Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай әндері

10 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сыныптан тыс жұмыс. Тақырыбы: Абай әндері
Мақсаты: Абай әндерін оқушы санасына сіңірту. Абайдың әндерінің мағынасын ашуға үйрету.
Тәрбиелілігі: Абай әндері арқылы көркем сөз бен тілдің халық шешендігін, тілдің құдіреттілігін ұғынуға, оқушыларды адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеу, әсемдікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекілігі:
1. Абай суреті.
2. Абайдың ән - өлең туралы сөздері.
а) Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
ә) Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
б) Жақсы әнді тыңдасаң ой - көзіңмен
Өмір сәуле көрсетер судай тұнық.
в) Әннің де естісі бар есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
г) Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Оның тәтті оралған мәні оятар.

1. «Абай қазақ өлеңінің құрылысына жаңа формалар енгізді». Г. Шомбалова.
2. «Абай қазақ халқының дәстүрлі музыкалық шығармашылығы негізінде қалыптасты, халық композиторының өнерінен нәр алды». Б. Г. Ерзакович.
3. «Абай әндері өзінің табиғатымен, рухымен, нағыз ұлттық ән үлгісі болды, олар қазақтың халық музыкасы дәстүріне негізделген, орыс әуендері мен романстарының элементтерін енгізу, арқылы ұлттық музыка өнерін байытты, кеңейтті толықтырды». А. Қ. Жұбанов.
Сабақтың барысы: Қызығушылығын ояту. Абай деген сөзді естігенде, ойларыңа, көз алдарыңа не келеді. Ассоциациялық аймақ құрғызамын.

Кіріспе: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдени тарихында ерекше орын алады. Соңында тамаша өлеңдер мен қара сөздер қалдырған Абай тек қана ақын емес, композитор және өз өлеңдерін орындаушы. Бүгінгі кластан тыс жұмысымыз Абайдың бір ғана қыры — әндерінің терең мағынасын ашу арналады.
Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші жартысында көркемдік пен кемелдіктің шыңына өрледі. Абай өмір сүрген осы кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауызша ауыса отырып жетті.
Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, халықтың жүрегінде сақталуға, сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.
Композитор Абай дарынына қанат бітірген, ән нәрімен сусындатқан орта қандай еді? Оның композиторлық өнерінің бұлақ бастауы қайда? Әндерінің сипаты мен тақырыбы қандай? Кезекті оқушыларға берейік.
Абай әндерінің сипаты туралы – Асила. Абайдың ән мұрасы, композиторлық шығармашылығы қазақ музыкасына енген баға жетпес тың жаңалық болып табылады. Академик А. Жұбанов «Замана бұлбұлдары еңбегінде Абай әндерінің әуені, өлшем ырғақ, құрылым – пішіні жағынан өзіне дейінгі бірде – бір халық композиторының шығармашылығына ұқсамай, айрықша дара тұрғандығын ашып көрсетті.
Абайдың композиторлық шығармашылығының қалыптасуы және «Үш ұлы бастау» - Шынболат. Үш бастау. 1. Қазақ халқының жазба әдебиеті. 2. Шығыс елдердегі классик поэзиясы. 3. Батыс Еуропа мәдениеті. Осы үш бастау Абайдың музыкалық шығармашылығының қалыптасуына тікелей әсер етті. Абай өз заманында өнердің дамуына аса ден қойып отырған халық шығармашылығына жай еліктеп қана қоймай, зердесіне тоқып өскен. Абай аулында әрқашан ән - күй үзілмеген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 442
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Эпопеяның негізінде Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе - бет келе отырып, өсу жолдарынан мағлұмат алады.
Абайдың музыкалық мұрасы
Абайдың музыкалық мұрасы
«Өнер Колледжі – музыкалық – эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп – интернат» Кешені» КМ Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Л.Н.Мазина
Абай және оның әндері
Абай және оның әндері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
«Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қартпағамбетова Дәмелі Қойбаққызы
Құлақтан кіріп бойды алар, әсем  ән мен тәтті күй...
Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй...
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Шерубай Нұра негізгі мектебі бастауыш сынып мұғалімі Аманбек Дауренгул
Абай әндері
Абай әндері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясының музыка пәні мұғалімі Қазиева Назгүл Жеңісқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×