Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғажайып үштік интеллектуалдық шоу

13 қараша 2012, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Қызылорда қаласы, И. Әбдікәрімов атындағы
Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің
математика пәнінің оқытушысы
Асқарова Майра Кәрібекқызы

Тақырыбы: «Ғажайып үштік» интеллектуалдық шоу
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың үш пәннен математика, физика және информатика сабақтарында алған білімдерін топтық түрде саралау болып табылады.

Жоспары:
1. Таныстыру
2. Викториналық сұрақ
3. Математикалық мақал – мәтелдер сайысы
4. Математикалық жұмбақтар
5. Терминдер сайысы
6. Формулалар сыры

I тур. Әр мектептен келген оқушылар өзара топ құрып, өздерін таныстыра отырып, топтың атын құрады.
II тур. Викториналық сұрақтар:

1 топ
1. Қандай өрнек әріпті өрнек деп аталады? (Құрамында әріпі бар өрнектер)
2. Жақша алдында минус таңбасы тұрса, жақша қалай ашылады? Жақша ішіндегі өрнектің таңбасы өзгереді)
3. Тоқ күшін өлшейтін құрал қалай аталады? (Амперметр)
4. Дискриминаттың формуласы? (Д=в²- 4ас)
5. Меншіктің кедергінің өлшем бірлігі? (Ом*м)
6. Пифагор теоремасын айтып бер? (С²=а²+в²)
7. Пернетақтада қанша перне бар? (101 - 102)
8. Жинақыш линзаның аты? (Ойыс)
9. Байтпен нені өлшейді? (Ақпараттық өлшем бірлігі)
10. Бүкіл әлемдік желі қалай аталады? (Ғаламтор)

2 топ
1. Алгоритм деген не? (Берілген есептің шығару жолын реттелген адамдар тізбегі түріне келтіру)
2. Қандай тригонометриялық функцияларды білесің? (Синус, косинус, котангенс, тангенс)
3. Жай сан деп қандай санды айтамыз? (1 - ге және өзіне бөлінетін сандар)
4. Паскаль тілінің қарапайым операторлары? (Меншіктеу, шығару, енгізу т. б.)
5. 2 қабырғасы паралель төртбұрыш? (трапеция)
6. Квадрат қабырғасы 9 см. Периметрі неге тең? (Р=4а=36)
7. Дене пішінімен көлемінің өзгеруі?(деформация)
8. Бір дененің молекулаларының екінші дененің молекулаларымен араласу құбылыс қалай аталады? (диффузия)
9. Күннен жерге энергия қалай беріледі? (Сәуле шығару)
10. Серпінділік күшін түсіндіретін қазақтың ұлттық ойын түрі? (Садақ ату)

3 топ
1. Тең әсерлі күшті түсіндіретін ұлттық ойын түрі? (Арқан тарту)
2. Электр заряды жоқ бөлшектер? (Нейтрон)
3. Аттас зарядтар бір - біріне тартыла ма? (Тебіледі)
4. Басқа кисең бөрік, сұлу сәнді көрік. Бұл не? (конус)
5. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем? (Теорема)
6. Презентация дегеніміз не? (Тапсырамын, ұсыну – латын тілінде)
7. Слайд деген не? (Көзге көрінетін күрделі объект)
8. Шартты оператор? (Егер, онда, әйтпесе)
9. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді? (хорда)
10. Қабырғасы 5см квадраттық аудан неге тең? (S=a²=25)

III тур. Мақал айтсаң жол көрсетер
Мәтел айтсаң жаныңды жадыратар, - деп келесі турымыз мақал - мәтелдер сайысына кезек берейік. Ойыншы мақал - мәтелдегі қажетті санды тауып атау керек.
1. Ердің екі сөйлегені өлгені,
Еменнің иілгені сынғаны.
2. Бір күндік жолға шықсаң,
Үш күндік азық ал.
3. Алты жыл аш болсаң да,
Ата салтыңды сыйла.
4. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
5. Отыз күн оразаның бір күн айты бар,
Әр қылған жақсылықтың бір қайтуы бар.
6. Жерді 2 жыртқан
Өнімді 2 есе алады
7. Мыңдық 12 қабат шынжырды үзеді.
8. Жүзден біреу шешен,
Мыңнан біреу көсем.
9. 90 ауыз сөздің
Тобықтай түйіні бар.
10. Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішер.
11. Жүзден біреуі көсем
Мыңнан біреуі шешен.
12. Бесік баласы бес түлейді.

