Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Нарықтың талабы - экономикалық білімдендіру

30 наурыз 2012, Жұма
Категориясы: Математика
Нарықтың талабы – экономикалық білімдендіру

Еліміздің экономикалық жүйесі шаруашылықты жүргізудің жаңа формалары мен әдістерін стандартты емес экономикалық формулалар мен арақатынастарды енгізу, қолданбалы экономикалық ойлаудың тууы мен қалыптасуына байланысты сапалы өзгерістерді басынан кешіруде. Осыған байланысты экономикалық реформалардың қоятын басты талабы жоғары профессионалды дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Математиканың мектептік курсы оқушылардың өнеркәсіппен ауылшаруашылығы өндірісінің негіздерін игеруге көмектеседі, бұл оқушыларға экономикалық білім және тәрбие берудің маңызды жолдарының бірі.

Нарықтық қатынастар экономикалық өмірге дендеп енуіне байланысты, қоғам талабына сай мектеп математика курсының кейбір тарауларына ерекше көңіл бөліп, оқушыларға экономикалық мазмұнды есептер шығарту керек. Республика көлемінде шығатын газет - журнал беттерінде жарияланатын есептердің экономикалық хал – ахуалын белгілейтін таблицаларға шолу жасап, түсіне білулері қажет, әсіресе, белгілі материалдарды, диаграммалар мен таблицаларды, мазмұнды есептерді оқушылар өздері құрып, шеше білгендері жөн.

Оқушыларға математика сабағында экономикалық білім беруде пәнаралық байланыстың маңызы зор. Себебі, математикалық әдістер тарихта, экономикалық географияда, қоғамтануда, физикада және т. б. пәндерде кездесетін экономикалық ұғымдар мен көрсеткіштерді түсіндіруге қолданылады.
Алайда, экономикалық мазмұндағы математикалық есептер оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне сай болуы керек.
Экономикалық мазмұндағы есептерді зерттеу әдетте қарастырылатын объектінің барынша қарапайым математикалық моделін құрастыру мен талдаудан басталады. Бірақ, одан кейін модельді нақтылау, оны объектіге толығырақ сәйкестендіру қажеттігі жиі кезігеді. Бұл әртүрлі себепке байланысты туындайды: барынша дәл келу талабымен, объект туралы математикалық модельде көрсетілуі қажет жаңа ақпарат пайда болумен, бастапқы модельдің қолданылуы шегінен шығатын параметр көлемі ұлғаюымен айқындалады.
Кез келген қоғамда материалды, әлеуметтік, интеллектуалды өндіріс ресурстарының шектеулі саны болады. Сондықтан да қоғамға күнделікті үш негізгі есепті шешуге тура келеді:

1. Қандай товарлар және қандай көлемде шығарылуы тиіс;
2. Бұл товарлар қандай үлгіде шығарылуы керек;
3. Бұл товарлар кім үшін шығарылуы керек.
Қай товарға сұраныс көп болған болса, сол товарды өндіруде көбірек пайда табуға болады. Өндірушінің бір ғана өнім түрі емес бірнешеуін өндіруінен ұсыныстың өзгеруі мүмкін. Егер өндірілмеген өніміне баға артатын болса, онда өндірушілер сол өнім түрін шығаруға ұмтылады. Мысалы, компьютерлерге сұраныстың көбеюіне сәйкес көптеген жиһаз шығаратын фабрикалар компьютерге арналған жиһаздар шығара бастайды.

Есеп: Екі түрлі өнім шығаратын өнеркәсіптің қуаты күніне 200 өнімнің бірінші түрінен немесе күніне 600 өнімнің екінші түрінен шығарады. Өнеркәсіптің техникалық бақылау бөлімі өнімнің қай түрі болса да күніне 300 - ін тексеруге мүмкіндігі бар. Өнімнің бірінші түрінің құны екіншісінен 2 есе қымбат екені белгілі болса, өнеркәсіпте ең көп түсім беретіндей өнімнің әр түрінен күніне қанша шығару керек?
Жауабы: күніне 450 өнім шығару керек.

Математика сабағында мазмұнды экономикалық есептер шығарудағы басты мақсат: математиканы оқытуда оптимальді шешімдерді табуға арналған есептерді қарастыру; оқушыларға өмірге байланысты қарапайым экономикалық терминдердің (еңбек өнімділігі, сұраныс, ұсыныс, шығыс, өнімнің өзіндік құны, пайда) математикалық мазмұнын ашу.

