Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқытушыға арналған алғашқы әдістемелік нұсқаулар

20 шілде 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Музыка
Қызылорда облысы Қазалы ауданы.
Музыка пәні мұғалімі Баян Алпысбай Игілікқызы

Оқытушыға арналған алғашқы әдістемелік нұсқаулар.
Музыка – адам жанын жарқындататын өнер. Сондықтан музыка адам баласына қатты әсер етеді. Бірақ ойланған әуенді сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны тек музыканы жан - дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағымен ғана қабылдайды. Өйткені, «Музыка – жүрек тілі», яғни сезім, қобалжу, көңіл - күйдің тілі деп ұққан жөн.

Музыка – шынайы өнер, адамға әсер етіп, құдіретті эмоциялық орасан зор күш арқылы эстетикалық талғамын оятады.
Музыканы тыңдау арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі мақсаттары жүзеге асады. Сонымен бірге музыканы тыңдаумен қатар оны қабылдау арқылы басқа ғылыми салаларын жетік меңгеруге үлкен септігін тигізетіні анық. Музыканы сезінген бала, ол математика пәнін жетік меңгеріп, жоғары көрсеткіш көрсететіні баршаға аян. Музыканы сезініп қана қоймай, оны көз алдына елестете білген оқушы ана тілі мен әдебиет пәндерін жетік меңгеретін болады. Кейбір балалар музыканы жай ғана тыңдап, ешқандай әсер, сезіну, қобалжу, эмоциялық әсер ала алмаса, ол оқушы музыкадан басқа жалпы пәндерден білім көрсеткіші төмен болады.

Музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы оқушылардың ой - өрісін, сезімін, санасын, қиялын, талғамын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз.
1. Музыкалық аспапта жақсы ойнау орындаушының техниканы шебер
меңгеріп, шығарманы әсерлі орындаумен ерекшеленеді. Орындаушының дыбыстарды естуі ерекше болады. Ол дыбыстың күшін, сипатын бояуын алдын ала естіп, қайткенде адам жанына күшті әсер ететінін шамалап отырып, қол қимылдарымен саусақтардың әрекеттерін соған бағындырады. Оқушылардың музыкалық қабілетін жан - жақты дамыту жолында мынадай жұмыстар жүргіземін:
І. Музыкалық – теориялық білімінің негіздерін меңгерту.
ІІ. Орындаушылық қимыл – әрекеттер тәсілдерінің негіздерін игерту: оқушының дұрыс отыруын, қолдың, саусақтардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.
ІІІ. Бастапқы оқудың ең қиын да күрделі жағы орындаушылық шеберлігін меңгерту.
IV. Музыканы мәнерлеп орындаудың әр – түрлі тәсілдерін үйрету.
Нотаны жақсы оқып, ойнау дағдысын дамыту үшін, нотаның аттарын жақсы біліп, олардың ұзақтығы мен нота сызықтарында қалай жазылатынын, орынын ажырата білу, ноталардың скрипка және бас кілтінде жазылғанын айыру, альтерация белгілерін, кідіріс белгілерін толық меңгертемін.
Фортепианоның клавиатурасымен таныстырып, октаваларды ажыратып, дыбысты жоғарлататын немесе төмендететін қара клавиштердің қызметін түсіндіріп, еркін тауып ойнауын қалыптастырамын. Орындаушылық қимыл әреке тәсілдерінің негіздерін игерту: оқушының дұрыс отыруын, қолдың саусақтарының дұрыс орналасуы.

