Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сезім мүшелері: көз, құлақ, мұрын, тіл, тері

16 қараша 2014, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Дүниетану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері: көз, құлақ, мұрын, тіл, тері.

Сабақтың мақсаты: Сезім мүшелерін еске түсіре отырып, олардың қызметімен таныстыру. Олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту. Жаңа материалда өткен материалдармен ұштастыра отырып, оқушылардың өз бетімен білім толықтыру дағдыларын, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабілеттерін дамыту. Өздігінен ізденімпаздық, еңбексүйгіштік, адамгершілік дағдыларын тәрбиелей отырып, сезім мүшелерін таза ұстау, өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге, алған білімін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Пәндік нәтиже: көз, құлақ, мұрын, тіл, терінің маңызы мен қызметін білу; денсаулыққа пайдалы қызметті және зиянды әдеттерден сақтануды білу;
Тұлғалық нәтиже: салауатты өмір салтын сақтауынан, өз - өзіне қызмет етуінен, өз ағзасын күтуінен;
Жүйелі іс - әрекет нәтижесі: танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен көрініс табуы тиіс.
Түйінді идеялар: Сезім мүшелерінің адам өмірі үшін маңызы бар ма?
Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану, қазақ тілі
Өзекті сұрақтар: Жүйке жүйесі қалай ағзаның барлық бөліктерін біртұтас етіп біріктіреді? Оның жұмысына қалай басшылық жасайды?
Жұмыс түрі: Әңгімелесу, оқулықпен жұмыс, жұппен жұмыс, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: Демонстрациялық материалдар, сезім мүшелерінің суреттер, «Сезім мүшелері» кестесі, үлестірмелі кестесі

І. Қызығушылықты арттыру
Психологиялық дайындық.
Білімді белсендіру
1. Топтық жұмыс
- Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын өздерің табасыңдар. Қызыл алма, сары дөңгелек, кітап, көк доп.
1 - топ.
- Алдарыңдағы бүтін алма мен лимон бөліктеріне көз салыңдар. Бүтін алманы қолдарыңа ал. Не сездің? Тегіс пе, әлде бұдыр ма? Оны сезуге қай сезім мүшесі көмектесті? (тері)
- Алма мен лимонның дәмін көр. қайсысы қышқыл, ал қайсысы тәтті? Дәмін ажыратуға қай сезім мүшесі көмектесті? (тіл)
Көзіңді жұмып тұрып алма мен лимонды иіске. Ажырата алдың ба? Олардың иісін ажыратуға қай сезім мүшесі көмектесті? (мұрын)
2 - топ.
Өз аттарыңды баспа әріптермен жазыңдар. Өздеріңе ұнаған түспен бояңдар.
- Сенің есімің жазылған әріптер қандай түспен боялған? Оны көруге қай сезім мүшесі көмектесті? Ол қалай аталады? (көз)
- Өзіңнің сүйікті түсіңді дауыстап айт. Сенің дауысыңды естуге қай мүше көмектесті? Ол қалай аталады? (құлақ) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;
Сабақтың мақсаты мен міндетін қою.
Бүгінгі сабақта иіс сезу, дәм сезу және сипап сезу мүшелері туралы тереңірек оқып білеміз.

ІІ. Мағынаны тану
Өзіңді тексер. Бірін - бірі тексереді.
иә жоқ білмеймін
Тіл - дәм сезу мүшесі
Құлақ - есту мүшесі
Мұрын - иіс сезу мүшесі
Тері - сипап сезу мүшесі
Көз - көру мүшесі
Бағдаршаммен бағалау
Жаңа материалды оқу
1. Оқулықпен және дәптермен жұмыс
Мәтінді оқып өзара талқылайды.
- неге оларды сезім мүшесі деп атаймыз?
1. «Мен бүгін жаңа не нәрсе үйрендім?»
Сын тұрғысынан ойлау
Өзара бағалау
Сергіту сәті Орындарынан 10 рет тұрып, 10 рет отырады.
- Қандай қорытынды шығарасыңдар?

IV. Ойтолғау «Егер сезім мүшелері болмаса...» деген тақырыпты эссе жазу
Өзекті сұрақты талқылау
- Сезім мүшелерінің адам өмірі үшін маңызы бар ма?
Сабақты ойын арқылы бекіту.
1 - топ
«Сезім мүшелеріңді күтіп ұста» ойыны. Жұппен жұмыс (3оқушы)
Бір оқушы сезім мүшелерін атайды, екіншісі оны таза ұстау, сақтау ережелерін айтады. Үшінші оқушы бағалайды.
2 - топ. Топтастыру стратегиясы. Енді осы суреттерді топқа бөліңдер. Неше топқа бөлдіңдер? (қол мен аяқ, кеуде, бас - адам денесі, көз, құлақ, тері, тіл, мұрын - сезім мүшелері)
3 - топ. Жұптастыру стратегиясы. Хатқалтаға салынған сөздердің жұбын табу.
Сипап сезу мүшесі --------------- Мұрын
Көру мүшесі ------------------------ Көз
Иіс сезу мүшесі -------------------- Тері
Дәм сезу мүшесі ------------------- Тіл
Есту мүшесі ------------------------- Құлақ

Үйге тапсырма
«Жүйке жүйесі» мәтінін оқып, өзіңнің тамақтану тәртібің жөнінде хабарлама дайында.
Қорытынды
1. Тамақты ауызға салысымен неше негізгі дәмді адам сезеді? (тәтті, ащы, қышқыл, тұзды)
2. Қабақ пен кірпіктің рөлі қандай?
3. Тепе - теңдікке жауап беретін органды ата
Рефлексия
Мен не үйрендім? ....
Мені не таң қалдырды? ....
Менің сұрағым бар .....
8 758
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің кішкентай көмекшілерім
Менің кішкентай көмекшілерім
Балаларды көз құлақ мұрын тіспен таныстыра отырып дене мүшелері туралы білімдерін жетілдіру.
Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері). Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі
Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері). Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі
Салауатты өмір салтын сақтауынан, өз - өзіне қызмет етуінен, өз организмін күтуінен; Жүйелі - әрекеттік нәтижелер: танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен көрініс табуы қажет.
Жүйке жүйесінің қызметі
Жүйке жүйесінің қызметі
Организмнің барлық жүйелерін еске түсіре отырып, жүйке жүйесі мүшелерімен және оның ішінде ми, жұлын, жүйке және олардың қасиеттерімен таныстыру.
Жүйке жүйесі. Сезім мүшелері
Жүйке жүйесі. Сезім мүшелері
Жүйке жүйесінің қызметі және сезім мүшелерінің қызметі жайлы түсінік беру. Олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту
Сезім мүшелері
Сезім мүшелері
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы Приозерный негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамилова Сарагүл Ибрайвна
Сезім мүшелері
Сезім мүшелері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Сарина Мереке Амантайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×