Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біз бақытты балалар өнер сүйген

23 қазан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Павлодар облысы, Ақсу қаласы,
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы
Өзін-өзі тану мұғалімі: Бакирбекова Гульбану Абусыздыковна

«Біз бақытты балалар өнер сүйген» атты балалар өнері фестивалінің сценарииі.
Өткізілетін орны: Гимназия мәжіліс залы
Өткізілетін уақыты:
Жүргізушілер:
«Кішкентай әлем» әнінің әуені қосылады. Перизат сахнада ұйықтап жатқан сияқты боп, ояна бастайды.
Перизат: Керемет, мынау қандай жер, мен мұнда қалай келдім?
Осы кезде сахна сыртынан Жаман бала мен жақсы бала бір - бірімен сөйлесіп шыға келеді.
Жаман бала: менің айтқаным дұрыс
Жақсы бала: қойыңызшы, мен Сізден кешірім сұраймын, бірақ бұл жерде менің ойым дұрыс деп ойлаймын
Жаман бала: туф, бәрібір менікі дұрыс боп шығады көресің.
Перизат: Балалар, тоқтаңыздар! Сәлеметсіңдер ме! Неге ұрысып бара жатырсыздар?
Жаман бала: Мен тауық жұмыртқадан бірінші пайда болды деймін, ал ол керісінше бірінші жұмыртқа пайда болды дейді
Жақсы бала: айтыңызшы, осы жерде кімнің ойы дұрыс?
Перизат: Балалар, бұл мәселенің шешімін әлі ғалымдар да толықтай зерттей алған жоқ, сондықтан босқа таласпаңдар!
Жаман бала: Ал осының бәрін білетін сен кімсің?
Жақсы бала: Жаман бала, қандай әдепсіз едің, үлкен кісіден осылай сұрай ма екен? (Перизатқа қарап) Кешіріңіз, біз Сізбен дұрыс амандасқан да, танысқан да жоқпыз. Мен Жақсы баламын, ал мынау сотқар Жаман бала, ал Сіз кім боласыз?
Перизат; Танысқаныма қуаныштымын, мен Мейрімділік перизатымын, жер жүзіндегі мейірімді адамдарды іздестіріп жүріп, қатты шаршап ұйықтап қалыппын. Енді оянып көзімді ашсам, осы жерде екенмін. Балалар, айтыңдаршы мен қай жерге тап болдым, бұл не деген ел?
Жақсы бала: Қадірлі перизат, Сіз өзіңіздің іздегеніңізді осы жерден табасыз, өйткені бұл
Екеуі: Мейрімділікке жетелейтін ғажайып ел.
Жаман бала: Ал олай болса, жүріңіз, біз Сізді осы елмен таныстырайық
Жақсы бала: Жаман бала, сен ештеңе ұмытқан жоқсын ба? Қарашы мұнда қаншама көрермендер отыр, не істеу керек?
Жаман бала: ААААА, амандасу керек.(Сахнадан түсіп барып, қол алысып амандаса бастайды)
Жақсы бала: Тоқта не істеп жатырсын? Мұнда кел? Көпшілік халықпен бас иіп, сәлеметсіздер ме деп амандасу керек
Перизат: Дұрыс айтасың, қайырлы күн, қадірменді жиналған қауым.
Жаман бала: Сәлем, достар!
Жақсы бала: Ал кіммен қалай сәлемдесу керек екенің Сіздерге..... айтып береді. Қарсы алыңыздар!
Сәлем бер!
Келе жатсың оқудан
Көңілің бір кемеңгер
Көлеңкеде отырған
Көрші апаңа сәлем бер

Бақ ішінде жотада
Тартылып жатыр асыл күй
Алма жиған атаңа
Қол қусырып басыңды и

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 440
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 маусым Балалар күніне арналған ертеңгілік
1 маусым Балалар күніне арналған ертеңгілік
Бүгінгі 1 маусым әлем балаларын қорғау күні мерекесімен құттықтаймыз!
Жақсы мен жаман
Жақсы мен жаман
Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу, түсіндіру; өлең жолдары арқылы жақсы мен жаманды ажырата білуін меңгерту: балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, жақсы мен жаман туралы өз ойларын ашып айта білуге баулу; жақсы болып өсуге тәрбиелеу.
Елін сүйген – Елбасы
Елін сүйген – Елбасы
Балалардың өз Отаны туралы білімін кеңейту. Еліміздің Тұңғыш Президентін жас ұрпаққа таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Мейірімділікке бастар ғажайып әлем
Мейірімділікке бастар ғажайып әлем
«Мейірімділікке бастар жол» атты мерекемізге қош келдіңдер! Бүгін бізге, ғасырлар бойы жиналған халық даналығынан сыр шертіп, өзін - өзі тану әлеміне жол нұсқайтын құрметті қонақтарымыз келіп отыр. Қарсы алайық!
Әнші балапан байқауы
Әнші балапан байқауы
«Әнші балапан» байқауының бағдарламасы
Бақытты балалық шақ
Бақытты балалық шақ
Павлодар облысы, Ақсу қаласы № 2 мектептегі шағын орталық тәрбиешісі Ахметова Сұлушаш Заркешқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×