Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар

13 маусым 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: 1867 - 1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдың 60 жылдарындағы Қазақстандағы реформаның дайындалғанын, оның мазмұны мен мәнін, сипатын көрсету.
Дамытушылығы: - Реформаның зардаптарын түсіндіру, оқушыларға саяси, әлеуметтік салдарын қорытындылап, айқындауға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, өз еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Саб. түрі: Аралас сабақ
Саб. әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақтар қою
Саб. көрнекілігі: Саяси карта, интерактивті тақта, эл. оқулық, сызбалар, суреттер
Саб. құрылымы: І Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй жұмысы: § 19. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті.
1. Оқушылардан үй тапсырмасын ауызша сұраймын.
2. Сұрақтар қойылады оқушылар жауаптарын табады
3. Тұлғаларды таны

1. ХІХ ғасырдың бас кезінде Қазақстан шәкірттері қай тілде оқытылды? (араб тілінде)
2. Азиялық училище қай жылы ашылды? (1789 ж.)
3. 1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан қандай мекемелер ашылды? (орысша білім беретін мектептер)
4. ХХ ғ. 20 - 30 жылдарында Қазақстан ғылымының штабын басқарған кеңестік ірі түрколог, академик: (А. Н. Самойлович).
5. Сүйінбай Аронұлы ақындық өнерге қанша жасынан машықтанған? (14 - 15 жастан).
6. Қазақ халқында дамыған қолөнер салалары: (тоқымашылық, киіз басу, ағаш, металл, сүйек, мүйіз өңдеу)

1. ХІХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда ағарту ісі балаларға нені үйретті?(«Шариғат - ұл - иман», «Әптиек» сияқты діни мазмұндағы кітаптар ислам қағидаларын үйретті)
2. 1833 жылы А. С. Пушкин Қазақстанның қай қаласында болды? (Орынбор)
3. 18481849ж. Г. С. Карелин Қазақстанның қай өңірін зерттеді? (Каспий теңізі маңын).
4. «Жетісу ақындарының алтын діңгегі атанған ақын» (Сүйінбай)
5. Қазақ ауылдарында шаруашылыққа арналған төбесі күмбез тәрізді шошала қандай мақсатта тұрғызылған? (ет және азық - түлік өнімдерін сақтау үшін)

1. ХІХ ғасырда білімін жалғастыру үшін ауқатты ата - аналар балаларын қай қалаларға оқуға жіберді? (Бұхара мен Ташкент қалаларына)
2. 1841 жылы Бөкей Ордасында Жәңгір ханның ұйымдастыруымен ашылған мектептерде қай тілдерде сабақ беріле бастады? (татар және орыс тілдерінде)
3. 1836 - 1838 жылғы шаруалар көтерілісінің басшылары И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлына кім қолдау көрсетті? (В. И. Даль).
4. 1845 жылы В. И. Дальдің «Бөкей мен Мәулен» повесі қай тілге аударылды?(Парижде, француз тіліне)
5. М. Өтемісұлы қай жылы Калмыков түрмесінде отырды? (1829 жылы).
6. Киіз үйдің ішіндегі ең құрметті орын қалай аталады? (төр).

1. Ірі медреселерде араб тілінен сабақ беретін «мұғалімдікке» не талап етілді? (арнаулы куәлігі болу керек болды)
2. 1831жылы 18 қыркүйекте қай қалада орысша білім беретін училище ашылды? (Семей)
3. 1833 жылы А. С. Пушкин Орынборда болған кезінде қай еңбегін жазды?(Пугачев бүлігінің тарихы).
4. М. Өтемісұлы 20 жасында қандай қызмет атқарды? (Жәңгірдің ұлы Зұлқарнайдың тәрбиешісі болды)
5. Жастайынан екі көзінен айрылған ірі эпик ақын: (Шөже)
6. Қазақ халқы зор құрметпен әнші – күйшілерді қалай деп атаған? (сал - серілер деп ат - ы)

ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Реформаны дайындау
2. Реформаның мазмұны, мәні
3. Реформа бойынша тиімді - аймақтық бөлініс
4. Реформаның отаршылдық мәні

Оқушыларға эл. оқулықты тыңдатамын.
Реформа қалай әзірленген еді
1860 жылы Алғаш, Петербургте кейін, статс - хатшы Бутковтың кабинетінде жүргізілді
Реформа - қоғамдық өмірдің қандай да бір жағын қайта құру, өзгерту, жаңарту.
Реформа Ресейде басыбайлылық құқығының жойылуымен Ресей үкіметі саяси, әлеуметтік өмір ағысын түбірімен өзгерткен бірқатар реформаларды жүзеге асырды. Капиталистік қатынастар кең өріс алып жатты.
Реформаның ең басты және негізгі міндеті – «қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктерімен бірте - бірте қосып жіберу» үшін Ресейге бағынышты халықтарды бір басқару жүйесінің құрамына біріктіру.
Патшалы Ресейдің ұлттық аймақтарды шикізат қоры және көзі ретінде сақтау саясаты Қазақстанды да қамтыды.
Қазақстанның реформаға дейін 2 генерал - губернаторлыққа бағынды:
оООООрГОпрполволср

1822 жылғы Сібір қазақтарының «Жарғысы», 1824 жылғы Орынбор қазақтарының «Жарғысы» жаңа өрістей бастаған капиталистік қатынастарға сай келмеді.
Ресей Қазақстандағы басқаруды бұрынғы жүйесін түбірімен өзгерту міндетін алға қойды.
ХІХ ғасырдың 60 - жылдарында статс - хатшы И. И. Бутков бастаған комиссия құрылды.
Комиссия бүкіл қазақ даласын 2 облысқа бөлді.

Енді реформаны дайындау ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған «Дала комиссиясына» жүктелді. 1865 жылдың 5 маусымында ІІ Александр патшаның әмірі бойынша қазақ жерін зерттеп білу сұрақтары дайындалды. Онда қаралған мәселелер - жерді иелену түрлері, сот ісі, алым - салық, діни мәселелер т. б.
Комиссия ұсынысы Орынбор генерал - губернаторы А. П. Безакқа тапсырылды. 1865 жылы А. П. Безактың отставкаға шығуына байланысты оның орнына жаңа губернатор Н. А. Крыжановский тағайындалды.
Н. А. Крыжановский А. П. Безак

Реформаны әзірлеуде бұқараның талап - тілегі ескерілмеді. Мәселен, ғалым Ш. Уәлиханов Қазақстанда халықтың өзін - өзі басқару негізінде әкімшілік басқару жүйесін енгізуді ұсынған болатын. Оның «Сот реформасы туралы» деген хатында әлеуметтік - экономикалық жаңалықтар енгізу керек деп есептеді.
Комиссия реформаны тезірек іске асыруды көздеп, ат төбеліндей феодалдық тап өкілдерімен ақылдасып, мәліметті солардан жинады.
Батыс Сібір генерал - губернаторлығында комиссия ірі бай Мұса Шорманұлының, билеуші сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлынан, Орынбор өлкесінде билеуші аға сұлтан Сәйдәліұлынан, т. б. ақсүйектерден жиналған мәліметтерге сүйенді.

Шоқан Уәлиханов
Реформа жүйесі 1867жылы 11 - шілдеде ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы Ережені», 1868 жылы қазанның 21 - інде» Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті.
1867 - 1868 ж. ж. реформа бойынша қазақ жерінің біріктірілуі

(1867 ж. Ереженің 85 - бабына сәйкес)

Ереженің 42 - 65 баптары бойынша, уезд бастықтарына мынадай міндеттер жүктелді: жергілікті басқару орындарына жүктелген міндеттердің
орындалуын қадағалау, уезде тыныштық пен тәртіпті сақтау, алым - салықтың жиналуын бақылау және халықтың денсаулығын сақтау.
Болыстарды, ақсақалдарды сайлау күреспен, рулық таласпен өтті. Абайдың «Болыс болдым, мінекей...» деп басталатын «Күлембайға» деген өлеңінен байқауға болады.
1867 - 1868 ж. ж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ даласын толық отарлауға тырысты.

