Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жамбыл Жабаев

27 тамыз 2013, Сейсенбі
11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев (1846 - 1945)
«Жыр алыбы - Жамбыл»

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбылдың өміріне мәлімет бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға, ізденіп оқуға дағдыландыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабқтың әдісі: «Сәйкестендіру», «Мағынаны тану», «Ой қозғау», «Жоба қорғау», «Ұлылар ұлағаты», «Сауаттылықты ашатын хат», «Автопортрет», сұрақ - жауап, талдау, іздену, т. б.
Көрнекіліктері: Б. Момышұлының суреті, интерактивті тақта, «Аңыз адам» 2011 №9 қараша
Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу, сабақтың мақсатын хабарлау, ерекшелігін түсіндіру. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Сәйкестендіру

1.«Ана тілі», «Домбыра», «Жастар ұраны» т. б. ---- 2) І. Жансүгіровтың туған жылы
2. 1894 жыл 14 мамыр -------------------------------------- 4) І. Жансүгіровтың тұңғыш жинағының аты, қай жылы шыққан?
3. Алматы облысы, Ақсу ауданы -------------------------- 1) І. Жансүгіров өлеңдерін тап.
4. 1928 жыл «Сағанақ»жинағы ---------------------------5) Ақынның поэмаларын тап.
5. «Күй», «Күйші», «Дала», «Құлагер». т. б.------------3) І. Жансүгіровтың туған жері.

ІІІ. «Мағынаны ашу» бөлімі
Мақсаты: Сабақтың тақырыбын оқушылар көмегімен ашу
- Оқушылар! Мен бір өлеңнен үзінді оқимын. Сол үзінді қай ақынның өлеңі, қалай аталады?
- Енді оқушылар бейне таспаны тамашалайық.

- Сонымен оқушылар өлеңнің кімдікі екенін таптық, бейнежазба кім туралы екенімен таныстық. Олай болса бүгінгі сабағымыз кім туралы деп ойлайсыңдар.
- Жаңа сабағымыздың тақырыбы «Жыр алыбы - Жамбыл!». Ақынның бұрынғы сыныптарда өткен өлеңдерін есімізге түсірейікші.(Ақынның бұрынғы сыныптардағы өлеңдерін айтқызып, мәнерлеп оқыту).

ІV. “Жобаны қорғау» бөлімі
Мақсаты: Оқушыларға өздері ізденіп, дайындап келген материалдарын оқыту.
1. Жамбыл Жабаев өмірі туралы.
2. Ақындығы.
3. Айтыстары туралы.
4. Ақын ата ұрпақтары жайында.

V. «Ұлылар ұлағаты» бөлімі.

Мақсаты: Интерактивті тақта арқылы ақын - жазушылар лебізін тыңдау
VI. «Сауаттылықты ашатын хат» бөлімі
Мақсаты: Оқушыларға ақын ата аруағына арнап хат жаздыру. Жамбылдың Абайға жазған хатын оқу.

VIІ. «Автопортрет» бөлімі.
Мақсаты: Жаңа сабақты қорытындылау.
Сұрақтары

1. Ақынның аты - жөні, туған жылы?
2. Туып - өскен жері?
3. Қандай өлеңдерін білесіңдер?
4. Қандай дастандарын білесіңдер?
5. Ата ұрпақтарынан кімдерді білеміз?
Жауаптары: ……

Тұжырым: Ж. Жабаев - әрі эпик, әрі айтыс ақыны, жауынгер жыршы, ХХІ ғасыр Гомері.

VIII. Үйге тапсырма:
1.«Ұрпақ парызы, тілегі» тақырыбына ой толғау жазу
2. Ақын айтыстары мен дастандарын оқу.
IX. Бағалау:
11 113
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Жамбыл Жабаевтың айтыстары (күнделікті сабақ жоспары)
Жамбыл Жабаевтың айтыстары (күнделікті сабақ жоспары)
Ақын атағын шығарған, елге танытқан – айтыстары. Жамбыл айтыстарының ерекшелігі қашанда бір бағытты ұстап, сол жолда бар өнерін жарқырата көрсететіндігі. Айтыстағы Жамбыл тақырыбы - әлеуметтік теңсіздік, ел ішіндегі қиянат. Халық басындағы мұң -
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаев «Алғадай туралы әрбір ой» күнделікті сабақ жоспары
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Жамбыл Жабаев «Менің өмірім», «Аттандыру»
Жамбыл Жабаев «Менің өмірім», «Аттандыру»
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы
Айтыс шебері – Жамбыл
Айтыс шебері – Жамбыл
"Сам орта мектебі" ММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Чопанова Гулжайнар Аскарбаевна
Жыр алыбы - Жамбыл
Жыр алыбы - Жамбыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі. Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Жамбыл Жабаев. «Аттандыру» өлеңі
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×