Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Студенттің шығармашылық қабілетінің дамып - жетілуіне оқытушының педагогикалық шеберлігі себепші

05 маусым 2014, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
«Адамды бір нәрсеге үйретіп қажеті жоқ,
бар болғаны оған өзіне керекті жаңалықты
ашуға көмек беру қажет»

Дарынды студенттермен жұмыс – кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі. Дарынды, қабілетті студенттерді іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам, қабілетті адам басқаларға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Алдымызда отырған әр студент - жеке тұлға. Әр студенттің өзіндік жеке ерекшелігін, қабілетін айыра біліп, оны әрі қарай дамыту ұзақ та үздіксіз жұмысты қажет етеді. Әр оқытушы өз жұмысының нәтижесін де көргісі келетіні сөзсіз. Бірақ сол нәтижеге жеткізу үшін оқытушыға да, студентке де шыдамдылық пен төзімділік керек.
Барлық оқытушылар студенттерге білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Әртүрлі теориялар мен стратегиялар студенттерді оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізілген. Дарынды студенттерге білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды студенттердің тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт - бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр студенттің жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу - оқытушы парызы. Студентті заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.

Дарындылықтың мән - мағынасы жөнінде зерттеушілер ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз студенттің дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама берілген: дарындылық - белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі. Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар. Шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің болуы. Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді, дағдылары меңгеретін шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар алатын, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру бұл әрине, студенттердің шығармашылық әрекетін дамытудың маңызы мәселе екендігін дәлелдейді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 612
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Дарынды балалармен жұмыс жоспары
Дарынды балалармен жұмыс жоспары
Бұл білімді қоғамдық жағынан көрсетуді жүргізудің бір құралы. Ғылыми зерттеу дегеніміз - ғылым әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір нысан жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген нысандармен танысу.
Дарынды жас - еліміздің болашағы
Дарынды жас - еліміздің болашағы
«Баланы оқытудың мақсаты — оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз — ақ дамуға қабілетті ету», — дей отырып Эдгард Хабард бүгінгі таңдағы білім берудің мүмкіндіктерін айқындайды.
Дарынды оқушымен жұмыс ұйымдастыру жолдары
Дарынды оқушымен жұмыс ұйымдастыру жолдары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Алтынсарин орта мектебінің педагог - ұйымдастырушысы Шәудірбаева Гүлнар Иманғалиқызы
Дарынды балалармен және үлгермеуші оқушылармен жұмыс
Дарынды балалармен және үлгермеуші оқушылармен жұмыс
Ақтөбе қаласы, Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі Карамурзина Шолпан Ондасыновна
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
Шаукебаева Индира Актасбаевна А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Шетел тілін оқытуда интерактивті тәсілді қолдану
Шетел тілін оқытуда интерактивті тәсілді қолдану
Қазіргі кезде ғалымдар оқыту процесінде дидактикалық мақсатты шешуде оқытудың белсенді формаларына бет бұруда оқытушының студенттермен педагогикалық қатынасты ұйымдастыра алу қабілеті бүгінгі таңдағы шетел тілін оқыту процесінің тиімділігін арттырады
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×