IV тур.
Математикалық атаулар мен ұғымдар
Есте болар, балалар бәріңнің де
Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешіп
Артық болмас бастайық кезек бізде, - деп

Жұмбақ шешу сайысын бастаймыз!
1. Мұз жарғыш жүзіп келеді
Бауыры қызып келеді
Абайла ойып түсер
Ондайлар бұзық келеді. (Үтік)

2. Құйрығы інге кірсе беті өртелген,
Ішегіне ішегі тисе қатер төнген. (электр пеші)

3. Бұлбұлдың екі құлақ, бір басы бар
Салдыраған сегіз жердей таңбасы бар
Бұлбұлды жолға салып айдағанда

Салатын неше түрлі жорғасы бар. (домбыра)

4. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

5. Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан - жағыңа қарамай (натурал сан)

6. Қос құлақты жүз тісті
Жүзінен бірақ із түсті (ара)

7. Экран беті оның тұрағы
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер)

8. Жақтаулар арқылы шектелген
Экрандағы төртбұрышты аймақ (терезе)

9. Алпыс төрт бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін - бірі қуғандар
Ханы үшін де жаны үшін де
Бермейді олар намысын. (шахмат)

10. Бір көлден 12 - ден қаз ойнайды
Алсам деп бірін - бірі наз ойлайды
Келгенде жақындасып, қожаңдасып
Бірін - бірі алмасына еш қоймайды. (дойбы)
11. Үлкен кіші сандарды сен
Ажыратқың келсе егер
Қандай таңба қояр едің
Қане ойлан куәгер. (теңсіздік)

12. Патшаларға мола болған
Геометрияға мұра болған. (пирамида)

V тур.
Терминдер сайысы
Бір терминді жазып сол сөздегі аяқталатын әріппен келесі терминді бастау керек. Қай команда көп термин жазса, сол команда жеңімпаз аталады. 5 - минут уақыт беріледі. (Математика, физика, информатика. )
VI тур.
Формулалар сайысы
Бір парақ қағаз беріледі әр топ оқушылары өздері білетін формулаларын жазады. 5 минут уақыт беріледі. Көп және дұрыс жазылған топ жеңімпаз аталады.
6 858
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Санды, әріпті өрнектердің мәнін таба білу, есептердің шарты бойынша өрнек құра білуге үйрету.
Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту.
Алгебралық бөлшектерді қосу және азайту.
Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруіне мүмкіндік туғызу, алған білімдерін мысалдармен бекітіп қорытынды жасауға және ізденушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Өрнекті теңбе-тең түрлендіру
Өрнекті теңбе-тең түрлендіру
Өрнекті теңбе-тең түрлендіру үшін негізгі ережелерді білу Алгебралық өрнектерді ықшамдап, оған теңбе-тең өрнектерді табу Мәтінді есептерге алгебралық өрнек құрастыра алу, құрастырылған өрнекті түрлендіру
Жақшаны ашу. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
Жақшаны ашу. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
Жақшаны ашу ережесін тұжырымдау, көбейтудің қосуға және азайтуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып жақшаларды ашу. Жақшаны ашу ережелерін тиісті жағдайларда пайдалану
Дарындылар додасы
Дарындылар додасы
Математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру. Оқушылардың есеп шығаруға ынтасын арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Жақшаларды ашып өрнектерді ықшамдау
Жақшаларды ашып өрнектерді ықшамдау
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №5 орта мектептің математика пәні мұғалімі Аманғосқызы Гүлмира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×