Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыныптағы диалогті дамыту

20 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Сыныптағы диалогті дамыту
1. Өзімді таныстырамын.
2. Сыныпқа мінездеме
3. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011).
Бүгінгі таңда тұрған негізгі мәселе – жеке тұлғаны жан - жақты дамыту. Жеке тұлға дегеніміз – қоғам мақсатына сай, ойлау - сөйлеу қабілетінің нәтижесінде саналы әрекет, қарым - қатынас жасайтын, рухани, зерделілік мінез - құлық ерекшеліктерімен дараланатын адам. Олай болса, жеке тұлғаны дамыту ұшін оқытудың жаңа әдістерімен оқытып, тәрбиелеуіміз керек. [1]
Білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен қызметтің барлық келеңді - келеңсіз жақтарын зерттеп - меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез - келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігін, парасаттылығын, ақылдылығын, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылған мұғалім болу керек. [2]
Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды - ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ. Нағыз ұстаз, міне, осынысымен бағаланады. (Цицерон)

Әрбір мұғалімнің алдына қойған мақсаты – оқушылардың алған білімінің терең болуы және алған білімінің оқушы есінде сақталуы. Білім оқушының есінде сақталуы үшін оқушы осы білімді өзі қалыптастыруы қажет, яғни мұғалім сабақта оқушыға осындай жағдай тудыруы қажет.
Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру жеңіл болмақ.
Диалог негізінде білім беру мен білім алушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой - пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. [3]

Мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы сабақ барысында талқылауға түскен тапсырмалар, оқушы мен оқушы арасындағы зерттеушілік әңгімелер оқушы есінде ұзағырақ сақталады және олар қойылған қалың сұрақтарға жауап беру арқылы сыни тұрғыдан ойлайтын тұлға болып қалыптасады.

Осы мақсатта мен өзімнің сабақтарымда диалог арқылы оқытуды пайдалануға тырыстым.
Менің оқушыларым алғашқы өтілген “Санды өрнектер. Әріпті өрнектер” тақырыбындағы сабағымда сұрақтарға тек бір сөзбен ғана жауап бергісі келді және өздерінің ойын жеткізе алмады. Сұрақ тек «Бастама - жауап - кейінгі әрекетпен» ғана шектеліп қалды: Бастама: Мұғалім: Әріпті өрнек деп қандай өрнекті айтады?
Жауап: Сымбат: Құрамында әріптері бар өрнекті
Кейінгі әрекет: Мұғалім: Жақсы!

1 - сурет. Сұрақ қоюдың «Бастама - жауап - кейінгі әрекет» үлгісі

Осының нәтижесінде сабақта диалог өз дәрежесінде көрініс таба қойған жоқ.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.
Осы кездескен қиындықтарды жою үшін оқушыларға сабақ барысында берілген тапсырмалардың, сұрақтардың сипатына біршама өзгерістер енгіздім.
Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап («дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп) бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. [3]
Сыныпта өтілген келесі сабақтарымда сабақтың әр кезеңіне сәйкес сұрақтарды нақтырақ қоюға назар аудардым.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 606
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім
Атырау қаласы, № 4 облыстық мектеп - интернатының биология пәні мұғалімі Бактыгереева Элеонора Исламқызы
Жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасы теориясы мен әдіснамасы
Жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасы теориясы мен әдіснамасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалантөс ауылы, Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектеп информатика пәні мұғалімі Тажибаева Шолпанай Бибитовна
12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дайындау мәселелері
12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты бастауыш мектеп мұғалімін дайындау мәселелері
12 жылдық білім беруге көшу: 1. Қазақстандық білім жүйесін реформалауды; 2. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды; 3. Жалпыға арналған біліммен «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне саналы түрде
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×