Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әнші балапан байқауы

02 маусым 2015, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
«Әнші балапан» байқауының бағдарламасы

Көңілді әуені ойналып, Арманбек кіреді. Асық ойнайды.
Арманбек: Күні бойы ойнаймын
Ойынға бір тоймаймын
Бәрін, бәрін білгім кеп
Үлкендерді мазалап
Сұрақ қойып тынбаймын
Шіркін әнші болсам деп
Қиялдаймын, ойлаймын

Әдемі әуенмен Перизат кіреді.
Перизат: Сәлеметсің бе, Арманбек. Мен мейірімді Перизатпын.
Арманбек: Ал менің атым Арманбек. Перизат білесің бе, менің арманым әнші болу. Сен менің арманымның орындалуына көмектесе аласың ба?

Перизат: Әрине, көмектесемін.
- Арманбек бұл жерде әншілердің сайысы өтпекші. Ал мына балалар өнерпаздар сен әнші болғың келсе, алдымен мына балалардың әнін тамашала.
«Шағала» тобының кішкентай бүлдіршіні Индира
«Ойыншықтар» әнін орындап береді.

Арманбек: Шіркін - ай мен де әнші болсам ғой!
Перизат: Әнші болған әрине керемет. Бірақ ол үшін көп еңбектену керек.
Арманбек: Бірақ мен ән айта алмаймын ғой. Маған көмектесіңдерші.
Перизат: Арманбек мен саған домбыраны сыйға тартамын. Бұл жай домбыра емес, қасиетті домбыра. Мұны қастерлеп, қадірлеп ұста (Арманбек домбыраны алады.)
Арманбек: Рахмет саған, Перизат.
Перизат: - Ал біз келесі кезекті тағы да әнге берейік.
«Алақай» тобының кішкентай бүлдіршіні Мадинаның орындауында «Қошақаным» әні. Қабыл алыңыздар.

Перизат:- Арманек енді сенде домбыра бар, енді саған ән айтуға болады.
Арманбек: - Балалар мен бірақ ән айта алмаймын ғой. Маған үйретіңдерші.
Перизат: - Балалар Арманбекке көмектесеміз бе?
Балалар:- Иә.
Перизат:- Олай болса тағы да бір әнге кезек берейік.
Ортада «Тұлпар» тобының өнерпазы Катяны
«Әжем айтқан ертегі» әнімен қарсы алайық.

Арманбек (домбыраны шертіп) – балалар тыңдаңдаршы қандай әсем үн. Мен де сайысқа түссем болама?
Перизат:- Әрине болады, бірақ ол үшін алдымен біраз дайындалып ал. Мен келесі қатысушымызды ортаға шақырайын.
«Қызғалдақ» тобының жас өнерпаздары Бахтияр мен Мадиярдың орындауында «Балалық шақ» әні.

Арманбек: Келесі қатысушыны мен хабарласам бола ма?
Перизат: Әрине болады.
Арманбек: - Ендеше ортада «Балапан» тобының бүлдіршіндері Дана мен Дананы «Аналар алтын» әнімен ортаға шақырамыз.

«Қызғалдақ» тобының әншісі Арсенді «Ақ әжем» әнімен шақырайық.

«Қызғалдақ» тобының бүлдіршіні «Тыңдай білем» әнімен Мединаны қабыл алыңыздар.
«Шағала» Тобының әншісі Айшаны «Қошақаным» әнімен ортаға шақырамыз.

Перизат:- Көрдің бе Арманбек Біздің балалар қандай өнерлі.
Арманбек:- Иә, шынымен бүлдіршіндердің әні маған да ұнады.
Перизат: - Олай болса біздің әділқазылар өз бағасын бергенше кезекті тағы да әнге берейік.
Медина мен саз жетекшісі Айсауле Мұратқызының орындауында «Әнші болғым келеді» әнін қабыл алыңыздар.

Әділқазылар өз бағасын береді. Жеңімпаз болған бала әнін қайталап орындайды.

Перизат: - Бүгінгі «Әнші балапан» ән байқауы өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.
Сау болыңыздар!
9 692
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біз бақытты балалар өнер сүйген
Біз бақытты балалар өнер сүйген
Біз бақытты балалар өнер сүйген атты балалар өнері фестивалінің сценарииі
Наурыз думан
Наурыз думан
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Әнші балапан
Әнші балапан
Құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар және ауыл тұрғындары. Бүгін №100 мектеп жанындағы «Айгөлек»жазғы тынығу лагерінде өткізілгелі отырған «Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер.
Бармағыңнан бал тамған шебер болғын келсе бармақтайыңнан машықтан
Бармағыңнан бал тамған шебер болғын келсе бармақтайыңнан машықтан
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,Новобаженово ауылы, А.Ибраев атындағы орта мектептің Сызу,технология пәні мұғалімі Жанысбаева Алмагул Адильхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×