой қозғау».
- Балалар, бүгінгі, ертеңгі және болашақтағы мақсатымыз не?
(Оқу, білім алу. Тәртіпті болу. )
- Жақсы балалар, бәрің дұрыс жауап бердіңдер. Ал ол үшін не істеуіміз керек.
- Сабақты жақсы оқу, үлкенді сыйлау, алдымызға мақсат қою, соған жету үшін іздену.
- Ата - аналарымыздың ақыл сөздерін есте сақтау, ұстаздарымыздың ақыл - кеңестерін тыңдау, білімді, тәрбиелі, жан - жақты дамыған оқушы болу.
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызды топтық әрі жарыс сабақ түрінде өтеміз. Сендерді «Дана» және «Дара» атты екі топқа бөлемін. Жетекшілерді белгілеймін. Сабақ соңында қорытындысы, оқушылардың белсенділігі анықталады. Жетекшілер өз тобы оқушыларының білімін жауап парақшасы арқылы бағалап отырады.

II. Үй тапсырмасын сұрау.
Екі топқа бірдей сұрақтар қойылады.
1. Жамбыл өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.
А) Қай жылы, қай жерде туды? Қашан қайтыс болды?
Ә) Неше жасынан бастап айтысқа түсті?
Б) Ұстазы кім болған?
В) Қандай шығармаларын білесіңдер?
Г) Жамбылмен тұстас қандай ақынды білесіңдер?

III. Жаңа сабақты бекіту.
1 - топқа « Аттандыру» өлеңіне талдау жасау.
2 - топқа « Алғадай туралы әрбір ой» өлеңіне талдау жасау.
Оқушылардың пікірін тыңдай отырып түсініктеріне көңіл бөлу.
- Өлеңді мәнерлеп оқыту
- Әдеби - теориялық талдау жасау
- Өлең қандай үлгіге жататынын айту.
- Өлеңнің құрылысына талдау.
- Осы өлеңдерді соғыс оқиғасымен байланыстыра отырып түсіндіру.
- Ауыз әдебиетінің қай түрімен сабақтасатынын айту.

IV. Осы екі өлеңге ортақ кейіпкер кім? Жамбылдың ұлы Алғадай.
Ал енді Алғадайдың бейнесін көзімізді жұмып бір сәт көз алдымызда елестетіп өтейік те, бейнесін қағазға салайық.
Топ жетекшілері салған Алғадайдың бейнесін ортаға шығып қорғайды.

V. Сабақты қорыту.
«Жамбыл кім?» деген сұрақ көлеміндегі жауаптармен қорыту.
Жамбыл

Суырып салма айтыскер ақын
Аяулы әке
Ұстаз
Тілге шешен, жыршы
Домбырашы, күйші
Қоғам қайраткері

VI. Үйге тапсырма. « Ана әлдиі» өлеңін жаттап келу.
VII. Бағалау. Топ жетекшілері пікірлерімен санаса отырып білімдерін бағалау.
9 611
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Жамбыл Жабаевтың сатиралық өлеңдері "Кәдірбайдың төбеті" атты өлеңі
Жамбыл Жабаевтың сатиралық өлеңдері "Кәдірбайдың төбеті" атты өлеңі
Оқушылардың ақын туралы алған білімдерін молайту, сатиралық өлеңдері мен таныстыру. Ақын өлеңдері арқылы жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, шындықты ашық айту дағдыларын арттыру.
Жамбыл Жабаев
Жамбыл Жабаев
Атырау қаласы, № 6 орта мектептің қазақ тіл әдебиет пәні мұғалімі Әбуова Орынша Сақтағанқызы
Жыр алыбы - Жамбыл
Жыр алыбы - Жамбыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі. Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Жамбыл шығармаларының негізгі тақырыбы
Жамбыл шығармаларының негізгі тақырыбы
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда ауылы, Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×