Реформалар негізінде сот ісі де қайта құрылды.

Реформа Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуында белді рөл атқарды.
Капиталистік қатынастар ене бастады
Таптық жіктелу, жатақтар.
Жалпы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы реформалардың болмысы туралы, қорыта айтқанда, мынадай түйін жасауға болады. Патша үкіметі Қазақстанға енгізген әкімшілік реформалары негізінде оның саяси дербестігін толығымен жойып, қазақ жерінде империя құрамындағы әкімшілік басқару жүйесін орнатты.

IV. Бекіту сұрақтары:
Қажетті датаны қойыңдар
1. Қазақ даласын зерттеуге байланысты сұрақтар тізімі қай жылы құрастырылды?
( 1865 ж. 5 маусым)
2. «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстары бойынша» патша жобасына қай жылы
қол қойылды? (1868 жылы 21 - қазан)

Есімдерді жазыңдар
1. ХІХ ғ. 60 жылдары қазақ өлкесін басқаруды өзгертудің жобасын жасау жөніндегі комиссияны басқарған статс - хатшы кім? (И. И. Бутков)
2. 1868 жылы «Жетісуға шаруаларды көшірудің уақытша ережесін» кім жасады?
(Калпоковский)
3. 1867 – 1868 жылы. Реформа кезеңінде өз жобасын ұсынған қазақ ғалымы.
(Ш. Уәлиханов)

Картамен жұмыс: Эл. Оқулықтағы тапсырмалардан орындау.

V. Үйге тапсырма: § 20. Оқу, Түсінік айту.
Дәптермен жұмыс: Сызбаларды сызу, Картамен жұмыс
1. Реформаға дайындық қалай жүргізілді?
2. Реформаны дайындай отырып патша үкіметі қандай мақсатты көздеді?
3. Реформаның мәні қандай?
4. «Ереже - реформаның» әлеуметтік - экономикалық дамудағы рөлі қандай болды?
33 169
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Қазақстан тарихы 9 сынып. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары
ХХ ғасырдың басыңдағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы
ХХ ғасырдың басыңдағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайын, оның ерекшеліктерін, патша өкіметінің аграрлық саясатын көрсету. Елдегі әлеуметтік жіктелуді, отаршылдық қанаудың күшеюін түсіндіру
Қазақстандағы 1867 - 1868 жылдардағы реформалар
Қазақстандағы 1867 - 1868 жылдардағы реформалар
Қазақстанда жүргізілген бұл реформалардың себептері, сипаты мен маңызын білулеріне, оның мақсаты Қазақстанды басқарудың саяси жүйесін өзгерту екендігін түсінулеріне, оның отарлық сипатын ашуларына жағдай жасау;
1867 - 1868 жылдар Қазақстандағы реформалар
1867 - 1868 жылдар Қазақстандағы реформалар
Оқушыларға реформаны әзірлеудің түпкі мәні неде және 1867 - 1868 ж. ж. реформаның Қазақстан жеріне тигізген ықпалын түсіндіру.
ХІХ ғасырдың 60-шы және 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформалар
ХІХ ғасырдың 60-шы және 80-90-жылдарындағы әкімшілік реформалар
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жиренқопа орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Тажбанов Серик Маратович
1886 - 1897 жылдардағы әкімшілік аумақтық реформалар
1886 - 1897 жылдардағы әкімшілік аумақтық реформалар
Атырау қаласы, Қ. И. Сатпаев атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жақсымбетова Зарина Бекежанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×