Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жамбыл шығармаларының негізгі тақырыбы

21 ақпан 2013, Бейсенбі
Сабақ тақырыбы: Жамбыл шығармаларының негізгі тақырыбы
Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларға Жамбыл өлеңдерінің мәнін ашып меңгерту, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
2. Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына,тіл байлығының артуына ықпал жасау, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жол ашу.
3. Патриотизмге, адамгершілікке баулу, сөз өнерін қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: шығармашылық – ізденіс
Сабақ көрнекілігі: Жамбыл портреті, шығармалар жинағы, кеспелер, әдебиеттік хрестоматиялар, сызба, нақыл сөздер
Сабақ әдісі: мәнерлеп оқу, теориялық талдау, шығармашылық жұмыс, жаттау

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
А) Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымын тексеру;
Ә) Оқушылар назарын өлең жолдарымен сабаққа аудару.
«Өнер алды – қызыл тіл»,
Анаңдай оны құрметте!
Қажымай, талмай үйрен, біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл – асыл қазына,
Байлығың - білсең ол сенің.
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің,- деп сөз асылын,
өлең қасиетін сезінетін кезекті әдебиет сабағын бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Кәне, балалар, өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығын таныдық?
- Жамбыл кім? ( Топтастыру бойынша)
- Қай жылы, қайда дүниеге келген?
- Жамбылдың әке - шешесінің аты?
- Жамбылдың пір тұтқан ұстазы кім? Ол туралы ақын жыры?
- Жамбылдың алғашқы өлеңі? Ол не туралы?
- Ақынның қандай шығармаларын білесіңдер?
- Ақын шығармаларынан жатқа білесің бе?

ІІІ. Жаңа сабақ ( тақырыбы мен мақсатын айқындау)
Балалар, бүгін біз Жамбыл ақынның шығармаларының негізгі тақырыптарын анықтаймыз. Ендеше, әдебиет теориясы бойынша
«Тақырып» деген не екенін есімізге түсірейік.
Теория: Тақырып – шығармада сөз етілген негізгі мәселе.

А) Әдебиеттік хрестоматиялар мен Жамбыл шығармаларының жинақтары бойынша ақын өлеңдеріне талдау жүргізу.
Өлең аты ----- Тақырыбы ------Өзіндік ой

Ә) Кеспелер бойынша өлеңдерге талдау жасау.
№ 1. Үзінді Жамбылдың қай өлеңінен, бұл өлең ауыз әдебиетінің қай түріне ұқсас?
Аттандырдым майданға,
Аман – есен жүр балам!
Абыройға ие бол,
Ағат баспа бір қадам!
Қосымша сұрақ: Берілген үзінді қандай теорияға мысал болады?
Жауап: Ассонанс

№2. Өлең жалғасын жазып, ұйқас түрін анықта.
Балалар, аманбысың шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!.......

№ 3. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, өлеңді толықтыр,
тақырыбын анықта.
....... қымбат дүниеде,....... ұлық,
Ерінбей ұмтылыңдар ерте тұрып.
Қандырып суғарыңдар егініңді
Қоймастан арам шөбін таста жұлып.

№ 4. Өлең шумағын өз ойыңмен жалғастыра аласың ба?
Өсиетім: шындықты, адалды сүй,
Ардақтаған халықты, адамды сүй!.......

Елдің тіккен іргесін игілікке,
Тап бүгінгі бақытты заманды сүй! («Отанды сүй»)

№5. Өлең шумағын өз ойыңмен жалғастыра аласың ба?
Оқытып ел баласын,
Ашып көңіл санасын..........
(Мұғалімдерге сәлем)

№6. Ұйқас түрін анықта, өлеңде қандай көркемдегіш тәсіл бар?
Кәрі, жасын елімнің,
Тұнығына білімнің,
Жүздірген тау бұлақтай,
Түнде жанған шырақтай -
Оқытушы мұғалім.
Теңеу: бұлақ – тай, шырақ – тай Егіз ұйқас

№7 Жамбылдың батырлық, ерлік тақырыбында қандай шығармалары бар?
Аттарын жазып, мысал келтір.
Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру, қорытындылау.

ІV. Бекіту Бес жолды өлең.
1. Зат есім. Жамбыл
2. Сын есім айтыскер ақын, жыршы, поэзия алыбы
3. Етістік айтысқан, өлең жазған, жыршы атанған
4. Синоним атақты, мәшһүр, әйгілі
5. Сөйлем Жамбыл - ақындық еңбектің батыры, халқының мақтанышы.

«Жамбыл айтқан нақыл сөз -
Бізге керек ақыл сөз»
Шарты: Жамбыл өлеңдерінен алынған нақыл сөздерді тез жаттап,
есте сақтап, айтып беру.

Білімді мыңды жығады,
Батырдан дұшпан ығады.
Халықпен жаны бір адам,
Қалайда жеңіп шығады.

Өсиетім: шындықты, адалды сүй,
Ардақтаған халықты, адамды сүй!

Абыройға ие бол, Жақсы сөзді ел жаттар,
Ағат баспа бір қадам! Ел жаттар сөзде салмақ бар

Еңбек қымбат дүниеде, еңбек ұлық,
Ерінбей ұмтылыңдар ерте тұрып.

Қорқақ адам қор болар,
Көлеңкеден қорғанар.

V. Қорытынды. Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды атап өту, басқаға үлгі ету, оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: «Жыр алыбы - Жамбыл» тақырыбында ойтолғау жазу.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:
- Ақын Сәкен Сейфуллин «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз»,- деген екен. Сондықтан Жамбыл жырларын, өмірін біліп, өнегелі өмірі мен сөздерінен үлгі алуымыз керек.
12 330
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым Аманжолов. Қазақстан
Қасым Аманжолов. Қазақстан
Ақын өмірінен мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі
Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №3 Алға қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сисекенова Бибигуль Уразовна
Сын есім
Сын есім
Қызылорда облысы, Арал ауданы, № 61 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сарсембаева Гульшат Жоламановна
Жыр алыбы - Жамбыл
Жыр алыбы - Жамбыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі. Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Синонимдер
Синонимдер
Жангелдин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова Индира Қонысбекқызы Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Синонимдер Сабақтың мақсаты: Білімділік - мәндес сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып анықтамасын оқушылардың өздері
Сәкен Сейфуллин "Ақсақ киік" өлеңі
Сәкен Сейфуллин "Ақсақ киік" өлеңі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каржаубаев Руслан Мулдабаевич
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×