Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Осьтік және центрлік симметрия

31 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Осьтік және центрлік симметрия

Сабақтың мақсаты:
а) білімдік. Симметрия ұғымын меңгерту, түзуге және нүктеге қатысты симметриялы фигуралар ұғымымен таныстыру, осьтік және центрлік симметриялы фигураларды атау, түрлерін білу, мысалдар келтіру, қолданысы мен маңызын білу;
ә) тәрбиелік. Ұқыпты кескіндеуге, дұрыс табуға, зерттеуге, ұлттық мұраларды білуге және қадірлеуге тәрбиелеу;
б) дамытушылық. Симметрия және симметриялы фигуралар туралы білім, білік және дағды қалыптастыру.

Типі: білімді бекіту
Түрі: сайыс сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік арқылы, түсіндіру, сайыс, бағалау
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, ұлы ғалымдардың портреттері, нақыл сөздер, тарихи деректер, альбом, рефераттар және т. б.
Пәнаралық байланысы: бейнелеу, технология, қазақ тілі, физика, биология, тарих

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылар 2 топқа бөлінеді: «Квадрат», «Шеңбер»
ІІ. Қайталау сұрақтары: Сұрақ - жауап
1. Қандай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады?
2. Осьтік симметриялы фигуралар деп қандай фигураларды айтамыз?
3. Төртбұрышта, квадратта және шеңберде симметрия осі нешеу?
4. Центрлік симметриялы фигуралар деген не?
5. Центрлік симметриялы фигураларға мысалдар келтіріңдер.
ІІІ. Негізгі бөлім.
1.«Әріппен ойын»
Суретте мына фигуралардың қайсысы осьтік симметриялы фигураларға жатады?

Ғылымда ою - өрнекті мынадай топтарға бөледі:
1. Зооморфтық (хайуанаттық);
2. Өсімдіктәріздес немесе көгөріс;
3. Геометриялық;
4. Космогониялық, астральдық, ғарыштық.
Өрнек атауының мағынасына қарай мынадай топтарға жіктейді:
1. Ай, күн, жұлдыздарға (космогониялық) – көк әлеміне байланысты өрнектер. Оларға «ай», «айшық», «жұлдызша», «күн нұры», «күн көзі»,«күн сәулесі», «шыққан, батқан күн», «ай - таң», «ай - гүл», «ай таңба», «түнгі ай», «жұлдыз», «аққан жұлдыз», «үркер» секілді жұлдыздар жатады.
2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер. Бұл оюдың негізін «қошқармүйіз» өрнегі қалайды. «Өркеш», «түйе табан», «түйе мойын», «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «қырық мүйіз», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз» т. б.
3. Аңға байланысты өрнектер: «Бөріқұлақ», «түлкібас», «бөрікөз», «иттабан» т. б.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 572
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Осьтік симметрия және центрлік симметрия
Осьтік симметрия және центрлік симметрия
Біздер күнделікті өмірде дененің, фигураның бөліктері симметриялы деген сөздерді жиі кездестіреміз. «Симметрия» грек сөзінен алынған, «гормония» - бірдей өлшенеді, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді.
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Әртүрлі пішіндер мен элементтерден өз бетімен өрнек құрастыру. Балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Осьтік симметрия
Осьтік симметрия
Геометриялық фигуралардың симметрия осьтерін табу дағдыларын жетілдіру. Түзуге қатысты симметриялы нүктелерді салуды үйрету;
Центрлік және осьтік симметрия арқылы қазақ ою – өрнектерін салу
Центрлік және осьтік симметрия арқылы қазақ ою – өрнектерін салу
Ақмола обылысы, Шортанды ауданы, Шортанды №3 қазақ орта мектебінің математика пән мұғалімі: Асауй Жаркынгуль
"Остік симметрия" (6 сынып), "Квадраттық функцияның графиктеріне есептер шығару" (8 сынып)
"Остік симметрия" (6 сынып), "Квадраттық функцияның графиктеріне есептер шығару" (8 сынып)
Қазығұрт ауданы, «Талдыбұлақ» негізгі орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жүзжасар Әуелбек Жарылқапұлы
Осьтік симметрия
Осьтік симметрия
Атырау қаласы, №35 мектеп-гимназиясы, математика пәні мұғалімі Калмуханова Самал Кудайбергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×