Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халық күйімен жұмыс

16 ақпан 2019, Сенбі
Категориясы: Музыка
Тақырып: Халық күйімен жұмыс

Сабақтың мақсаты: Халық күйі туралы түсінік беріп, күйді еркін, шебер ойнай білуін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушыға күйде кездесетін қағыстардың орындалу ерекшеліктерін меңгерту, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ халқының күй өнері арқылы оқушының бойындағы туған еліне, жеріне деген сезімін ояту арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу, рухани жан дүниесін байыту. Күйді орындаумен қатар, шығу тарихын, аңызын білуге, қазақтың күй өнерін қастерлей білуге үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: домбыра аспабы, суреттер, үнтаспа, сканворд, ноталар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.

- Қазақтың күй өнерінің дәстүрлік ерекшеліктеріне, орындалуы жағынан, қағыс түрлеріне қарай төкпе, шертпе күйлер деп бөлінсе, жанр бойынша да бірнеше топқа бөлінеді: халық күйлері, тарихи күйлер, айтыс - тартыс күйлер, арнау күйлер, аңыз күйлер, лирикалық күйлер.
Жаңа сабақ: Халық күйі «Келіншек». Халық күйі ұрпақтан - ұрпаққа жеткенімен, шығарған күйшінің аты - жөні ұмыт болуынан халық күйі деп аталып кеткен. Ел ішінде он саусағынан өнер тамған шебер домбырашылар көп болған. Олар өздерінің орындаушылық өнерімен тыңдаушылар құрметіне бөленіп отырған. Қазақтың халық күйлері орындаушылық әдіс - амалдарға өте бай. Күйшілер домбыраға құдірет бітіріп, неше түрлі дыбыс шығара білген. Халық күйлері халықтың тұрмыс - салт көрінісінен, адамның тағдырынан, жалпы өмірдегі болмысты суреттеп баяндаған күй. Халық күйлері ғасырдан - ғасырға ұласа беретін тұтас музыкалық тұлға. Музыка өнерінің ең бай саласы – күй өмірі.

Ел арасында тараған халық күйлері: «Қоңыр», «Боз жорға», «Кеңес», «Кербез қыз», «Тепең көк», «Айжан қыз», «Айда, былпым» т. б. Халық күйлерінің бірі «Келіншек» күйіне тоқталайық. Келіншек – жас әйел. Келіншек сөзі келін сияқты туыстық атауды білдірмейді. Ауылға жаңа түскен келінді ауыл адамдары келіншек деп атайды. Келіншектің бойындағы инабаттылық, сыпайылық, ілтипаттылықты байқаған күйші оның талдырмаш, аққұба, шашы белінен оралған, сұлу бота көз аруды бейнелейді.

Жаңа сабаққа байланысты алдымен жаттығу ретінде Г. Беренстің этюдін ойнап аламыз.
Дамыту: Халық күйі «Келіншек» күйін үнтаспадан тыңдату. Күйдің өлшемімен, екпінімен, кілттік белгісі болса, қағысымен танысып аламыз. Күйді санап тактілеп талдап, жеке – жеке ойнатамын. Оқушының қабілетіне қарай 24 такт үйрету.

Сабақты бекіту.
Күй орындалу мәнеріне қарай неше топқа бөлінеді?
Жанр бойынша қандай түрлерге бөлінеді?
Халық күйі дегеніміз?
Халық күйімен жұмыс жүктеу
4 277
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күй және симфония
Күй және симфония
Күй дәстүрінің өміршеңдігі мен Қазақстандағы симфониялық өнердің дамуы жайлы әңгімелеу. Балаларға домбырада ән - күй орындаудағы шеберліктерін, әдіс - тәсілдерін шыңдау.
Тартыс күйлер
Тартыс күйлер
Қазақ халқының күйшілік өнеріне, күй жанрларына, оның ішінде тартыс күйлерге ерекше тоқталып өтіп, толық түсінік беру. Жаңа сабақты талдау арқылы, оқушының күйшілік өнерін жетілдіру
Халық күйі «Келіншек» 1-8 тактілер аралығы
Халық күйі «Келіншек» 1-8 тактілер аралығы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ш. Берсиев атындағы орта мектебінің домбыра үйірмесінің жетекшісі Оразғали Жайнагүл Өтемісқызы
Күй құдіреті
Күй құдіреті
Қарауылкелді орта мектебінің музыка пәні мұғалімі: Жазымова Задаш
Арнау күйімен жұмыс
Арнау күйімен жұмыс
Қазанғап атындағы Саз мектебінің мұғалімі Кемалова Зина Баймырзақызы
Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы
Күй тартудағы оқушының алғашқы қадамы
Қазанғап атындағы Саз мектебінің мұғалімі Кемалова Зина Баймырзақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×