Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ән. Әнші. Композитор

15 наурыз 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ән. Әнші. Композитор.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды өнер әлеміне жетелеу, өнерпаздыққа баулу, әсемдік әлемінің іскерлілігін бойына сіңіру. Ән, әнші, композитор терминдерінің анықтамасын түсіндіру.
Сабақтың міндеті: түрлі музыкалық тапсырмалар арқылы оқушының шығармашылық белсенділігін ояту және есте сақтау қасиеті мен ырғақтық сезімдерін дамыту. Ән салу шеберлігіне үйрету.
Білімділігі: оқушылардың музыкалық білімін арттыру, ән туралы түсінігін кеңейту.
Тәрбиелігі: оқушыларды ән арқылы әсемдікке, әдемілікке, әнді таза, нәзік орындауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін, ән арқылы еске сақтау қабілеті және ән орындау шеберлігін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: балапандар, композитордың суреті, музыкалық аспап
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық тренинг:
«Жүректен жүрекке» деген жылы лебіздермен «Балапанға» тілек сөздерін айту.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өзі жақсы көретін мысық, күшік т. б жануарлардың суретін салып келу. Салған суреттеріне қатысты өлең шумақтар оқып беру.
(жауап берген оқушылар балапан суреттері таратылады)

Жаңа сабақ.
Бүгін ән, әнші, композитор туралы айтамыз. Ән - музыка мен сөздің бірлігі ғана емес, ән айту арқылы орындаушы өз сезімін білдіре алады. Әннің мазмұнын аша отырып, шебер орындаушылық қабілетімен тыңдарманға әннің айтар ойын жеткізе алады. Қазіргі заманның қандай әншілері ұнайды? Қандай әндерін білесіңдер? (сұрақтарға жауап алып, білетін әнін орындату)
Әнді орындайтын, сол әннің әуені мен сөзіндегі негізгі ойын тыңдаушыларға жеткізе білетін өнер адамын әнші дейді. Ақын әннің сөзін жазса, әуенін композитор жазады. Екеудің үндестігін әнші орындап жеткізе біледі. Ән түрлі тақырыпта жазылды.
Ән
Батырлық, ерлік
Мектеп, білім
Тарихи оқиға
Туған жер, ел, Отан
Рәміздер туралы
Ата - ана туралы
Табиғат туралы
Балалық шақ туралы

Музыка тыңдау: А. Қоразбаев әнші - композитор. Көптеген әндердің авторы. Қазақтың ұлттық домбырасын әнге қосқан әнші - композитор. «Әгугай домбыра» әнін мен домбыра аспабымен орындап берейін. Сендер мұқият зейін қойып тыңдаңдар.
- Ән қалай орындалды?
- Ән не туралы жазылған?
- Әнді қандай аспаптың сүйемелдеуімен орындадым?
Сергіту сәті:
«Ән», «Әнші», «Композитор» ойыны. Балаларға «Ән», «Әнші», «Композитор» деген айдар тағылады. «Ән» болған оқушы «Әнші» болған оқушымен қосылып ән салады. Сол орындалған әннің композиторын «Композитор» болған оқушы айтады. Ойынды 4 - 5 рет қайталатып ойнату.
Дауысқа жаттығу.
«Әнші балапан» әнінің қайырмасына дауыс жаттығуын жасату. Ми - я, ми - я, ля, ля, ля, ля, ля - дыбыстарын қолдану.
Тыныс алу жаттығуларын жасату, демді ұзақ және үнемдеу үйретіледі.
Ән үйрену:
М. Омаровтың «Әнші балапан» әні - қауымға кең тараған әндерінің бірі. Ән баларды білімге, өнерге, ғылымға шақырып үн тастайды. Әуені де, сөзі де естіген құлаққа жағымды, сөзі жеңіл, еске сақтауға оңай ән.
Әнді алдымен орындап, тыңдату.
(әнді шумағы мен қайырмасын үйретіп, аспапқа қосылып орындату)
Шығармашылық жұмыс
Әннің қайырмасына өзімізше музыка шығарып көрелік.
(балалар әрқайсысы өзінше ән шығарады, әнді әннің қайырмасының сөзіне салып орындайды. Сөйтіп шығармашылығын көрсетеді)

Сабақты қорытындылау
«Адасқан балапандар» дидактикалық ойыны. Сабақтың қорытындылау бөлімінде сыныпқа тауық келеді. Балапандар енесінен адасып, таба алмай қалады. Балалар тауыққа көмектесіп сұраққа жауап біреуі керек. Әрбір дұрыс жауап жоғалған балапандарды таба алады.
1. Ән деген не?
2. Әнші деген кім?
3. Әнші - композитор деп кімді айтады?
4. Қандай әнші - композиторларды білесіңдер?
5. Өзің ұнататын бір әнді орында.
6. Хормен «Әнші балапан» әнін орындаңдар.
Үйге тапсырмасы:
Өздеріне таныс әнші - композиторлардың әндерін үйреніп келу тапсырмасы беріледі. М. Омаровтың «Әнші балапан» әнін жатқа, әнді нақышына келтіре орындап келу.
12 150
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Вокал" үйірмесінің жоспары
"Вокал" үйірмесінің жоспары
Музыка - сурет, театр, поэзия сияқты өмір мен адам жанының құбылыстарын бейнелейтін көркемөнердің бір түрі. Музыка - адамның ішкі жан дүниесін жадыратуға, нәзік сзімдерін оятып, қоғамдық мақсаттарды дәріптеуге жалпы өмірдің мән - мағынасын түсініп
Музыка - сезім тілі
Музыка - сезім тілі
Музыканың әсерлік белгілері (музыкалық бояуы) туралы баяндау. «Композитор» ұғымына түсінік беру. Жаңа ән үйрету. Бір үнділікпен ән салу дағдыларын жетілдіру.
Шырқа, сырнай!
Шырқа, сырнай!
Музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып, халық аспаптар түрлерімен таныстыру. Балалардың музыкалық қабілетінің дамуына себепші болу.
"Әніміз бар тамаша" бабабақшадағы музыкалық оқу іс-әрекеті
"Әніміз бар тамаша" бабабақшадағы музыкалық оқу іс-әрекеті
Қызылорда қаласы, «Бегім Ана» балабақшасының музыка жетекшісі Еспенбетова Ақзира Нағыметуллақызы
Өмірі өнермен өрнектелген
Өмірі өнермен өрнектелген
БҚО, Орал қаласы, №42 "Ақ ниет" гимназиясы музыка пәнінің мұғалімі Абдушева Армангүл Айдарқызы.
Халық музыкасы және опера
Халық музыкасы және опера
Ақтөбе қаласы, №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясы Музыка пәнінің мұғалімі Қазиева Назгүл Жеңісқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×