Математика сабағында мазмұнды есептерді шешу арқылы оқушылар жаңа жағдайлармен танысады, математикалық теорияларды оның шешімін табуға қолдануды үйренеді, есеп шешуге қатысты жаңа әдістерді немесе математиканың тарауларын оқып үйренеді. Басқаша айтқанда, есептерді шешу арқылы математикалық білімі мен білігін дамытады. Күнделікті өмірге қатысты практикалық есептерді шешу барысында оқушы математикалық білімін қолдануды үйренеді. Қазіргі экономикалық жағдайларға байланысты мектептерде математика сабағында экономикалық білім беру мәселесіне аса назар аудару қажет. Бүгін мектепте оқып жүрген жасөспірімдер ертең - ақ маманданған жұмысшы, жеке кәсіпкер иесі. Олар қажетті практикалық дағдылар мен теориялық білімді мектептен оқып үйренгендері тиімді. Жеке кәсіпкер материалды тиімді пішіп, үнемдей білсе және тағы басқа, қыруар пайда тапқан болар еді.

Қазіргі кезде қай жинақ банктеріне барсаңыз да жедел депозиттер таблицалары ілулі тұрады. Олардың бірі жеке тұлғаға, ал екіншісі заңды тұлғаларға арналған. Жеке тұлғаларға арналған жедел депозиттер таблицаларының біріне шолу жасайық.

Жылдық проценттер көлеміДепозиттер көлемі 1 ай 3 ай 6 ай 9 ай 12 ай100 000 - ға дейін 16 20 21 22 23100 001 - нан500 000 - ға дейін 17 21 22 23 24500 000 - нан астам 18 22 23 24 25


Таблицаны өз дәрежесінде түсіну үшін оқушылар төмендегі мәселелерді білуі керек:
Жай процент - әр жыл (немесе салым мерзімі) өткен сайын жылдың түсімі есепке алынып, келер жылдың түсімі алғашқы салым бойынша есептелінеді.
Күрделі процент – процентті табысқа есептейтін процент.
Кредит үшін процент – кредит (несие) бергені үшін банкілер өндіріп алатын төлем, оның өлшері кредиттің көлеміне, жылдық төлем мөлшеріне, сондай - ақ экономикалық конъюктура факторлеріне байланысты.
Банк – кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың бос ақша қаржысын тарту мен жинақтауды және төлемдерге делдалдық жасауды (пассив операциялар), сондай - ақ, ақша, бағалы қағаздар эмиссиясын, қысқа мерзімді кредит беруді, қайтарылатын, төленетін және мерзімі әр түрлі несие беруді (актив операциялар) жүзеге асыратын кредит қаржы мәселесі.

Депозиттер – 1) банкілер мен жинақ кассаларындағы ақша салымдары;
2) клиенттер банкіге қоятын белгілі бір талапты қуалайтын банк кітаптарындағы жазбалар;
3) кредит мекемелеріне сақтауға берілетін бағалы қағаздар (акциялар мен облигациялар);
4) тәуелді, сотқа келуді қамтамасыз ету үшін сот және әкімшілік мекемелеріне ақшалай жарна төлеу;
5) кеден мекемелеріне төленетін жарналар мен баж салықтары мен алымдардың төленуін қамтамасыз ету.
Маркетинг – шаруашылық қызметінің тауарлар мен қызмет жөніндегі тұтынушылар бизнесі және мемлекет сұранысын қанағаттандыратын мақсатын көздейтін түрі.

Материалдық экономика – теориялық экономиканың экономикалық жүйелерде заңдылық пен тиімділікті анықтау үшін математикалық модельдеуді және әдістерді қолданатын бағыты.
Менеджмент – 1) жалдамалы кәсіби басқарушы;
2) өндірістік басқару жөніндегі маман;
3) спортшылардың жаттығуын, жарысын, т. с. с. ұйымдастыратын кәсіби спорттағы іскер адам.
Сонымен қорытындылай келе, математикалық модельдер пәнаралық есептерді шешу құралы бола отырып, оқушылардың математикалық ойлауын дамытуға септігін тигізеді деген түйінге келеміз.
5 796
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жапония шаруашылығы
Жапония шаруашылығы
Жапония елінің шаруашылығы, шаруашылық түрлеріне тоқталу, экономикалық және әлеуметтік дамуының жоғары деңгейге жету себептерін түсіну, оның экологиялық жағдайлары мен мәселелері туралы білім алу
Экономикалық жүйелердің тарихи үлгілері
Экономикалық жүйелердің тарихи үлгілері
Экономикалық ілгерілеуді түсіну үшін шаруашылықтың иемденуші және өндіруші түрлерін салыстыру.
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасының экономикалық - географиялық жағдайының ерекшеліктері, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының салалары туралы жөнінде түсіндіру.
АҚШ - тың экономикалық аудандары
АҚШ - тың экономикалық аудандары
Тарихи - мәдени ерекшеліктері мен әлеуметтік - экономикалық даму деңгейіне қарай, АҚШ аумағында 4 экономикалық аудан қалыптасқан
Географиядан қысқа мерзімді жоспарлар
Географиядан қысқа мерзімді жоспарлар
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, "Шетпе гимназиясы"ММ - нің география пәні мұғалімі Елеуова Ақбала Алдоңғарқызы
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Алматы қаласы, «Шаңырақ» шағын ауданы, «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» география пәні мұғалімі Муталипова Мейрамгуль Ергалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×