Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қозғау белгілері

06 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Қозғау белгілері
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: қозғау белгілерінің маңызы мен атқаратын міндетін меңгерту, музыкалық сауаттылығын артыру;
ә) Тәрбиелік: әнге деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық тәрбие беру;
б) Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен ізденуі арқылы әрбір тоналдылықта жазылған ладты анықтау.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі: зерттеу сабағы
Сабақтың әдістері: түсіндіру, салыстыру, көрнекілік арқылы және т. б.
Көрнекілігі: плакат, аккордеон, баян, кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: математика, қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
• Сабақ мақсаты түсіндіріледі.
ІІ. Үй тапсырмасы. Ой толғау, шақыру бағыты
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.(зерттеу бойынша)
Кез - келген әуенде негізгі дыбыс болады. Ол дыбыстарды басқа дыбыстармен ара қатынасы музыкалық жүйе деп аталады. Негізгі дыбыс әр тактідегі - --- үлеспен басталып, музыкалық ойдың мағынасын білдіріп тұрса, ол негізгі топ деп аталады. Негізгі топ әуеннің басы мен аяғында анық байқалады. Ол негізгі топта құрылған дыбыс қатарын лад деп атайды.
Музыкалық ладтың екі түрі бар. Олар мажор және минор деп аталады. мажор латынша қатаң деген ұғымды білдіреді. Мажор тоналділігінде жазылған музыкалық шығарма, ән - күй жарқын, ашық үнде естіледі. Бір дыбыстан аттас екінші дыбысқа дейін биіктіктеріне қарай ереже бойынша тізбектеніп құрылған дыбыс ретін гамма деп атайды.
Енді мажордың құрылуын гаммалар арқылы талдап көрейік. Мысалы: до нотасынан құрылған до мажор гаммасын алайық:

Сөйтіп, до мажор гаммасы тон, тон, жарты тон, тон, тон, тон, жарты тон ережесі бойынша құрылуы шарт. Бұл ереже басқа мажорлық гаммаларға сай келмейді. Ол үшін мажорлық гаммаларды қозғау белгілерін қолдана отырып, түрлі ноталардан құрауға болады.
Қозғау белгілері:
Музыкалық дыбыстарды жарты тон жоғарылату немесе төмендету үшін арнайы белгілер қолданылады. Оларды қозғау белгілері деп атайды. Қозғау белгілеріне мыналар жатады:
1) диез (ол дыбысты жарты тон жоғарылатады);
2) бемоль (ол дыбысты жарты тон төмендетеді);
3) бекар (ол диез бен бемоль белгілерінің күшін жояды).
Мысалы,

Жоғарылату, төмендету белгілерін қайта - қайта қайталамас үшін ол белгілерді әрқашан кілттің оң жағында, жол басында және екінші октаваға жазады.

Нота ішінде бұл белгілердің күшін жоятын белгі де бар. Ол – бекар белгісі. Бұл белгі нотаның қасына жазылады. Осы тәртіп бойынша ре нотасынан басталған мажорлық дыбыс ноталар тізбегі былай тізіледі.

Ре мажорда до дыбысы мен фа дыбысы жарты тон жоғарылатылады. Бұл дыбыс қатарларында кездесетін қозғау белгісі (диез) әрқашанда кілттің оң жағында жол басында жазылады.
Ал фа мажор дыбыс қатарында ІІІ және ІV басқыш әрқашан жарты тон болып келетіндіктен, ІV басқыш жарты тон төмендетіледі. Ол осы бемоль фа мажор дыбыс қатары былай тізіледі:

Осылай кез - келген тоналдылықта қозғау белгілерін пайдалана отырып, кез - келген нотада мажорлық және минорлық дыбыс қатарын құруға болады. Сонымен, қозғау белгілерін дыбыстарды жарты тон жоғарылату және төмендету үшін әрбір тоналдылықта дыбыс қатарын құру үшін, яғни музыкалық жүйе жасау үшін пайдаланамыз.

ІV. Бекіту бөлімі. С. Қалиевтың сөзіне жазылған Ә. Бейсеуовтың әні
«Біз шадыман баламыз» әнін үйрену, қай тоналдылықта жазылғанын анықтау.

V. Қорытынды. Венн диаграммасы
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: «Біз шадымен баламыз» әнін үйрену, мәтін бойынша сурет салу, си мажор гаммасын құру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 029
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс. Дыбыс сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс толқындарын, оның негізгі сипаттамаларын, акустикалық резонанс, жаңғырық, ультрадыбыс тақырыптарын мысалдар арқылы түсіндіріп, білімдерін қалыптастыру.
Табиғатпен үндескен сыбызғы
Табиғатпен үндескен сыбызғы
Аспаптардың тарихымен таныстыру арқылы музыкалық сауаттылығын арттыру, ауызша сипаттама жасауға дағды қалыптастыру.
Негізгі доминантсептаккорд (D7). Құрылысы және шешімі
Негізгі доминантсептаккорд (D7). Құрылысы және шешімі
Ладтағы және ладтан тыс Доминантсептаккордты анықтап, құрып білуге баулу, арнаулы музыкалық дағдыларын дамыту, дүниетанымын кеңейту
Ладтың басқа түрлері
Ладтың басқа түрлері
«Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі. Туякалиева Сауле Биболатовна
Музыкалық дыбыстар
Музыкалық дыбыстар
ШҚО, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылы Васильковка негізгі мектебінің музыка пәні мұғалімі Абильмажинов Нариман Талгатович
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Зырян қаласының № 9 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Серғазина Ақерке Алтайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×