Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көңілді тапқырлар клубы

10 қараша 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Тақырыбы: «Көңілді тапқырлар клубы»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: ой - өрісін, белсенділік қабілетін, танымдылық қызығушылығын арттыру, логикалық есептерді шығаруға дағдыландыру
2. Дамытушылық: оқушылардың тілдік қорын дамыту, жарыстыру арқылы аңғарымпаздық қасиеттерін арттыру, ой - өрісін кеңейту
3. Тәрбиелік: тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдық пен шапшаңдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: сайыс – сабақ
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, плакаттар
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы
(К. Гаусс)
2. Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика. (М. В. Ломоносов), т. б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе
Армысыздар қадірлі ұстаздар, білім мен ғылымға құштар шәкірттер!
Бүгінгі сабағымыз «Көңілді тапқырлар клубы» тақырыбында жарыс түрінде өткізіледі. Мақсатымыз белсенділік танытып, білімді екенімізді көрсете білу. Бүгінгі сайысымызды ашық деп жариялаймын.

Асыл тастан
Өнер жастан
Шығады деп дарынды
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашанда қонымды.
Бұл шындықты, күнделікті
Көріп жүрміз өмірден,
Сан мыңдаған жастар өсті
Өнері асқан танымды, - демекші сол жастарды ортаға шақырамыз.

Математика сырлары
Қызықтырды біздерді
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасымен танысып алайық.

Бүгінгі сайыстың жоспарымен таныс болыңыздар.
І. Таныстыру (аты, ұраны, эмблемасы)
ІІ. Зерделілер (үй тапсырмасы)
IІІ. «Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап» (топ сайысы)
ІV. «Ақылдассаң шешерсің» (топ сайысы)
V. «Сергіту сәті» (көрермендер ойыны)
VI. «Ойымды жалғастыр» (топ басшылар сайысы)
VIII. Қорытынды

Талай жырлап сан ғасырдың дастанын,
Кең даламнан естіледі асқақ үн.
Талай талант, сенде шыңдалып, сенде өсті,
Талай ғылым сеннен алды бастауын
Сол ғылымның жолын қуған қызықты
Тұр тапқырлар күтіп ойын бастауын!

І. Таныстыру (аты, ұраны, эмблема).
Әр команда өз топтарын таныстырады, эмблемасын қорғайды.

ІІ. «Зерделілер» сайысы
Үй тапсырмасы. Математика пәнінің дамуына үлес қосқан ғалымдар және олардың қосқан үлестері жайында мәлімет жинақтау

IІІ. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» сайысы.
Санның да саны бар ғой саналатын,
Әртүрлі білім сырын ұға алатын
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Саналып әр секундпен жүре алатын.
Оқушылар жылдамдыққа сұрақтарға жауап береді
1 - топ:
1. Ең алғашқы әйел математик (С. Ковалевская)
2. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі (ширек)
3. Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін ата (апта күндері)
4. 2,5 таяқтың неше ұшы бар (6)
5. Еменде 3 бұтақ, ал әр бұтақта 3 алмадан бар, барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
6. 25 санының квадраты
7. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
8. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
9. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

2 - топ
1. Ағаш үстінде 200 торғай отырады. Аңшы 20 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (20 торғай)
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)
3. Дүниедегі ең жүйрік не? (Ой - қиял)
4. 7 тауықтың бір - бірден балапандары бар. Олардың барлығы нешеу?
5. Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар 14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
6. 40 санының төрттен бір бөлігі.
7. 100 жыл басқаша қалай аталады?
8. Бір санға сондай санды тіркеп жазса, ол неше есе артады?
9. 4 санының кубы нешеге тең?

ІV. «Ақылдассаң шешерсің» (топ сайысы)
1) Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн - жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған?(6 лақ)
2) Азамат, Ержан, Тоқтар бақылау жұмысынан қандай баға алғандарын мұғалімнен сұрағанда, ол: “Ешкім“2” алған жоқ, бірақ бағаларың әртүрлі. Тоқтар “3” алған жоқ, Ержанның бағасы “3” те, “5” те емес,- деді. Балалар қандай баға алды? (Азамат – 3, Ержан – 4, Тоқтар – 5)
3) Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы неше кг? (6 кг)
4) Егер түнгі сағат 12 - де күн жауып тұрса, алда 84 сағаттан кейін ашық күнді көруге бола ма?(болады)
5) Алғашқы үш сабақ: қазақ тілі, математика және тарих болды. Математика бірінші емес, тарих бірінші де, үшінші де емес.
Қай пән нешінші болды?
1. Қазақ тілі
2. Тарих
3. Математика
6) Бір кісі қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы алдынан шықты. Қанша адам қалаға барады?

V. «Ойымды жалғастыр» (топбасшылар сайысы)
1 - топ
1. Сөз анасы – құлақ, (су анасы – бұлақ)
2. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
3. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
4. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
5. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
2 - топ
1. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
2. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
3. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды)
4. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
5. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

VI. «Сергіту сәті» (көрермендер сайысы)
1 - топ. Дене тәрбиесі деген жазу оқушыға көрсетіледі, математика деген жазу көрермендерге көрсетіледі.
1. Осы пәнді ұнатасың ба?
2. Сабақта немен айналысасыңдар?
3. Олимпиада, жарыстарға қатысасыңдар ма?
4. Үйге қандай тапсырма береді?
5. Барлық балалар жақсы көреді ма пәнді?
6. Кандай ұсыныс айтар едің?
7. бұл пәнге арнайы киім киесіңдер ма?
8. Құралдар пайдаланасыңдар ма? Ол қандай құралдар?

2 - топ. Кітап деген жазу оқушыға, ұялы телефон деген жазу көрермендерге көрсетіледі
1. Сенде ол зат бар ма?
2. Ол заттың көмегімен сен не істейсің?
3. Осы заттан мұғалімдер үй тапсырмасын бере ме?
4. Оны мектепке әкелесің бе?
5. Оны үнемі қолданған пайдалы ма?
6. Қандай күтімді қажет етеді?
7. Сенде сол заттың нешеуі бар?
8. Мектептен тегін беріле ме?

VIII. Қорытынды
Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
Егеменді қазақтың біз ұраны,
Өз туы бар, елтаңба, әнұраны,
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
Самғайтын биіктерге тау қыраны.

Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесеміз біздер әлі
Әділ қазы, көрермен сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі! – деп сайысымызды аяқтаймыз.
Назарларыңызға рахмет!
11 096
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп Биология пәні мұғалімі: Айгожин А.Б.
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ математика пәні мұғалімі Оразбекова Асель Камбаровна
Математикалық ралли
Математикалық ралли
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Мұқанова Маржан Қайратқызы
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×