Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Музыкалық дыбыстар

06 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Музыка
4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Музыкалық дыбыстар
Сабақтың мақсаты:
1. дыбыстың шулы, музыкалық болып бөлінуін түсіндіру;
2. музыкалық дыбысты орындауға үйрету;
3. ән айту ережесін сақтап, хормен ән айту ерекшеліктерін түсіндіріп үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдер: вокалдық жаттығулар
Көрнекілік:

Ұйымдастыру
Сәлемдесу (аспаппен)
- Сәлеметпе балалар!
Оқушылар: Сәлеметсіз бе!

Үй тапсырмасын сұрау
- Балалар біз өткен сабағымызды еске түсіріп қайталап жіберейік. Ол үшін
сұрақтарға жауап берейік.
1. Балалар, қазақ тілінде әріптер болады, математика әлемінде сандар болады, ал музыка тілінде нелер болады? (ноталар)
2. Музыка әлемінде қандай ноталар болады екен? (до - ре - ми - фа - соль - ля - си - до)
3. Жеті нотаны қол қимылы арқылы барлығымыз бірге көрсетейік.
4. Дыбыстар қандай түрлерге бөлінеді? (шулы, музыкалық)

Жаңа сабақ
Музыкалық дыбыс – музыкалық жүйеде нақтылы орны бар, тұрақты биіктіктегі дыбыс. Музыкалық дыбыс музыка мәдениетінің көпғасырлық даму барысында (шу дыбыстардан бөлек) айқындалып, белгілі бір жүйелі қалыпқа түсіріліп, музыкалық ойды, образды бейнелеуде қолданылатын көркемдік құбылыс. Олардың дыбыс биіктігі, естілу күші, тембрі, ұзақтығы айқын. Музыкалық дыбыстағы негізгі тонның жоғарылығы субконтроктавадағы до - дан 5 - октовадағы до – ре-ге дейін болады (16 – 4000/1500 гц). Бір октавада бір - бірінен жарты тон айырмашылығы бар 12 дыбыс қолданылады. Мысалы: күй, әуен. Мектебіміздегі музыкалық дыбыстар шығаратын құрылғылар бар, олар қайсысы? (ямаха, колонка, компьютер)

Шулы дыбыстар – көбінесе табиғатта кездеседі, мысалы: жел, найзағай, боран, жауын, ұшақтың ұшуы, машинаның сигналы. Сонымен қатар шулы дыбысты өзіміз шығара аламыз. Соның дәлелі ретінде шулы дыбыс шығарып көрейік. Қанекей, орнымыздан тұрайық: 4 рет аяғымызды еденге соғып, алақанымызбен 4 рет шапалақтайық. Біздің мектепте шулы дыбыс шығаратын құрал бар. Сіздер білесіздер ме? (қоңырау).
- Дұрыс балалар, енді қазір «Дыбыстар» ойынын ойнайық, ол үшін үнтаспаға назар аударайық. Тыңдап, қай дыбыстың шулы, қай дыбыстың музыкалық екенін анықтаңдар. Сіздерге ноталар беріп қояйын, әр жауаптарыңызды, тақтаға ілесіздер. (үнтаспадан дыбыстар қойылады: жел, найзағай, боран, жауын, ұшақтың ұшуы, машинаның сигналы, күй, әуен)

Нота сауаттылығы
Балалар, ноталардың айтылуын, қимылын білдік, енді ноталарды нота жақтауына орналастырып үйренейік.

- скрипка кілті немесе соль кілті
Нота жақтауы
Біз бүгін нота жақтауына 3 нотаның орналасуын өтеміз, олар до - ре - ми.
Шығармашылық тапсырма
Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйін орындап беремін, сіздер күйді естігенде не елестеткендеріңізді суретке түсіресіздер. Қорғайды.
Дауыс қыздыру жаттығулары
А - а - а, ң - ң - ң, т. б.
Саз сауаты
«Ақ мамам» әнін тыңдату, әнді жаттату.
Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсақ шаттанған,
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам

Түнде сергіп жатпаған,
Күндіз тыным таппаған.
Бізсіз тамақ татпаған
Айналайын ақ мамам

Әр сөзіңді жаттағам
Жүрегімді сақтаған

Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам

Қорытындылау
Музыкалық дыбысты қабылдау машықтарын анықтау.
● «Ауа райы» бағдарламасының дыбысы
● «Жаңалықтар» бағдарламасының дыбысы
● «Жарнаманың» дауысы

Үй тапсырмасы «Ақ мама» әнін жаттау
Бағалау
37 564
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзіңді таны
Өзіңді таны
Осы сабақты меңгертуге қол жеткізетін оқыту мақсаттары 1. 1. 1. 1 Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл - күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау 1. 1. 2. 1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау
Көңілді дыбыстар
Көңілді дыбыстар
Музыка әлемінде көңілді дыбыстар көп кездеседі. Көңілді дыбыстар бізге шаттыққа толы көңіл күй сыйлайды. Көңілді әуен тыңдағанда көтеріңкі көңілде боламыз. Шалқып ән салып, би билегіміз келеді. Музыкалық дыбыстарға – ән, әуен, музыкалық аспаптардың
Би музыкасы
Би музыкасы
Би музыкаларының мінездемелері мен тарихы жайлы сараптама жасайды.
Көңілді ноталар
Көңілді ноталар
Музыкалық ойындар арқылы балалардың денсаулығын, шығармашылығын нығайту. Музыканы мұқият тыңдай отырып ести білуге, ырғақтарды айыра білуге үйрету. Музыкаға әсерлену, дыбыс жоғарылығын ажырату қабілетін дамыту.
Музыкалық шығармалардың мазмұнын талдау білу
Музыкалық шығармалардың мазмұнын талдау білу
Табиғаттың әсем көріністерін музыка тілімен де айтып түсіндіруге, суреттеуге, бейнелеуге болатыны туралы мағлұмат береміз. Сөзгер, композиторлар табиғаттың сұлулығын, көркемдігін музыкаға әндерге, күйлерге көшірген. Сондықтан балалар музыка
Халық музыкасы және опера
Халық музыкасы және опера
Ақтөбе қаласы, №32 Жалпы орта мектеп - гимназиясы Музыка пәнінің мұғалімі Қазиева Назгүл Жеңісқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×