Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстандағы 1867 - 1868 жылдардағы реформалар

19 наурыз 2017, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы 1867 - 1868 жылдардағы реформалар
Қазақстан тарихы 8 сынып
Сілтеме: Оқулық, электронды оқулық және интернет материалдары
Мақсаты:
- Оқушылардың Қазақстанда жүргізілген бұл реформалардың себептері, сипаты мен маңызын білулеріне, оның мақсаты Қазақстанды басқарудың саяси жүйесін өзгерту екендігін түсінулеріне, оның отарлық сипатын ашуларына жағдай жасау;
- Оқушылармен бірлескен жұмыс түрлерін ұйымдастыра отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, топтық жұмыс барысында диалогтік оқытуды пайдалана отыра, өз ойларын еркін айтуға, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, алған білімдерін кез - келген жағдайда пайдалануға ықпал жасау;
- Оқушылардың өзін - өзі бағалауын қолдану арқылы жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, білімді және іскер азамат етіп қалыптастыру. Сонымен қатар алған білімдерін әр түрлі топтық тапсырмалар арқылы бекіту, пысықтау. Топпен жұмыс істеуге дағдылану, өзгені тыңдай білуді үйрену.
Міндеттері: 1. Ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін байқау, бағалау;
2. Ойын еркін білдіруге, ашық пікір алмасуға, терең ойлауға және сыни тұрғыдан ойлауға баулу;
3. Шапшаңдыққа, өзгені тыңдай білуге, ынтымақтаса жұмыс істеуге үйрету;
Күтілетін нәтиже: Топтық жұмыс арқылы тапсырмалар беріп, шығармашылық қабілеттерін таныту
Сабақтың түрі: Сындарлы оқыту
Көрнекіліктер мен құрал - жабдықтар Тақырыптық слайд, интерактивті тақта, сандық фотоаппарат, постер, оқулықтар, дидактикалық материалдар және түрлі - түсті қағаздар.
Әдіс - тәсілдер: Диалогтік оқыту, АКТ - ны пайдалану, оқыту және оқытудағы жаңа тәсілдер, түсіну дәрежесін бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, жекелей, топтық жұмыс, Оқыту үшін бағалау және
оқуды бағалау.

І. Ұйымдастырыу Сәлемдесу;
Түгендеу;
Тақырыптық карта арқылы 3 генерал - губернаторлыққа бөлу. Сыныпта сабақ бойы жағымды психологиялық ахуалдың болуын қамтамасыз ету. Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін анықтап алу

Сабақтың эпиграфы: “Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...” (Қасым Аманжолов)

«Қызығушылықты ояту»
Сатылап сұрақ қою әдісі. Тақырыптық сурет ұсынылады, ұсынылған суреттегі сұрақтарға жауап беру, диалог құру, қорғау
«Мағынаны ажырату»
Тақырыптық тірек сөздердің анықтамасымен жұмыс жасау

ІІ. Жаңа сабақ барысы
Қазақстандағы 1867 - 1868 жылдардағы реформалар. Сабақтың мақсатын оқушылардың өздеріне құрдыру. Тақырыптың 4 - 8 тақырыпшаларын талантты және дарынды балалардың бірі интерактивті тақтадан тақырыптық слайд арқылы түсіндіреді

Жалпы тақырыпты қаншалықты түсінгендерін анықтау үшін «Блум таксономиясы» бойынша сұрақтарға жауап беру

Білу. Қазақстанда реформа жүргізудің себептері мен басталуы.
Түсіну. Қазынагерлік жүйеде қандай өзгерістер болды?
Қолдану. Қазақстандағы 1867 - 1868 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік - аумақтық бөлініс.
Талдау. ХІХ ғасырдағы реформалардың ерекшеліктерін анықтаңыздар.
Жинақтау. Суреттерді байланыстыра отырып, тақырыпты жүйелеңіздер,
Бағалау. Қазақстандағы 1867 - 1868 жылдардағы реформалардың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтаңыздар.

Тарих пәні мұғалімі: О.Ж.Жұмағалиев

Толық нұсқасын жүктеу
2 749
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Қазақстан тарихы 9 сынып. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары
Қазақ халқының Ресейдің отарлық үстемдігіне қарсы ұлт - азаттық күрестері. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен болған көтерілісі (1783 - 1797жж)
Қазақ халқының Ресейдің отарлық үстемдігіне қарсы ұлт - азаттық күрестері. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен болған көтерілісі (1783 - 1797жж)
Оқушыларға 1783 - 1797 жылдардағы көтерілістің негізгі шарттары, себептері, мақсаты, көтеріліс барысы және жеңілу себептерімен таныстыра отырып, оларға 1783 - 1787 жылдардағы Қазақстандағы саяси оқиғалардың дамуына Сырым Датұлының тигізген ықпалын
1867 - 1868 жылдар Қазақстандағы реформалар
1867 - 1868 жылдар Қазақстандағы реформалар
Оқушыларға реформаны әзірлеудің түпкі мәні неде және 1867 - 1868 ж. ж. реформаның Қазақстан жеріне тигізген ықпалын түсіндіру.
ХІХ ғасырдың 60-шы және 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформалар
ХІХ ғасырдың 60-шы және 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформалар
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жиренқопа орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Тажбанов Серик Маратович
1886 - 1897 жылдардағы әкімшілік аумақтық реформалар
1886 - 1897 жылдардағы әкімшілік аумақтық реформалар
Атырау қаласы, Қ. И. Сатпаев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жақсымбетова Зарина Бекежанқызы
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Қызылорда облысы, №197 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Көшетова Дана
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×