Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дәстүрден тыс шығармашылық музыканы бала бойына дарыту

10 қаңтар 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Музыка
№21 « Алтын кілт» балалар бақшасы
Баяндама
ХIV педагогикалық оқу
Тақырыбы:« Дәстүрден тыс шығармашылық музыканы бала бойына дарыту»
Дайындаған: саз жетекші
Айтжанова Құралай Бекболқызы
Жоспар:
Кіріспе бөлім:
«Ән, ән сен адам жүрегіне не істей аласың?»

Негізгі бөлім:
«Музыкалық тәрбие беру түрлері және оның жолдары»
Практикалық бөлім: «Дәстүрден тыс музыка»
«Тәрбиешінің орны»
Қорытынды бөлім:
«Шығармашылық – екінші рет өмір сүру»
Қолданылған әдебиеттер.

«Ән, ән сен адам жүрегіне не істей аласың?»
Дмитрий Андреевич Фурманов

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «жоғары білім берудің мақсаты – жеке тұлғаның сапалы жоғарғы білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыруға, әрбір адамға оқудың мазмұнын, таңдауға кеңінен мүмкіндік беру» делінген. Осыған орай болашақ маманға, мектеп оқушыларына, балабақша тәрбиеленушілеріне білім беру арқылы рухани - эстетикалық дамудағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді.

Халықтың бай тарихын, мәдени құбылыстарының сан қилы ерекшеліктерін білмей бүгінгі тәрбие жүйесін қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан болашақ мамандарды кәсіби даярлауда мәдени мұраларды пайдалану барынша қажет болып отыр. Себебі, ол болашақ мамандардың рухани дүниесіне белсенді ықпал етіп, олардың эстетикалық талғамы мен адамгершілік, тұлғалық және сапалық қасиеттерінің қалыптасып дамуына игі әсерін тигізеді. Олай болса, бүгінгі білім жүйесіндегі өнердің басты мақсаты - адам баласының барлық іс - әрекетіндегі сергек сезімталдықты, рухани дүниесін тәрбиелеу.

Мемлекетіміздің мәдениет мәселелері мен тарихи өткенін жаңғырту мақсатында 2004 - 2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасының жасалуы мәдени мұралар саласында қалыптасқан жағдайға барынша белсенді түрде әсер етудің қажеттілігімен байланысты қабылданды. Бұл мәселені зерттеудің қажеттілігі мынадай нақты қарама - қайшылықтардан туындады. Біріншіден, қоғамның мәдени мұрасын қайта жаңғыртуына деген қажеттіліктің өсуі, өскелең ұрпақтың бойында өз халқының мәдени және рухани мұрасына деген жағымды қатынасын музыкалық білім, тәрбие және ағарту ісінде қалыптастыруды өзектеумен байланысты. Екіншіден, музыкалық білім беру мен тәрбиені дамытудың аймақтық ерекшеліктерін қарастыру мен байланысты педагогика тарихында жинақталған тәжірибенің жеткілікті дәрежеде зерттелмеуі және ғылыми негізделмеуі арасындағы қарама - қайшылықтар.

Қоғам мұратына сай жан - жақты жарасымды дамыған тұлға тәрбиелеуде барлық өнер түрлері үлкен маңызға ие. Әсіресе, өнер түрлерінің ішінде өскелең жастардың эстетикалық дүниетанымын, соның негізінде музыкалық мәдениетін қалыптастыруда және дамытуда балабақша, мектеп аясында жүргізілетін музыка сабақтарымен қатар, сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны ерекше. Оның мәні мынада: сөз өнері әрбір адамның адамгершілік тұрғыда тәрбиеленуіне, әсемдік әлеміне үйірсек қана болып қоймай, бала бойындағы музыкалық мәдениетінің қалыптасуына және рухани - мәдени деңгейін көтеруге жағдай жасайды.