2. Қолдың қойылымы дегеніміз музыкалық аспапта ойнап үйрену
барысында оқушының қолдары мен саусақтарының дұрыс орналасып қалыптасуы. Саусақтардың клавиштер үстіне орналасу қалпы шағын доп ұстап тұрғандай болуы шарт. Олардың жазылып кетуінен қолдың бұлшық етіне күш түсіп, тез шаршауына әкеп соғады.
Қолдың білек пен білезік буыны саусақтардың қимыл қозғалыстарына сай икемделіп отырады. Оқушы алғаш клавиштерді басу арқылы жақсы, назды дыбыс шығару үшін болмашы болса да күш жұмсайды, сол себептен оқытушы сабақ сайын оқушының қол бұлшық еттерінің бос болуын қадағалап отырғаны жөн. Шығарманы орындап болған соң, қолға бұлшық еттерін демалдыру үшін, мен кезекті сабағымда түрлі жаттығулар пайдаланамын. Саусақ тым жоғары көтеріліп, сермей басылып, олардың шашыраңқы қалпының нәтижесінде клавиштер тарсылдап басылып, дыбыс үстіртін шығады. Сондықтан мен оқушыға бірінші нон легато, ал кейіннен легато дыбыс шығару тәсілдерімен ойналатын жаттығулар беремін. Осы жаттығуларды ойнау арқылы аппликатураны дұрыс таңдап қоямын. Егер саусақтар ыңғайсыз болса, шығарманы орындау кезінде әрине техникалық қиындықтар туғызуы мүмкін. Фортепиано аспабы әртүрлі дыбыстар шығаруға мүмкіншілігі бар. Дыбыс динамикасын жұмсақ, нәзік жіңішкеден өсіріп, күшті фортиссимоға дейін шығаруға болады. Сондықтан да оқушыға мүмкіндігінше әртүрлі шығарманы шығару үшін, дыбыс шығарудың әдістерін үйретемін.

3. Оқушыны осылайша жекелеген дыбыстарды дұрыс тауып, оларды
аспапта жаттықтырып үйреткен соң, кейбір жеңіл әуендерді ойнатуға кірісемін. Оқушы шығарманы орындауда өз бетімен нотаны оқып, шығарманың көлеміне, ондағы альтерация белгілеріне, дыбыс ұзақтығына көңіл аудартамын. Содан соң шығарманы бөлімдерге бөліп талдау жұмысын жүргіземін. Музыкалық әуенді жеке - жеке талдап, соңынан бәрін бір сөйлемге біріктіру жұмысын жүргіземін. Техникалық қиын ойналатын жерлеріне тоқталып, соған ұқсас жаттығу даярлаймын. Оқушының ынта жігерін арттыру үшін шығарманы өзім ойнап көрсетемін. Оқушы шығарма туралы жан - жақты түсінік алу нәтижесінде, сол шығарманы үйрену барысында кездесетін техникалық және көркемдік жұмыстардан хабардар болып, шығарманың орындалуын елестете алатындай болып шығуы керек. Оқушы шығарманы оқи отырып, ойнаған кезде тоқтамай, керекті екпінде динамикалық шарттарды ескере отырып орындауы қажет.
5 629
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Дәстүрден тыс шығармашылық музыканы бала бойына дарыту
Дәстүрден тыс шығармашылық музыканы бала бойына дарыту
Халықтың бай тарихын, мәдени құбылыстарының сан қилы ерекшеліктерін білмей бүгінгі тәрбие жүйесін қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан болашақ мамандарды кәсіби даярлауда мәдени мұраларды пайдалану барынша қажет болып отыр.
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері
Оқыту мен тәрбие егіз - деп бекер айтылмаған. Сондықтан біз өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, халқымыздың ұлттық музыкасы арқылы олардың бойына өз елінің жетістіктері мен табыстарына, музыкалық мәдениетіне деген үлкен
Ата- анаға кеңес "Әдемі әннің әсері"
Ата- анаға кеңес "Әдемі әннің әсері"
Бастауыш сынып мұғалімі Жанаргуль Сандыбековна Макатова
Ән, күй, би, марш қайда жетелейді?
Ән, күй, би, марш қайда жетелейді?
Қызылорда обылысы, Байқоңыр қаласы, Тоқмұхамедов. Қ. Х атындағы №14орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ильясова Гулзира Кенесовна
Музыканың дамуы
Музыканың дамуы
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Тоқмұхамедов Қ. Х атындағы №14 мектептің музыка пәні мұғалімі Ильясова Гулзира Кенесовна
Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы
Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы
«Бегім Ана» балабақшасының музыка жетекшісі Еспенбетова Ақзира Нағыметуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×