Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы, медианасына есептер шығару

18 қазан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Математика
Геометрия 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы, медианасына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасының қасиеттерін пайдаланып есептер шығаруға, пәнге қызығушылығын арттыру. Дамытушылық: Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс пайдаланып, логикалық ойлау және математикалық тілде сөйлеу қабілетін дамыту.
Тәрбиешілік: Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету, шығармашылық жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабақ

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, ынталандыру, топқа бөлу.
2. «Ой қозғау»
- Қайталауға арналған сұрақтар
- Математикалық диктант
3. «Мағынаны ажырату»
- Сематикалық карта
- Салу есебі
4. «Сергіту сәті»
5. «Ой толғаныс»
- Деңгейлік тапсырма
- Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма 7. Қорытынды

2. «Ой қозғау»
- Қайталауға арналған сұрақтар
- Математикалық диктант
Үшбұрыш ↓
Тең бүйірлі, Әр түрлі қабырғалы, тең қабырғалы, доғал бұрышты, тік бұрышты, тең бүйірлі, тік бұрышты.

Қайталауға арналған сұрақтар
1. Үшбұрыштың биіктігі деген не?
2. Үшбұрыштың биссектриссасы деген не?
3. Үшбұрыштың медианасы деген не?
4. Үшбұрыштың периметрі деген не?
5. Қандай үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш деп аталады?
6. Қандай үшбұрышты тең бүйірлі үшбұрыш деп атайды?

Математикалық диктант
1) Егер үшбұрыштың екі қабырғасы....... болса, онда үшбұрыш тең бүйірлі деп аталады.
2) Егер үшбұрыштың бір......... болса, онда үшбұрыш доғал бұрышты деп аталады.
3) Егер үшбұрыштың қабырғалары әр түрлі болса, онда үшбұрыш....... деп аталады.
4) Үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесіндіні үшбұрыштың........... деп атайды.
5) Үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғаны қамтитын түзуге түсірілген............ үшбұрыштың биіктігі деп атайды.

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Искакова Жанат Исламбекқызы
Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы, медианасына есептер шығару. жүктеу
4 519
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үшбұрыштың ауданы тақырыбына есептер шығару (ашық сабақ)
Үшбұрыштың ауданы тақырыбына есептер шығару (ашық сабақ)
Үшбұрыштың ауданын есептейтін формулалаларды пайдалану, ол формулаларды есептер шығаруда қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру, тақырып бойынш аалған білімдерін тереңдете түсу;
Күнделікті сабақ жоспары (алгебра 8 сынып)
Күнделікті сабақ жоспары (алгебра 8 сынып)
Дәреженің қасиеттерін есептер шығару барысында қолдана алу дағдыларын тексеру есте сақтау, зейін қою, өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту
Үшбұрыштың ауданы
Үшбұрыштың ауданы
Атырау облысы, Жылыой ауданы Құлсары қаласы, №1 мектеп жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі Тореханова Фарида
Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы және медианасы
Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы және медианасы
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы және медианасы
30⁰, 45⁰ және 60⁰ бұрыштар үшін синустың, косинустың және тангенстің мәні
30⁰, 45⁰ және 60⁰ бұрыштар үшін синустың, косинустың және тангенстің мәні
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы Қараөзен мектеп - лицейінің математика пәні мұғалімі: Хайрошева Гаухар Талапкалиевна
Пифагор теоремасы
Пифагор теоремасы
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы, Теңіз негізгі мектебінің, математика пәнінің мұғалімі Әмірбекова Гаухар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×