Музыкалық тәрбие беру дегеніміз - музыкалық қызмет түрлерінің біртұтас жүйе ретінде балалардың рухани дүниесін қалыптастырушы, музыкалық қабілеттері мен эстетикалық талғамын жетілдіруші кешенді, күрделі үрдіс болып табылатыны баршаға мәлім. Оның мақсаты: өскелең ұрпақты тамыры терең ұлттық өнер қазыналарымен сусындату, дүниежүзілік үздік музыка өнерінің шығармаларына баулу, олардың әсемдік эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, оған деген аялы қатынасын тәрбиелеу.

Музыкалық тәрбие берудің тәрбиелік - білімділік міндеттері төмендегідей:
- музыкант емес, бірақ ішкі жан - дүниесі бай, алғыр, сезімтал адамды тәрбиелеу; халық сазына құрметпен қарау, ұлттық салт - дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу, қазақ сазы мен өнерінің өзара байланысын ашып көрсету;
классикалық сазға және дүние жүзінің саз өнеріне жаңылдастыру, белгілі сазгерлердің, орындаушылардың шығармашылығымен таныстыру, олардың жоғарғы көркемдік дәрежедегі озық үлгілеріне сәйкес оқушылардың музыкалық эстетикалық талғамын қалыптастыру;
- музыка тыңдау және орындау барысында оған шығармашылықпен қарауға, тәрбиелеу, қызығушылығы мен қиялын дамыту, өмір құбылыстарымен саздық өзара тығыз байланысын түсіндіру;
- оқушылық және тыңдаушылық біліктілігін дамыту, дұрыс саз талғамын қалыптастыру, сұлулық пен әсемдік дүниесіне өз тарапынан ойлы пайымдауларын білдіруге тәрбиелеу;
- музыка қабілеттерін жан - жақты дамыту және саздық тәрбие беру;
Білім беру саласында балалардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда вокалдық ән салудың да орны ерекше екенін атап өткен жөн. Ән арқылы эстетикалық тәрбие берудің тікелей міндеті музыканың идеялық мазмұнымен анықталады. Тұлғаның мақсатқа бағытталған даму жүйесін құруды талап ететін эстетикалық тәрбие беру музыкасыз, оның адамға көп түрлі әсерін, оның қабылдануы мен тәрбиелік рөлін зерттелусіз мүмкін емес.

Көптеген алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері әншіліктің адам өміріндегі рөлін жоғары бағалап келеді. Н. Г. Чернышевский әншілікті «жоғары» жетілген өнер қатарына жатқыза отырып « Ән айту - сөйлеудің әуелі және елеулі негізі іспеттес» деп ата айта келе, ән тыңдаушыға жарасымды музыка мен сөз арқылы әсер ете отырып, айтушының өзіндік сезімін білдіруге мүмкіндік туғызып қана қоймайды, сонымен қатар өзгелердің де эмоциялық үлгі, түсіну сезімдерін оятады. Оның балалардың қабылдауына айрықша оңай болатыны да осыдан. Адам даусының әсерлі ырғақтары мен бет - бейнесінің тиісті жерде құбылып отыруы бүлдіршіндерді еліртіп әкетеді. Балалар бүлдіршін шағында - ақ әннің мазмұнын толық түсінбесе де де онан әсер ала алады. Ойы мен сөйлеуінің жетілуіне қарай жинақтаған жаңа ұғымдарының толықтырылуына байланысты баланың толғаныстары күрделіленеді, сөйтіп, ән айтуға талаптанғаны сияқты оның айтылуына да ынтасы артады.

