Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата- анаға кеңес "Әдемі әннің әсері"

26 қазан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Музыка
Бастауыш сынып мұғалімі Жанаргуль Сандыбековна Макатова

Ата- анаға кеңес "Әдемі әннің әсері"
Кезінде Аристотельдің өзі «музыка тыңдау арқылы адамның мінез - құлқын қалыптастыруға болады» десе, Пифагор ноталарды зерттеді. Бірсыпыра трактаттарын әл - Фараби музыкаға арнады. 1950 жылдардан бастап әлемнің көптеген елдерінде музыкатерапиялық орталықтар құрылды. 1913 жылы ресейдің психоневролог академигі В. М. Бехтерев музыканың емдік әрі тәрбиелік әсерін зерттейтін арнайы Комитет құрды. Ол музыка адамның тыныс алуына, қан айналымына, шаршағандықты басып, бойды сергітетіне, сәбидің толыққанды дамуына жағымды әсер ететіндігіне сенді. Біраз жыл бұрын Мәскеудің қайта сауықтыру орталығын - да дәрігер М. Л Лазарев музыканы аяғы ауыр әйелдер мен олардың болашақ сәбилерінің ден - саулығын шыңдауға қолдана бастады.

Іштегі сәбиге музыканың әсері бар ма?
Дәрігерлердің зерттеуі екі қабаттықтың 5 айында іштегі баланың сыртқы музыканы естіп, тіпті дыбыстарды бір - бірінен ажырата алатындығын анықтады. Нейроэндокриндік жүйе арқылы музыка баланың ішкі барлық ағзаларына әсер етеді.
Бұған қоса шешесінің жатырында қандай музыканы тыңдаған болса, туылғаннан кейін де баланың сол музыканы көбірек жанына жақын көретіндігі, ұнататындығы дәлелденген.
Екіқабаттық ол баланың физикалық қалыптасуы ғана емес, ол баланың сана - сезімі мен шығармашылыққа жақын болуына, музыкаға бейімділігіне, оның ұғымталдық қасиеттерін ала тууына ықпал етуге болатын үлкен мүмкіндік. Сол себепті ғалымдар ата - ананың іштегі балаға аз да болса әуен тыңдатқанын дұрыс көруде. Осы орайда, болгар психотерапевті П. Рандев егер анасы балаға үш жасқа дейін оны ұqықтатарда, тіпті ұйықтатқаннан кейін де арқасын сипалап отырып, бес минуттай ақырын ыңылдап бесік жырын айтатын болса, оның болашақта мінезі байсалды, жақсылық сүйгіш, кісіге жұғымды, ақжарқын адам болуына жақсы әсер ететіндігін айтуда.

Қызықты зерттеулер
Музыканың дүкеннен зат сатып алушыларға деген әсері АҚШ - та 1950 жылдардың аяғын - да тұңғыш рет зерттелді. Бойды босататын баяу әуендер сауда залында жағымды атмосфера қалыптастырған, ондай - да сатып алушылар да асықпай жүріп зат таңдайтын болған. Ал, жылдам музыкалар болса, қимылды тездетуге пайдаланылған.

Мәселен, түс әлетінде дүкен - де сатып алушылар көбейгенде олардың тезірек саудаласып, тезірек дүкенді босатуы үшін пайдаланылған. «Макдональдстің» арнайы менеджері тамақтануға келгендер көбейіп кеткенде жылдам музыка қойып, оларды тез тамақтануға «асықтырған». Ал, тамақтанатын адамдар аз кезде баяу музыка қойып, олардың асықпай отырып, көбірек ақша жұмсауына жағдай жасаған.
Американдық ғалымдар Моцарттың фортепианоға арналған музыкасын 10 минут тыңдаудың өзі адам интеллектін орташа алғанда 8 - 9 бірлікке өсіретінін дәлелдеген. Ресей ғалым - дары И. М Сеченов, С.. П. Боткин және И. Л. Павловтар стресс кезінде мида пайда болатын дисинхронды ритмдерді музыка арқылы реттеуге болатын заңдылық ашқан.
Қатты музыканың зияндылығы жөнінде, американдық ғалым Дэвид Элкин қатты шыққан дауыс арқылы белокты қуырып жіберуге болатындығын дәлелдеді. (бір концертте дауыс - зорайтқыштың алдына қойылған жұмыртқа 3 сағаттан кейін қатты даң-дұңнан өліп қуырылып кеткен көрінеді). Рок тыңдатылған балықтың да көп өтпей, жансыз күйінде су бетіне қалқып шыққаны байқалған. Бұдан адам да шет қалмайды. Зерттеулер жарты сағат дискотекада болған жеткіншектің сол күйі өз - өзін бақылаудан қалатындығын анықтаған. Жимми Хендрикс бірде былай деген екен: «біз музыка арқылы адамдарға гипноз жасаймыз, оларды күйден-күйге құбылтып, ең осал жерлерін анықтап аламыз. Ал, содан соң оның миына не құям десең де өз еркіңде».
Гитлер де музыканы өз саясатында пайдалануды көздеген. Ол «Басып алған жерлердегі халықтың санасын да бағындырғыңыз келсе, мәнсіз-мағынасыз музыканы күндіз-түні құлағынан кетірмей тыңдата беріңіз. Ол сонда саналы ойлаудан қалып, санасыз тобырға айналады» деген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 437
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Музыка - сезім тілі
Музыка - сезім тілі
Музыканың әсерлік белгілері (музыкалық бояуы) туралы баяндау. «Композитор» ұғымына түсінік беру. Жаңа ән үйрету. Бір үнділікпен ән салу дағдыларын жетілдіру.
Электроника әлемі
Электроника әлемі
Түрлі қарқындағы музыканы тыңдауға, әннің мазмұнына көңіл бөлу, әнді таза түсінікті, көңілді айтуға, ырғақты жүруге және жүгіруге үйрету. Музыканың түрлі дыбысталуын “ баяу – қатты” ажыратуға, күш түсірмей табиғи дауыспен айтуға, ритм мен тактіні
Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы. С.Бәйтерековтің «Наурыз» әнін үйрену
Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы. С.Бәйтерековтің «Наурыз» әнін үйрену
ШҚО, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы, «Жарбұлақ орта мектебі» КММ - нің музыка пәні мұғалімі Байшойынов Ғазиз Сейілғазыұлы
Музыканың дамуы
Музыканың дамуы
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Тоқмұхамедов Қ. Х атындағы №14 мектептің музыка пәні мұғалімі Ильясова Гулзира Кенесовна
Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы
Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы
«Бегім Ана» балабақшасының музыка жетекшісі Еспенбетова Ақзира Нағыметуллақызы
Музыка және табиғаттың көңіл күйі
Музыка және табиғаттың көңіл күйі
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, «Алға мектеп - бақшасы»ММ музыка пәні мұғалімі Агниязова Жансары Казымовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×