Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері). Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі

05 желтоқсан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері). Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі.
Мақсаттары:
1. Сезім мүшелерін еске түсіре отырып, олардың қызметімен таныстыру. Олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту.
2. Жаңа материалды өткен материалдармен ұштастыра отырып, оқушылардың өз бетімен білімін толықтыру дағдыларын, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Өздігінен ізденімпаздық, еңбексүйгіштік, адамгершілік дағдыларын тәрбиелей отырып, сезім мүшелерін таза ұстау, өз ойын айта отырып, өзгені де тыңдай білуге, алған білімін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Жоспарланатын нәтижелер:
пәндік нәтижелер: көз, құлақ, мұрын, тіл, терінің маңызы мен қызметін білу; денсаулыққа пайдалы қызметті және зиянды әдеттерден сақтануды білу;
тұлғалық нәтижелер: салауатты өмір салтын сақтауынан, өз - өзіне қызмет етуінен, өз организмін күтуінен;
жүйелі - әрекеттік нәтижелер: танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен көрініс табуы қажет.
Жұмыс түрі: жұппен, топпен жұмыс, әңгімелесу, оқулықпен, дәптермен жұмыс.
Қажетті құралдар: сезім мүшелерінің суреті салынған плакаттар мен үлестірмелі материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, бейнелеу өнері.
Өзекті сұрақ: Сезім мүшелерінің адам өмірі үшін маңызы бар ма?

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. (Музыка) (Сыртқы интеграция)
- Балалар біз қай сезім мүшесімен біз әдемі музыканы тыңдадық?
- (Кофені балаларға беремін )
- Осы хош иісті қандай сезім мүшесімен сездіңдер?
- (Бейнеролик «Гүлдер»)
- Гүлдерді қандай сезім мүшесімен көрді?
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
- (Бейнеролик «Сезім мүшелері»)

II. Білімді белсендіру.
Топқа бөлу: (көз, құлақ, ауыз)
1. Топтық жұмыс.
1 - топ.
- Алдарыңдағы бүтін мандарин мен алма бөліктеріне көз салыңдар. Бүтін алманы қолдарыңа ал. Не сездің? Тегіс пе, әлде бұдыр ма? Оны сезуге қай сезім мүшесі көмектесті? (Тері).
- Алма мен мандариннің дәмін көр. Қайсысы қышқыл, ал қайсысы тәтті? Дәмін ажыратуға қай сезім мүшесі көмектесті? (Тіл).
- Көзіңді жұмып тұрып алма мен мандариннің иіске. Ажырата алдың ба? Олардың иісін ажыратуға қай сезім мүшесі көмектесті? (Мұрын).
2 - топ.
Өз аттарыңды баспа әріптерімен жазыңдар. Өздеріңе ұнаған түспен бояңдар.
- Сенің есімің жазылған әріптер қандай түспен боялған? Оны көруге қай сезім мүшесі көмектесті? Ол қалай аталады? (Көз).
3 - топ.
- Өзіңнің сүйікті түсіңді дауыстап айт. Сенің дауысыңды естуге қай мүше көмектесті? Ол қалай аталады? (Құлақ).

III. Сабақтың мақсаты мен міндетін қою.
- Бүгінгі сабақта иіс сезу, дәм сезу және сипап сезу мүшелері туралы тереңірек оқып білеміз.
2. Өзіңді тексер.
1) Бірін - бірі тексереді (√).
2) Шығармашылық (ішкі интеграция)
иә жоқ білмеймін
Тіл - дәм сезу мүшесі.
Құлақ - есту мүшесі.
Мұрын - иіс сезу мүшесі.
Тері - сипап сезу мүшесі..
Көз – көру мүшесі

IV. Жаңа материалды оқу.
1. Оқулықпен және дәптермен жұмыс. Мәтінді оқып, өзара талқылайды.
- Неге оларды сезім мүшесі деп атайды?
- «Мен бүгін жаңа не нәрсе үйрендім?»
2. Ой-толғаныс
«Егер сезім мүшелері болмаса...» деген тақырыпта эссе жазу.
Өзекті сұрақты талқылау.
- Сезім мүшелерінің адам өмірі үшін маңызы бар ма?

V. Сабақты ойындар арқылы бекіту.
1 - топ.
«Сезім мүшелеріңді күтіп ұста» ойыны. Жұппен жұмыс. ( 3 оқушы)
Бір оқушы сезім мүшесін атайды, екіншісі оны таза ұстау, сақтау ережелерін айтады. Үшінші оқушы бағалайды.
2 - топ. Топтастыру стратегиясы. Енді осы суреттерді топқа бөліңдер. Неше топқа бөлдіңдер?
(Қол мен аяқ, кеуде, бас - адам денесі, ал көз, құлақ, тері, тіл, мұрын - сезім мүшелері)

3 - топ. Жұптастыру стратегиясы. Хатқалтаға салынған сөздердің жұбын табу:
Сипап сезу мүшесі - құлақ
Көру мүшесі - көз
Иіс сезу мүшесі - тері
Дәм сезу мүшесі - тіл
Есту мүшесі - мұрын

VI. Сабақты қорыту.
І. Тамақты ауызға салысымен неше негізгі дәмді адам сезеді? ( Тәтті, ащы, қышқыл, тұзды)
2. Қабақ пен кірпіктің рөлі қандай?
3. Тепе - теңдікке жауап беретін органды ата.

VII. Рефлексия.
Мен не үйрендім?...
Мені не таңғалдырды?...
Менің сұрағым бар...

VIII. Үй тапсырмасы.
9 051
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің кішкентай көмекшілерім
Менің кішкентай көмекшілерім
Балаларды көз құлақ мұрын тіспен таныстыра отырып дене мүшелері туралы білімдерін жетілдіру.
Жүйке жүйесінің қызметі
Жүйке жүйесінің қызметі
Организмнің барлық жүйелерін еске түсіре отырып, жүйке жүйесі мүшелерімен және оның ішінде ми, жұлын, жүйке және олардың қасиеттерімен таныстыру.
Жүйке жүйесі. Сезім мүшелері
Жүйке жүйесі. Сезім мүшелері
Жүйке жүйесінің қызметі және сезім мүшелерінің қызметі жайлы түсінік беру. Олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері: ауа тасымалданатын жолдар және өкпе. Мұрын, аңқа, көмекей, кеңірдек және негізгі бронхылар, олардың құрылысы мен қызметі. Өкпенің құрылысы мен қызметі. Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу.
Сезім мүшелері: көз, құлақ, мұрын, тіл, тері
Сезім мүшелері: көз, құлақ, мұрын, тіл, тері
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қаратал орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейфульдинова Гүлбану Сембіқызы
Сезім мүшелері
Сезім мүшелері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №5 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Сарина Мереке Амантайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×