Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай және оның әндері

29 наурыз 2013, Жұма
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Абай және оның әндері
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі, оның қазақ музыка өнерінде алатын орын, әндерінің ерекшелігі туралы музыкалық білім беру
Б) тәрбиелік: Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын, саналы, өнерлі, білімді азаматты тәрбиелеу. Абай әндері арқылы эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру.
В) Дамытушылық: Музыкалық сөз қорларын байыту, музыканы тыңдай және түсіне білу, ән айту қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративті, баяндау, сұрақ - жауып
Көрнекіліктер:
Сабақтың барысы: Оқушылар класқа Абайдың «көзімнің қарасы» әнімен кіреді.
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатынастарын, оқу - құралдарын тексеру)
ІІ. Жаңа сабақ.
А) Қызығушылығын ояту. Абай деген сөзді естігенде, ойларыңа, көз алдарыңа не келеді? Оқушылар ойларын қағазға түсіреді. Ассоциациялық аймақ құрғызамын.

Мағынаны тану: Оқушыларға Абайдың туған жері туралы бейнетаспадан көрсетемін.
Абай Құнанбаев өмірі мен әндері туралы мұғалім түсінігі. (тақтада Абай суреттері кетеді)
Абай Құнанбаев (1845 - 1904) ақын, ағартушы, композитор, аудармашы.

Ол өзі қалдырып кеткен құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен бірге басқа халықтың мәдениетін, өнерін білуге шақырды. Абай композитор ретінде қазақ музыка мәдениетінде үлкен үлес қосқан. Ол өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлаған.

. Әндері «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың»т. б. және де Абай орыс ақындары Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын қазақшаға аударып, оған музыка жазды.

Музыка тыңдау: Абай табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды, адам өміріне арнап жырға қосты. Табиғат, махаббат сырына арналған әні «Желсіз түнде жарық ай». Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні. Бұл әнді 1888 жылы Абай Ақшоқыға қарап тұрып айтқан екен. Ақшоқы Абай жырының бесігі. Бұл өлең 1909 жылы кітапқа басылған.
Жарық айдың сәулесі суға түсіп, дірілдеп тұрған жанды бейнесі, терең сайды қуалап, тасқындап ағып жатқан өзен, қалың ағаштың сыбырласқан жасыл жапырақтары, жер жүзін құлпыртып тұрған көкорай шалғын – табиғаттың сан алуан суреті көз алдыңа келеді, көңіліңе қона кетеді.

Музыка сауаты: Динамикалық белгілер. Әннің шумақтарында кездесетін қатты, ақырын, орташа белгілері болады. Дыбыс күшін азайту немесе күшейту белгісін Динамикалық белгілер деп атайды.(грек тілінде динамикос – күшейту)
Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы, орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту белгілері былай белгіленеді.
p – piano - пиано – ақырын, жай
f - forte – форте - қатты
mf - messo piano – меццопиано - орташа
ff – fortissimo – фортиссимо - өте қатты
pp – pianissimo – пианиссимо - өте жай
- diminuendo – диминуэндо – бірте - бірте жайлата
( желсіз түнде жарық ай нотасын көрсету)
Классикалық музыка деп ең биік көркемдік талапқа сай, терең мазмұнды, уақыт сынынан өткен, музыка өнерінің алтын қорына енген шығарма.
Абай тек орыс әндерін ғана емес, классикалық музыканы да білген. Орыс және Еуропа музыкасы жөнінде түсінігінің кеңеюіне Санкт-Петербургте оқыған баласы Әбдірахманның көп ықпалы тиген.
Абай өз әндерінде табиғат сұлулығын, адамның көңілін әсерлі әуенмен бейнелеп жеткізген. Қазір біз Абайдың табиғатты бейнелейтін «Желсіз түнде жарық ай» әнін үйренеміз.
Бұл ән естіген құлаққа жағымды, өлеңнің тұтастығымен, айқындығымен және әуенімен ерекшеленетін ән. Әуені мен өлеңі екеуі біртұтас көркем бейне жасап, көз алдымызға жарық ай астындағы әдемі тымық түн елестетеді. Әннің әуені жеңіл, лүп еткен лептен құйылғандай сабырлы, бір тегіс, құлаққа жағымды болып келеді.

Сабақты бекіту: Оқушылармен жұмыс.
1. Абай кім? Оның қандай лирикалық өлеңдерін білесіңдер?
2. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін қара сөзбен суретте.
3. Абайдың әндері туралы қандай мәлімет білеміз? ( уақытнамалық кестемен жұмыс)
4. «Ақын болу» ойыны. Абайға арнап өлең шығару.
...................... дана,
...................... ғана.
..................... оқығанды,
.................... пана
Бағалау: Мониторлық бағалау жүйесі.
Оқушының аты - жөні Ән орындау Мәнерлеп жатқа айту Белсенді жұмыс атқарғандар Лездеме сұрақ
36 521
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Абай және оның әндері
Абай және оның әндері
Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын, саналы, өнерлі, білімді азаматты тәрбиелеу. Абай әндері арқылы эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру.
Абай салған сырлы әндер
Абай салған сырлы әндер
Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі, қазақ музыкасындағы алатын орны, әндерінің ерекшелігі туралы білім беруді жалғастыру.
Абайдың музыкалық мұрасы
Абайдың музыкалық мұрасы
«Өнер Колледжі – музыкалық – эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп – интернат» Кешені» КМ Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Л.Н.Мазина
Абай және оның әндері
Абай және оның әндері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Абай әндері
Абай әндері
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, №4 Мәртөк орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Камзина Акмарал Амангельдыкызы
Абай әндері
Абай әндері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясының музыка пәні мұғалімі Қазиева Назгүл Жеңісқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×