Балалабақшада тәрбиеленетін бүлдіршіндерге музыканың алатын орны ерекше. Әр оқу іс – әрекетте түрліше тәжірибелерді қолдана білуі қажет. Дәстүрден тыс әдістерді пайдалану оқу іс – әрекетті одан әрі жандандыра түседі.
Дәстүрден тыс методтарды пайдаланбас бұрын, дәстүрлі жолдарды зерттеп алған жөн. Дәстүрлі оқу іс әрекеті әдетте; әуен тыңдау, ән айту, музыкалық ырғақтық қозғалыс, балалар аспабында ойнау болып табылады. Осындай дәстүрлі әдістерге мынандай дәстүрден тыс әдістерді пайдалануға болады.
Жаңашылдық тұрғысынан білім берудің көптеген мақсаттары табылып отыр. Жаңаша білім берудің шекарасына негізгі білім берумен қатар шығармашылық, жеке және ұжымда жұмыс жасау жатқызылып отыр. Дәстүрден тыс оқыту әдісі – ең маңызды әдіс түрі болып табылып отыр. Ол баланың оқуға деген тұрақты қызығушылығын қалыптастырып, психологиялық, физикалық тұрғысынан шыңдап, білімге деген терең көз қарас қалыптастырады.

Дәстүрден тыс оқыту мұғалімнің бала өмірін әр түрлі өзін өзі тану, жеке шығармашылық, эмоциялық тұрғысынан дамытуына мүмкіндік береді. Мұндай оқу іс – әрекетін өткізу мұғалімнің тәжірибесіне де байланысты. Негізгі методикаға сүйене отырып жаңаша бағыт ашу тәжірибенің арқасы. Ескере кететін жай, дәстүрден тыс әдіспен бүкіл оқыту процессін құру мүмкін емес.
Дәстүрден тыс оқыту - бұл оқытудың жаңаша тұрғысынан ойластырылған система. Бұл система мұғаліммен бала арасындағы өз ара байланыс, мұғалім дирижер, ал балалар – ансамбль. Осындай құрылымның арқасында біреуі «солист» қызметін атқарады, бірде мұғалім, бірде бала.
Тақырып таңдауда кездейсоқтық емес. Жаңашыл заман, жаңа сұрақтар. Қоғам өзгерген соң, оқуға деген, пәнге деген көз - қарас өзгереді. Қоғамда, прессада, теледидарда, кітаптарда әр түрлі оқыту түрлері пайда болды. Бәрінде бір сұрақ, ортақ проблема. Бүгінгі таңда көп адам осы проблеманың шешімін іздеуде.
Педагогты әр қашан бір сұрақ мазалайды, қалайша оқу іс – әрекетімді бәріне қызықты етіп өткізсем екен?!
Өзімнің әр түрлі сұрақтарыма бір жауап таптым. Ол – дәстүрден тыс әдіспен оқыту. Оның негізгі мақсаты тірідей, көзбе көз оқуға деген қызығушылықты дамыту, тәрбиелеу және ойнай отырып жетілдіру.
Дәстүрден тыс оқу іс – әрекетін өткізу үшін дайын материалды пайдаланған жөн және мұндай әдіспен қорытынды оқу іс - әрекетін өткізген ынғайлы. Үнемі дәстүрден тыс әдіспен өткізу нәтижесінде, дәстүрлі әдістің жойылуы әбден мүмкін.

Дәстүрден тыс шығармашылық музыканы бала бойына дарыту. жүктеу
3 547
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге үйрету, тәрбиелеу деген сөз. Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сұлулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау,
Дарынды балалармен жұмыс
Дарынды балалармен жұмыс
“Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы балалардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Сондықтан садигіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан - жақты дамытудың алғы
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің жалпы мәселелері
Оқыту мен тәрбие егіз - деп бекер айтылмаған. Сондықтан біз өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, халқымыздың ұлттық музыкасы арқылы олардың бойына өз елінің жетістіктері мен табыстарына, музыкалық мәдениетіне деген үлкен
Мектепке дейінгі тәрбиешінің музыка сабағындағы ролі
Мектепке дейінгі тәрбиешінің музыка сабағындағы ролі
Шығармашылық жұмыстың өзектілігі: Музыка мектепалды баласының өмірінде педагог әрекетінің белсенді ұйымдастырушылығы арқасында қолданыс табуы тиіс. Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының
Болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін инновациялық технологиялар арқылы дамыту
Болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін инновациялық технологиялар арқылы дамыту
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Алтыбаева Рысты Алтыбаевна
Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі
Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп Технология пәнінің мұғалімі: Джанбаева М.Н
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×