Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халық күйі «Кеңес»

29 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың мақсаты: Күй ойнау шеберліктерін арттыру.
І. Күйді ойнау ілімдерін үйрету.
ІІ. Есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
ІІІ. Музыканы түсінуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ – жауап.
Көрнекілік: Үнтаспа, аспаптар, ноталар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: (Сәлемдесу оқушыларды түгендеу)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Халық күйі «Кербез қыз» күйін жеке ойнату қағыс, өлшем, екпінін сұрап сабақты бекіту.
ІІІ. Енді үйренген күйлерімізді ұяшықтағы санды таңдап халық күйлерін орындаймыз. І
ІІІІ. Халық күйлері: «Нәр ағашы», «Тепең көк»
ІV. Жаңа сабақ: Үнтаспадан аспаптардың үнін тыңдау арқылы тақырыпты ашу.
Сөзжұмбақ.

Сұрақтар:
І. Үгмелі аспап.
ІІ. Жеті шекті шертпелі аспап.
ІІІ. Тілмелі аспап.
Ішекті аспап.
Үрмелі аспап.

Аспаптардың үнін шешу арқылы бүгінгі сабағымыздағы тақырыбы Халық күйі «Кеңес».
Халық күйлері ұрпақтан - ұрпаққа жеткенімен, шығарған күйшілердің аты - жөні ұмыт болуынан халық күйі деп аталған. күйшілер домбыраға құдірет бітіріп, неше түрлі дыбыс шығара білген. Халық күйлері халықтың тұрмыс - салт көріністерін адамның тағдырын, жалпы өмірдегі болмысты суреттеп баяндайтын күй. Халық күйлері ғасырдан - ғасырға ұласа беретін тұтас музыкалық тұлға. Музыка өнерінің ең бай саласы – күй өмірі. Ел арасына көп тараған халық күйлерінің бірі «Кеңес» күйіне тоқталайық. Ерте заманда ел ішіндегі елең етер оқиғаларды данагөй қарттарымыз ақылымен, сабырмен кеңесіп шешіп отырған. Алыс жолға жол сілтеп, бата беріп шығарып салатын болған. Осындай көріністі көрген күйші қарттарға риза болып бір күй ойнапты. Бұл күйдің бір сырында жәй екпінде ойналғанына қарап атын «Кеңес» деп қойсақ деген екен. Күйді үнтаспадан тыңдау.

І. Күйдің ойналуын тәсілін түсіндіру.
ІІ. Орташа екпінде орындалады.
ІІІ. Қағысы: П П І П V П
Күйде бармақты іліп ойнау белгісі.
Күйді жәй екпінді санап тактілеп ойнау.

Сабақты бекіту.
І. Үнтаспадан қандай аспаптардың үнін тыңдадық? (үскірік, жетіген, шаңқобыз, шертер, сыбызғы)
ІІ. Күй қандай екпінде орындалады?
ІІІ. Халық күйлері деп қандай күйлерді айтамыз?
Оқушылардың күй ойнау деңгейлеріне қарай бағалау.
Үйе тапсырма: «Кеңес» күйін жәй екпінді өлшемге қарап талдап ойнау.
20 414
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Халық күйімен жұмыс
Халық күйімен жұмыс
Қазақ халқының күй өнері арқылы оқушының бойындағы туған еліне, жеріне деген сезімін ояту арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу, рухани жан дүниесін байыту.
Оркестр
Оркестр
Оркестр - музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы және оны басқаратын дирижер болады. Музыкалық шығармалардың түріне қарай симфониялық оркестр, ішекті аспаптар оркестрі, үрлемелі аспаптар оркестрі, эстрада
Халық күйі «Келіншек» 1-8 тактілер аралығы
Халық күйі «Келіншек» 1-8 тактілер аралығы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ш. Берсиев атындағы орта мектебінің домбыра үйірмесінің жетекшісі Оразғали Жайнагүл Өтемісқызы
Ұлттық музыкалық аспап
Ұлттық музыкалық аспап
«Алтын кілт» балабақшасының саз жетекшісі Тынысбаева Айнаш Ажигалиевна
Халық күйі «Тепең көк»
Халық күйі «Тепең көк»
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің домбыра үйірмесінің мұғалімі Карагизова Рысты Серикбаевна
Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы
Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы
Қазанғап атындағы Саз мектебінің мұғалімі Кемалова Зина Баймырзақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×